Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Халыққа қызмет көрсету орталығы ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ



Әуезов ауданының ХҚКО туралы ақпарат


Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!

2011 жылдың 28 мамырынан бастап,  Әуезов ауданының тұрғындары үшін Халыққа қызмет көрсету орталығы Жандосов көшесі, 51 (Алтынсарин даңғылының қиылысы) жаңа мекен жайы бойынша өз жұмысын бастады.
 
Орталықтың жұмыс кестесі: дүйсенбі – сенбі, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.
Жаңа ғимаратта құжаттарды қабылдау бойынша 62 терезе көзделген, 14 терезе – дайын құжаттарды беруге арналған. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну саны – 53-ке дейін өсті.
 
Қазіргі уақытта тіркеу, тұрғылықты жерінен тіркеуден шығу және азаматтарды тіркеу кітаптарын рәсімдеу мәселесі бойынша құжаттарды қабылдау жексенбі күнінен басқа, күнделікті, сағат 9-00-ден сағат 18-00-ге дейін   жүргізіледі. Орындау мерзімі – 1 жұмыс күні. 
 
Азаматтарды құжаттандыру (құжаттарды айырбастауға қабылдау, жаңа жеке куәліктерді, паспорттарды дайындау, жоғалған құжаттарды рәсімдеу) сенбіден басқа барлық күндері сағат 9.00-ден сағат 18.00-ға дейін жүргізіледі.
 
Орталықта Электронды үкімет бұрышы құрылды, ол жерде қызметкерлерді де, азаматтарды да оқыту және ынта білдірушілерге Электронды цифрлық қол қою (ЭЦҚ) беру жоспарлануда. Қазіргі уақытта ЭЦҚ алуға ынта білдірушілердің тізімін жазу жүргізілуде.
 
www.e.gov.kz бойынша ақпараттық баннерлер орнатылған, залдағы мониторларда www.e.gov.kzбойынша ақпараттық роликтер көрсетіліп отырады.
 
Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында кедергісіз қызмет көрсету ұстанымы бойынша Орталықтың залында қайта құру көзделіп отыр.
 
№ 33 нысанды алған соң, әскери міндеттілер (бұл нысанға тіркеуге рұқсат ету туралы мөртабан қойылады) әскери есепке қою үшін Әуезов аудандық Қорғаныс ісі жөніндегі басқармаға жіберіледі. Одан кейін, аталған тұлғалар санаты құжаттарды ХҚКО-ға тапсырады және бір жұмыс күні өткен соң, тіркеу туралы белгісі бар Азаматтарды тіркеу кітабын алады.
 
Жаңа жеке куәлікті алған соң, азамат міндетті түрде қайта тіркелу рәсімінен өтуге тиіс, яғни Азаматтарды тіркеу кітабына және АИС-халық базасына азаматтың жаңа жеке куәлігінің деректері енгізіледі.
 
Халықты құжаттандыру үшін фотоаппараттар саны 4 бірлікке дейін арттырылды, кейіннен олардың санын 10 бірлікке дейін көбейту болжануда.
 
Барлық қалған көрсетілетін қызметтер бойынша азаматтарды қабылдау күнделікті, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін жүргізіледі.
 
Орталық басшылығының азаматтарды қабылдауы күнделікті, сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейін, үзіліссіз, сенбі күні – сағат 9.00-ден сағат 13.00-ге дейін жүргізіледі.

Демалыс күні   жексенбі