Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



«Алматы қаласының Әуезов аудандық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-ң сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыс туралы мәліметі


«Алматы қаласының Әуезов аудандық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-ң

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған

жұмыс туралы мәліметі 

«Алматы қаласының Әуезов аудандық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-ң (әрі қарай - Орталық)  ҚР-ң «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заңын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырушылық және практикалық шаралар жүргізеді.

Орталықтың бірден бір қызметі, сыбайлас жемқорлықпен күрес қана емес, сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу шаралары болып табылады.    

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, бөлім меңгерушілері, кеңесшілері мен әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың түсінігі мен «Нұр-Отан партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бағдарламасын» оқыту мақсатында домалақ үстелдер ұйымдастырылды, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланбаған. Домалақ үстелдің қортыныдысымен қатысушылардың бір қатар көзқарастары тыңдалып, сыбайлас жемқорлық туралы ескертпе кітапшаларды шығару туралы ұсыныстар жасалынды.

Орталық директоры және орынбасарының азаматтарды жекеқабылдауға арналған арнайы сағаттары бөлінді. Орталыққа жазбаша және ауызша түрде жасалынған азаматтардың арыздарын қарау Қазақстан Республикасының № 221, 12.01.2007ж.«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Заңына сәйкес жүргізіледі. Қолданыстағы заңдарды атқару тәртібі туралы мәселелер Орталық әкімшілігмен бірге арнаулы жиналыстарында қарастырылады. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің осы бағытта жұмысына да анализ беріліп, ата-аналары мен қызмет алушылардың өздерінің және басқа да азаматтардың жеке өтініштерін уақтылы қарау тәртібі, яғни өтінішті қарауға қажетті уақытты бұзуды жүзеге асырмау шаралары қолданады.

Ағымдағы жылдың 11 айы бойынша, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заңын атқару барысы бойынша, қызметкерлердің жұмысына сәйкес, басқа азаматтардың атынан ауызша және жазбаша түрде ешқандай өтініштер түскен жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңын сақтау үнемі бақылауға алынып тұрады.

Демеушілік және қайырымдылық көмекті дұрыс әрі тиімді бөлуге және таратуға арнайы бекітілген комиссия мүшелері ағымдағы жылға есептерін өткізді.

Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының бастауымен барлық әлеуметтік-медициналық мекемелердің басшыларымен бірге әр апта сайын мәжіліс отырыстары жүргізіледі, отырыста бюджет қаражатын толықтай жүзеге асыру және мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу тәртібін Заңға сәйкес жүргізілетіні бақылауға алынады.

Орталықтың барлық бөлімшелерінің мәжіліс отырыстарында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жаңа ғаламдық нақтылықта: бой алу, реформалар, даму» атты Жолауын ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстары жүргізілді, 2015-2016 жылдардың желтоқсан, қаңтар айларына Жолдау бойынша өткізілетін іс шаралар жоспары құрылды.