Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Талдамалы анықтама


Әуезов ауданы әкімі аппаратының бөлімдері  қызметіндегі сыбайлас жемкорлық тәуекелдерiне 2016 жылда iшкi талдау жүргiзу туралы

Талдамалы анықтама

 

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің  2016 жылғы  01 шілдедегі № 14-ө  «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемкорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу туралы» өкімінің негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізілді:

1. Мемлекеттік-құқықтық бөлімі 2016 ж. бөліммен келісілген нормативтік құқықтық актілері мен құқықтық актілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мәселесі бойынша. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ақпарат көзі -  Әуезов ауданы әкімінің нормативтік құқықтық актілері мен құқықтық актілері болы табылады.

Талдау нәтижесі анықтағандай,   мемлекеттік құқықтық бөлімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына,  Алматы қаласы әкімінің және Әуезов ауданы әкімінің актілеріне сәйкес қызмет атқаратын        3 бірлікті құрайтын қызметкерлер  санынан тұрады. Бөлім басшасымен аудан әкімі қабылдайтын нормативтік құқықтық актілері мен құқықтық актілеріне келісу жүргізілді.

2016 жылда барлығы 508  актілер келісілді және қабылданды, оның ішінде: - 1 нормативтік құқықтық акт - Әуезов ауданы әкімінің 12.02.2016ж. «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы» № 01 шешімі. Аталған шешіммен «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесін бекіту туралы»  27.05.2015ж. № 01-05/3 шешімі (нормативтік құқықтық акт) күшін жойды.

         - 507 құқықтық акт, оның ішінде:

         - 6 шешім қамқоршылық тағайындау туралы шешімді жою;

         - 204 өкім өндірістік сипаттағы (кәмелет жасқа толмағандарға және әрекетке қабілетсіздерге қамқоршылық тағайындау туралы,  өкімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бұрын қабылданған өкімдерді жою туралы, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алулар жоспарына өзгерістер енгізу туралы, бюджеттік бағдарламаларды бекіту туралы, спорттық разрядтарды беру туралы және т.б.);

         - 117 өкім мемлекеттік қызметкерлердің жеке құрамы бойынша;

         - 148 өкім әлеуметтік қызметкерлер мен техникалық персоналдардың жеке құрамы туралы;

         - 32 өкім аудан әкімі аппаратының негізгі қызметінің мәселесі  бойынша.

Аппарат қызметін байланысты, Әуезов ауданы әкімнің актілеріне талдау жүргізу нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарды туғызатын нормалар анықталмады сондай-ақ, жеке және заңды тұлғаларды өз құқығы мен заңды мүддесін жүзеге асыру кезінде кедергі туғызатын ережелер анықталмады.

Нормативтік құқытық актілер мен құқықтық актілерді өз бетінше түсінуге мүмкіндік  туғызатын құқықтық ауытқулар анықталған жоқ.

         Қауіп анықталған жоқ.

 

2. Көріктендіру бөлімінің 008,009,011 бағдарламаларын (елді-мекендерді жарықтандыру, ауданды көріктендіру және санитарлық тазалау) жүзеге асыру барысында анықталатын бұзушылықтарды анықтау бойынша. Көріктендіру бөлімінің штаттық бірлігі бөлім  басшысынан және үш бас маманынан құралған.

         Бөлім басшысы ай сайын жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алулар жеңімпаз-тасымалдаушылардың орындаған жұмыстарын қабылдау актісіне қол қояды.  

         Көріктендіру бөлімі бас мамандары тарапынан сыртқы жарықтандыру жүйелерін баптау, ауданды көріктендіру және санитарлық тазалау, жасыл желектерді баптау және көгалдандыру жұмыстарын атқаратын мердігер ұйымдардың жұмыстарын үйлестіреді, сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардан  келіп түскен өтініштерді қарайды.

         Қауіп: бөлім маманы мен мердігер ұйымның тікелей қатынасы.

         Ұсыныс: Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын мүлтіксіз сақтау.

 

 

3. Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің    

2016 жылда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және уақытылы қарастырылуы сипаты бойынша. 

