Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Әуезов ауданы әкімі аппаратында 2016 жылдың 12 ай аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстары туралы АҚПАРАТ


Ақпарат Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентiне енгiзу және оны жариялау қағидаларын бекiту туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 154 Жарлығына сәйкес дайындалды. 

2 тармақ. Әуезов ауданы әкімінің аппаратымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі» Алматы қалалық 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары орындалуға қабылданып, белгіленген мерзімде Алматы қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне ақпарат жолданады. 

3 тармақ. 1) Әуезов ауданы әкімінің аппараты, аудандық қызметтері, "Нұр Отан" партиясының Әуезов аудандық филиалымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізді. 

14.01.2016 ж. аудан әкімінің аппарат басшысының төрағалығымен, мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұсаукесері бойынша, «Кәсіби кадрлер кәсіби мемлекет үшін» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Министрлігінің Алматы қаласы мемлекеттік қызмет ісі бойынша басқармасының кеңесшісі А. Байұзақов, Алматы қалалық мәслихат депутаттары, ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен аудан қызметтері және бөлімшілердің басшылары қатысты. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа және қылмысқа жол бермеуге ерекше назар аударылды. 

26.01.2016 ж. аудан әкімі аппаратының басшысы Қазақстан Республикасы заңнамаларындағы өзгерістер бойынша мемлекеттік органдар мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен жалпыға құқықтық білім беру семинарын өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Министрлігінің Алматы қаласы мемлекеттік қызмет ісі бойынша басқармасының кеңесшілері А.Байұзақов пен Ж.Құлбаева, Әуезов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары қатысты. Шара барысында Қазақстан Республикасының «Мемелекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңдары мен мемлекеттік қызметкерлердің жыл сайын тапсыратын кіріс туралы декларация тәртібі түсіндірілді. 

20.04.2016 ж. аудан әкімінің төрағалығымен Алматы қаласы ІІД-нің және аудан прокурорының қатысуымен, аудандық ІІБ-ның жергілікті полицияның қызметі туралы кеңейтілген жиналыс өткізілді. Аудандық ІІБ жергілікті полицияның жеке құрамының арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа және қылмысқа жол бермеуге ерекше назар аударылды. 

24.05.2016 ж. Әуезов ауданы әкімінің төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының төрағасы, партияның «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында Әуезов ауданы ішкі істер басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жұмысы туралы, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне келіп түсетін арыз-шағымдардың талдауы және мемлекеттік қызметтің жаңа моделі бойынша сұрақтар қарастырылды. Кеңейтілген отырысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қалалық департаменті басшысының орынбасары О. Файзиев, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қалалық департаменті басшысының орынбасары Ш. Әлімхан, Әуезов ауданы прокурорының орынбасары қатысты. 

16.08.2016 ж. Қызметтік әдеп тақырыбында дөңгелек үстел және 25.11.2016 ж. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» және басқа Қазақстан Республикасының Заңдары бойынша семинар-мәжіліс өткізілді. Семинарға ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен аудан қызметтері және бөлімшілердің басшылары қатысты. 

Аудан әкімінің Интернет-ресурсында «Жемқорлыққа қарсы күрес бойынша» банер орнатылып, онда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары», «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының Іс-шаралар жоспары» және оларды орындау туралы ақпарат орнатылған. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, аудан әкімі аппаратының 2016 жылға арналған жалпы құқықтық оқыту жоспарын орындау мақсатында, аудан әкімі аппаратындағы барлық қызметкерлері мен олардың жұбайларына 2015 жылға арналған кірістері туралы декларация тапсыру ұйымдастырылып, уақытылы Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды. Аудан әкімі аппараты «Нұр Отан» партиясының ӘАФ жанындағы сыбайлас жемқорлықпен қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңесімен (әрі қарай СЖКҚ) бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша насихаттау материалдары дайындалды. 

Сонымен, аудан тұрғындары мен мемлекеттік ұйымдар арасында мемлекеттік және орыс тілдерде 2000 сауалнама, 500 ақпараттық парақ, 1000 күнтізбелер. Аудан тұрғындары тарапынан сенімді нығайту үшін, аппарат қызметінің ашықтығын көтеру, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану және лауазымды тұлғамен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі», азаматтардың құқығын, жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы уақытылы хабарлау үшін және шұғыл түрде шара қолдану мақсатында аудан әкімінің интернет-ресурсында көрсетілген «сенім телефоны - 3034274» қызметі ұйымдастырылған. Қосымша, аудан әкімі аппараты ғимаратының кіре берісіне жемқорлық фактілеріне, лауазымын асыра пайдалану көріністеріне қатысты өтініштерді қабылдау үшін жәшік қойылған. Жәшіктегі хаттарды алу әкім аппараты қызметкерлеріне қатысты өтініштің түсуіне қарай алынады. 

2016 жылдың есептік мерзімінде аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы заңының бұзылу туралы іс-әрекетіне байланысты өтініштер келіп түспеді. Аудан әкімі және әкім орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысымен азаматтарды қабылдау үшін арнайы күн мен сағат белгіленген, қабылдау кестесі жалпыға қол жетімді жерге орналастырылған және аудан әкімінің интернет-ресурсына орналастырылған. Сонымен қатар, аудан қызметтері туралы, оның ішінде құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының телефондары мен мекенжайы туралы ақпарат орналастырылған. Ғимараттың кіре берісінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Біздің міндет – халыққа қызмет» бірыңғай байланыс орталығының 1494 (қоңырау тегін) телефоны көрсетілген. 

Баршаға қол жетімді орында жүргізіліп отырған мемлекеттік сатып алулар, тауарлар, қызметтер, жұмыстар туралы ақпараттар қабырғаға ілінген. Сонымен бірге, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жарияланған конкурстар туралы ақпарат қабырғаға ілінген. Аудан әкімі аппаратында азаматтардың өтініштері бойынша қабылдау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» 12.01.2007 жылғы заңына сәйкес жүргізіледі. 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібін реттейтін, жоғарыда аталған заңның орындау тәртібін сақтау мәселелері аудан әкімінің аппараттық мәжілісінде жүйелі түрде қарастырылып отырады. Аталған бағыт бойынша жұмыстың жай-күйіне талдау жүргізіліп, өтініштердің уақытылы және сапалы орындалуы үшін, өтініштердің заңмен белгіленген мерзімді бұзылмай орындалуына шара қолданылады. 

Аудан әкімі аппаратында құқықтық тәрбиелеу, жемқорлықпен күресті нығайту шараларын зерделеу және талқылау бойынша, қызметкерлердің және аудандық қызметтермен бөлімшелердің қызметіндегі тәртіпті күшейту жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Тұрақты түрде мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін, жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау қажеттігі туралы түсіндірме жүргізіледі. 

2) 2016 жылдың 12 ай нәтижесі бойынша аппарат бөлімдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізіледі. Қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзіліп 25.01.2017ж. уәкілетті органға ақпарат жолданады. 

3) Әуезов ауданы әкімі аппаратының жоспарланған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының Іс-шаралар жоспары толық орындалды. 

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмысқа сыртқы факторлар әсер етпейді. 

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi атқарылған жұмыстар Әуезов ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық пен қылмыстын алдын алуға оң әсер етеді деп ойлаймыз.