Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы заңының орындалуы туралы ақпарат


Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы заңының орындалуы туралы ақпарат

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметімен 14.04.2015 ж. № 234 қауласымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар қолдануда.

Аудан әкімі қызметінің басым бағыттарының бірі тек қана аудан әкімі аппаратында жемқорлыққа қарсы күрес қана емес, сонымен бірге жемқорлық құқық бұзушылықтарды туғызатын жағдайлар мен себептерді жою және ескерту, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейін көтеру, мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау, жүзеге асып жатқан іс-шаралардың ашықтығы және жариялылығы.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 02.07.1998ж. Қазақстан Республикасының заңының 9-бабына сәйкес, аудан әкімі аппаратының 2016 жылға арналған жалпы құқықтық оқыту жоспарының орындау мақсатында ағымдағы жылдың басында аудан әкімі аппаратындағы барлық аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен олардың жұбайларына 2015 жылға арналған кірістері туралы декларация тапсыру ұйымдастырылып, уақытылы Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында жолданды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылытардың және қылмыстардың алдын алу аясында аудан прокуратурасымен, «Нұр Отан» партиясы ӘАФ бірлесіп семинарлар мен кездесулер өткізіледі. Аудан әкімі аппараты «Нұр Отан» партиясының ӘАФ жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қоғамдық кеңесімен (әрі қарай СЖКҚ) бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша  насихаттау материалдары дайындалды. Сонымен, аудан тұрғындары мен мемлекеттік ұйымдар арасында 2000 аса мемлекеттік және орыс тілінде күнтізбелік «Жемқорлық ежелгі құбылыс - бірақ жеңуге болады», «Коррупция древнее явление - но победима», 1000 аса жадынама «Пара алма және берме!», «Не бери! Не давай!».

Аудан тұрғындары тарапынан сенімді нығайту үшін аппарат қызметінің ашықтығын көтеру, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану және лауазымды тұлғамен Ар-намыс кодексін, азаматтардың құқығын, жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы уақытылы хабарлау үшін және шұғыл түрде шара қолдану мақсатында аудан әкімінің интернет-ресурсында көрсетілген «сенім телефоны - 3034274» қызметі ұйымдастырылған.

Қосымша аудан әкімі аппараты ғимаратының кіре берісіне жемқорлық фактілеріне, лауазымын асыра пайдалану көріністеріне қатысты өтініштерді қабылдау үшін жәшік қойылған. Жәшіктегі хаттарды алу әкім аппараты қызметкерлеріне қатысты өтініштің түсуіне қарай алынады. 2016 жылдың ағымдағы кезеңінде аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің іс-әрекетімен байланысты, сыбайлас жемқорлық бұзушылық туралы заңының бұзылуына жөнінде өтініш келіп түспеді.

Аудан әкімі аппаратының ғимаратына мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің мәтіні орналастырылды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің тәртіптік кеңесінің «сенім телефоны» көрсетілген.

Аудан әкімі және әкім орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысымен азаматтарды қабылдау үшін арнайы күн мен сағат белгіленген, қабылдау кестесі жалпыға қол жетімді жерге орналастырылған және аудан әкімінің интернет-ресурсына орналастырылған. Сонымен қатар, аудан қызметтері туралы, оның ішінде құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының телефондары мен орналасқан мекенжайы туралы ақпарат орналастырылған.

Ғимараттың кіре берісінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Біздің міндет - халыққа қызмет» бірыңғай байланыс орталығының 1494 (қоңырау тегін) телефоны көрсетілген. Баршаға қол жетімді орында жүргізіліп отырған мемлекеттік сатып алулар тауарлар, қызметтер, жұмыстар туралы ақпаратпен қабырғаға ілінген. Сонымен бірге, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жарияланған конкурстар туралы ақпарат қабырғаға ілінген.

Аудан әкімі аппаратында азаматтардың өтініштері бойынша қабылдау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» 12.01.2007 жылғы заңына сәйкес жүргізіледі. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібін реттейтін жоғарыда аталған заңның орындау тәртібін сақтау мәселелері аудан әкімінің аппараттық мәжілісте жүйелі түрде қарастырылып отырады. Аталған бағыт бойынша жұмыстың жай-күйіне талдау жүргізіліп, өтініштердің уақытылы және сапалы орындалуы үшін, өтініштердің заңмен белгіленген мерзімді бұзылмай орындалуына шара қолданылады. Сонымен, бүгінгі күнге дейін жеке тұлғалардан 1110 өтініш келіп түсті және қарастырылды, 465 өтініш заңды тұлғалардан.

Аудан әкімі аппаратында құқықтық тәрбиелеу, жемқорлықпен күресті нығайту шараларын зерделеу және талқылау бойынша, қызметкерлердің және аудандық қызметтермен бөлімшелердің қызметіндегі тәртіпті күшейту жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Тұрақты түрде мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін, жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау қажеттігі туралы түсіндірме жүргізіледі.

2016 жылдың ағымдағы кезеңінде «құқықтық оқыту» аясында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі,

Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарастыру тәртібі туралы» және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалары талаптарын сақтау бойынша 4 семинар өткізілді.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Әуезов ауданы ішкі істер басқармасының шұғыл қызметінің мәселесі бойынша кеңейтілген мәжілісте Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамаларын полиция қызметкерлерінің мүлтіксіз сақтау қажеттігіне атап өтілді.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2012-2025 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, аудандық қызметтер мен бөлімше басшыларының, «Нұр Отан» партиясының және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі бойынша семинар-мәжіліс өткізілді.

Әуезов ауданы әкімі аппараты қызметінде заңдылықтың сақталуы және ашықтығы жемқорлық құқық бұзушылықтың болмауының кепілі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын сақтау бойынша және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар тұрақты бақылауда. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Әкім А. Рақымбетов