2016 жылы Әуезов ауданы әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан  - 520, жеке тұлғалардан - 1526 өтініш келіп түсті, олардың сұрақтар бойынша сипаттамалары:

мемелекеттік басқару қызметі

23

діни қоғамдық бірлестіктер

28

жылжымайтын мүлік

34

жер ресурстары

45

еңбек және халықты  жұмыспен қамту

206

әлеуметтік қамтамасыз ету,  қызмет көрсету

334

құқық тәртібі

38

сауда   және  қызмет көрсету

45

білім беру

50

денсаулық

2

тұрғын үй қатынастары,  коммуналды шаруашылық

686

көріктендіру

209

сайлау

1

мүлікті жария  ету

баскалары

85

462

          Барлығы

       2046

Жеке және заңды тұлғалардан түскен барлық өтініштің саны – 2046, олардың ішінде: оң шешілгені – 437 (әлеуметтік қамтамасыз ету, қамқоршылық, мүлікті жария ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқалары) , түсіндірілгені – 1591, қаралып жатыр -18, бас тартылғаны – жоқ.

Есепті мерзім ішінде белгіленген уақытында құжаттарды орындамауға қатысты бұзушылықтар анықталған жоқ; мемлекеттік қызметін өткеруімен сыйыспайтын әрекеттері үшін жауапкершілікке тарту фактілері тіркелген жоқ.

Аудандық қызмет басшыларының қатысуымен өтетін аудан әкімі аппаратының апталық жоспарлама мәжілістерінде қатысушылардың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын қатаң сақтауына назар аударылып отырады.  

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бекітілген жоспарына сәйкес, жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуы туралы жалпы құқықтық оқытулар өткізіледі.

Қауіп: Өтініш беруші мен бөлім қызметкерінің тікелей қатынасы.

Ұсыныс: Өтініш беруші мен бөлім қызметкерінің қатынасын азайту. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы жемқорлыққа қарсы заңын мүлтіксіз сақтау.

 

1.     Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қызметкерлердің мүдделер қақтығысына, кадрлардың ауысу себептеріне, жұмыстан шығуына (қызметін төмендету) және тағы басқа да салдардың болуы.

2016 жылдың 12 айлықтағы  персоналды басқару қызметімен (кадр қызметі)  келесі жұмыстар атқарылды:

Аудан әкімі аппаратының бекітілген 2016 жылға штат кестесіне сәйкес қызметкерлер саны 41, нақты жұмыс істеп отырғандары – 40.

Мемлекеттік бос әкімшілік лауазымдарына 14 конкурстар өткізілді, оның ішінде: орналасты - 14, бос орын - 1.   

2016 жылдан бастап  босатылғаны – 13 қызметкер, оның ішінде:

 Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы ҰҚКД арнайы тексеруінің нәтижелері бойынша  теріс себептерімен -1 қызметкер;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

қайтыс болуына байланысты -1 қызметкер;

отбасына байланысты - 1

10 - қызметкерлер басқа мемлекеттік органдарда жұмыс істейді.

Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар - 7. 

        Қазақстан Республикасы Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында  оқудан өтті, оның ішінде:  қайта даярлаудан – 3, біліктілігін арттырудан – 9.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының семинарына 4 - қызметкер қатысты.

Алматы қаласы бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасылармен әскериқызметкерлердің Т-2 нысанын сәйкестендіру тұрақты бақылауда.  

Әуезов ауданының зейнеткерлік жасқа толған, мүгедектер мен қарттарға үйінде қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік жұмысшылармен қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жеке істерін қалыптастыру және үйлестіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады. 

Аппарат әкімдігінің қызметкерлерінің кірістері және мүліктері туралы декларациялары тапсырылды, сонымен қатар, қызметкерді жұмысқа қабылдау шешімін шығарғанға дейін персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) кірістері және мүліктері туралы декларациялары тапсырылды.

Талдау нәтижелері бойынша, кадрларды іріктеу және орналастыруға заң шеңберінде назар аударылып отырады. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қабылдау конкурс арқылы және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік таласпарына сәйкес жүзеге асырылады. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу конкурсының қорытындысы бойынша қызметшілерді қабылдау Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің Алматы қаласы бойынша департаментінің арнайы тексеруінен, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі  Комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасынан сұраулар ресімделгеннен кейін жүзеге асырылады.

Есептік мерзім ішінде мемлекеттік қызметкерлердің әрекетіне қатысты шағым түскен жоқ.

Қауіп: мемлекеттік қызметкерлер мен олардың зайыптарының (ерлерінің) кірістері және мүліктері туралы декларацияларындағы мәліметтердің толық тапсырылмауы, қызметшілердің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қабылдаған шектеулерін бұзуы және т.б.

Ұсыныс: уәкілетті органдардың, Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті  өкілдерінің қатысуымен семинар-жаиналыс өткізу; конкурстық комиссия жұмысына сарапшылар мен бақылаушылардың қатысуы; Тәлімгерлердің жұмысын жақсарту, Әдеп кодексін және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау.

 

5. АХАТ бөлімі  Стандартпен қарастырылмаған құжаттарды талап ету, қызметт көрсету мерзімдерін бұзылуы фактілерін, мемлекеттік қызмет көрсетуде негізсіз (дәлелсіз) бас тарту фактілерін болуына.

             «Азаматтық хал актілерін тіркеу» бағыты бойынша сыбайлас  жемқорлық қауіптеріне ішкі анализ жүргізуге арналған ақпарат көзі мемлекеттік қызмет болып табылады.

Халыққа мемлекеттік кызметтер ҚР Әділет Министрілігі 2015 жылы 17 сәуірдегі № 219 бұйырығымен бекітілген Стандартқа сәйкес азаматтық хал актілерін тіркеу 9 түрі бойынша көрсетіліді.

Қызметін барлық 9 түрі бойынша қызмет көрсетудін орны анықталды – Әуезов ауданының ХҚКО, Әуезов ауданың әкімшілігі аппаратының өкілетті органы (АХАТ бөлімінің), «EGOV» электрондық Үкімет порталы.

1. Көрсетілетін қызмет түрлері, өтініш қабылдау және дайын құжаттарды тапсыру орны Стандартпен бекітілген және кестеде көрсетілген.

 

Мемлекеттік қызметінің атауы

        

Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

 

Ескерту (Стандарқа сәйкес қосымша)

 

Есімін, әкесінің есімін (бар болғанда), тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу

АХАТ

ХҚКО

ЭҮП

Қосымша 5

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу

АХАТ

ХҚКО

-

Қосымша 7

Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру

АХАТ

ХҚКО

-

Қосымша 6

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді, анықтамаларды беру

 

ХҚКО

ЭҮП

Қосымша 3

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді

АХАТ

 

ЭҮП

Қосымша 2

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу

АХАТ

ХҚКО

ЭҮП

Қосымша 9

Тууды мемлекеттік тіркеу

АХАТ

ХҚКО

ЭҮП

Қосымша 1

Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу

АХАТ

-

 -

Қосымша 4

Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу

АХАТ

 

 -

Қосымша 8

 

АХАТ бөлімі қызмет көрсетіп беретін мемлекеттік қызметтерінің 60 %  ХҚКО-нан келіп түседі.«АЖ ХҚКО» базасы мемелекеттік кызметін көрсету мерзімін Стандарқа сәйкес өзі бекітеді. Мерзімін АХАТ бөлімінің маманы өзгертуге шарасыз.Келіп түскен өтінімдердін «қабылданды», «бас тартылды», «тіркелінді» деген өтінімнің мәртебесі бар екенің ескертеміз. Орындалған өтінімін  бөлімінің маманы «орындалды» дайын құжаттың түрін (куәлік немесе анықтама) орындауын немесе орындамауын (бас тарту және оның себебін көрсетіп береді) деп өтінімінің мәртебесін өзгертеді. Егер мемлекеттік қызметінен бас тарту жағдайы болып шықса онда өтінім берушіге бас тару туралы  хабарламасы жіберіледі. Онда қай себеппен бас тартылды, қандай Стандартарына сәйкес емес екенің және ескертпе жою амалдарын қайтадан өтінім білдіру жолдары ұсынылады.

АХАТ бөліміне тікелей түсетін барлық өтінімдер «АЖ АХАТ» тіркеу пунктіне түсіп,  әрбір өтінімге 12 санды нөмір тіркеленеді және Стандарпен бекітілген мемлекеттік кызметінің мерзімі база шығарып береді.

          АХАТ бөлімінің штаттық кестесі бойынша 3 мемлекеттік қызметкер  және      8 маман (еңбеқ шартты бойынша) жұмыстарын атқарады.

       Мемлекеттік қызметтерінің көлемінің көп болуын және құжаттарды қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлықтың белгілерін болу қауіпін ескере отырып, альтернативті қараулар бар барлық өтініштер секілді құжаттарды бар азаматтарды ХҚКО арқылы қабылдауға жібереді. Алайда азаматтар бұл жағдайға наразалық білдіреді.

        Қауіп: өтінім беруші мен өтінім алушының тікелей байланыс

        Ұсыныстар: мемлекеттік мамандарды қосыуын жөн деп санаймыз, себебі мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін сақталуы қамтамасыз етіледі  деп санаймыз

Қауіп:ақпараттық жүйесі жетілмендірілмеген.

Ұсыныстар: ақпараттық жүйе жұмысын, сондай-ақ қалыптасқан акпараттық бағдарламаларды жеткіліксіз пайдалануды үздіксіз қамтамасыз ету жұмысын реттеу қажет.

 6. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің стандарттарда көрсетілмеген құжаттарды талап ету, қызмет көрсету мерзімін бұзу фактілері, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері және т.б. сипаты бойынша.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  штат саны 3 адамды құрайды.

Бөлім мемлекеттік қызмет көрсету барысында  Қазақстан Республикасы  Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін басшылыққа ала отырып орындайды. Мемлекеттік қызмет көрсету орыны Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы болып табылады, уәкілетті органы болып бөлім. Бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсету түрлеріне: спорттық разрядтар, біліктілік санаттар және спорт төреші атақтарын беру жатады.

Қауіп жоқ.

7.  Қаржы-шаруашылық бөлімі мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында бұзушылықтарды анықтау тұрғысында.

Мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу Веб-порталында жүргізіледі, яғни аппарат қызметкерлері мен конкурсқа қатысушылардың тікелей байланысы жоқ. Есептік кезеңде мемлекеттік сатып алулар жоспарына сәйкес, 2016 жылға сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сомасы 1 664 023,8 мың тенге, 2016ж. кезеңі бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілген қызметтер сомасы 1 664 023,8 мың теңге.

Қазақстан қаржы министрлігінің  қаржылық бақылау Комитеті Алматы қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының  24.02.2016ж. №129 және 31.03.2016ж. № 1723/4-ж хабарламасына байланысты келесідей мемлекеттік сатып алулар конкурс тәсілімен өткізу сатысында тоқтатылды:

1) Алматы қаласы Әуезов ауданының елді мекендерді санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге жалпы  бөлінген сомасы 762 90 282 теңге.

2) Алматы қаласы Әуезов ауданын 2016ж. көріктендіру және жасылдандыру бойынша қызметтер, жалпы сомасы 264 775 000 теңге;

3) Әуезов ауданы әкім аппаратын және АХАТ бөлімі ғимаратын күзету бойынша көрсетілетін қызмет, жалпы сомасы 5 951 785 теңге.

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратын және Әуезов ауданы АХАТ бөлімінің ғимаратын күзетуге жарияланған мамлекеттік сатып алу екі рет тоқтатылды: бірінші рет "техникалық талаптар ерекшелігі артық", екінші рет " лоттарға бөлінбеуіне байланысты».

Қауіп: Конкурстық құжаттамаларға артық талаптар және мемлекеттік сатып алу Веб-порталының тиісінше жұмыс істемеуі.

Ұсыныстар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасын мүлтіксіз орындау, конкурс құжаттарын әзірлегенде сарапшылардан кеңес алу, мемлекеттік сатып алу Веб-порталы жұмысының тиімділігін арттыру.

Талдамамен анықталғандай, Әуезов ауданы әкімі аппаратында  рұқсат беру және бақылау-қадағалау функциялары жоқ.

 

Қол қойылғандар:

 

Жұмыс тобының басшысы,

 әкімінің орынбасары                                                          Б. Рақымбеков

         

Жұмыс тобының мүшесі,

 әкімнің орынбасары                                                            А. Омаров

 

 Жұмыс тобының мүшесі,

 аппарат басшысы                                                                Б. Әлиярова

 

 

 Жұмыс тобының мүшесі,

 мемлекеттік құқықтық

 бөлімінің басшасы                                                              С. Омарова  

                                     

Жұмыс тобының мүшесі,

ұйымдастыру және құжаттамалық

қамтамасыз ету бөлімінің басшасы                                    Г. Насырова

 

Жұмыс тобының хатшысы,

Әуезов ауданы әкімі аппаратының

персоналды басқару қызметінің

(кадр қызметі) бас маманы                                                А. Тохтарбаева