Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
  • Негізгі бет
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға іс-шаралар жоспарының, 2017 жылдың 1 жартыжылдығында орындалуы туралы АҚПАРАТ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға іс-шаралар жоспарының, 2017 жылдың 1 жартыжылдығында орындалуы туралы АҚПАРАТ


1 тармақ. 

Аудан әкімінің Интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» банер орнатылып, онда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңы, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары», «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының Іс-шаралар жоспары» және оларды орындау туралы ақпарат орнатылған. 

29 тармақ. 

Әуезов ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік сатып алулар «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бүйрығына сәйкес жүргізіледі. «Мемлекеттік сатып алулар www.goszakup.gov.kz Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу Веб-порталында электрондық нұсқада жүзеге асырылады. Жүйе мемлекеттік сатып алулар саласындағы электрондық қызметке берілген бірыңғай рұқсаттама желісін құрып, Интернет жүйесіне қосылған кез келген компьютерден тапсырысшы, ұйымдастырушы және өнім беруші ретінде мемлекеттік сатып алуларға қатысуға мүмкіндік береді. 

31 тармақ. 

Әуезов ауданы әкімінің аппараты, аудандық қызметтері, "Нұр Отан" партиясының Әуезов аудандық филиалымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізіледі. 

10.04.2017 ж. мемлекеттік органдарда жемқорлыққа қарсы және құқықтық сананы қалыптастыру, мемлекетті шоғырландыру, қоғамды жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру бойынша, Әуезов ауданы әкімінің аппараты мен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, Әуезов ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Басқармасында семинар-кеңес өткізді. Іс-шараларға Әуезов ауданы әкімі аппаратының, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жауапты қызметкерлері, № 6, 104, 122 орта мектептері мен № 174 балабақшаның педагогтары және Әуезов ауданындағы мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының мамандары қатысты. 

25.04.2017 ж. Әуезов ауданы әкім аппаратының басшысы, Алматы мемлекеттік сервистік қызмет көрсету колледжінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті Агенттігінің басшысы М. Анапин, «Общественный проект» мекемесінің басшысы А. Братенков, мемлекеттік мекемелердің, жоғары және арнайы орта оқу орындарының басшылары қатысты. Шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне немқұрайды қарамау. Жемқорлықпен күрес – бүкіл қоғамның, әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Шара соңында кеңеске қатысушылар жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру үшін, әрбір азамат Қазақстан республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңын білуі тиіс. 

19.05.2017 ж. Әуезов ауданының әкім аппараты мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, № 64 бала-бақшасында орналасқан «Электрон» бастауыш партия ұйымында, партияның «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел!» жобасы аясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған бағдарламалардың іске асырылуына және жемқорлықты біржолата жою мақсатында, «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің аулақ болу қажеттілігі айтылды. 

15.03.2017 ж. ««Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері аттестаттауды өткізу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлқық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар турал» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын зерттеу бойынша Әуезов ауданы әкімінің төрағалығымен құқықтық жалпы оқыту өткізілді. Одан басқа, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының кейбір нормалары қарастырылды. Осы іс-шараға аудан әкімі аппаратының және Әуезов ауданы бойынша мемлекеттік кірістербасқармасының қызметкерлері қатысты. Әуезов ауданы әкімінің 2016 жылғы жемқорлыққа іс-қимыл бойынша орындалған жұмысы туралы мақала, 18.04.2017 ж. «Вечерний Алматы» газетінде – «Коррупция вне закона» тақырыбында және 25.04.2017 ж. «Алматы Ақшамы» газетінде – «Сыбайлас жемқорлыққа салғырт қараймыз» тақырыбында жарияланды. 

19.04.2017 ж. аудан әкімінің орынбасары төрағалығымен Алматы қаласы ІІД-нің және аудан прокурорының қатысуымен, аудандық ІІБ-ның жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы кеңейтілген кеңес өткізілді. Аудандық ІІБ жергілікті полицияның жеке құрамының арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауына, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеуге ерекше назар аударылды. 

13.06.2017 ж. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын зерттеу, және де қызметкерлердің медициналық сақтандыру сұрақтары бойынша жалпы құқықтық оқыту ұйымдастырылды. Қосымша «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының кейбір баптарының нормалары қарастырылды.әлеуметтік медиадағы аккунттарды қолдану бойынша мемлекеттік қызметкерлер қабылдаған шектеулерді қолдануға ерекше көңіл бөлінді. Осы іс-шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және аудандық қызмет пен бөлімшелердің басшылары қатысты. 

Әуезов ауданы әкімінің аппаратымен, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы Қазақстан Республикасы Департаменті агенттігінің хатын орындау үшін, аудандық мекемелерде, көппәтерлі тұрғын үйлерде және адам көп жиналатын объектілерде (көлік, сауда орталықтары, базарлар және т.б.), жемқорлықтың алдын алу мақсатында плакаттар орналастырылған және парақшалар таратылған. «Назар аудар, есіңде сақта!» 210 мың парақша таратылған, 5000 плакат ілінген. Аудан тұрғындары тарапынан сенімді нығайту, аппарат қызметінің ашықтығын көтеру, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану фактілері және лауазымды тұлғамен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» нормаларын бұзу, азаматтардың құқығын бұзу, жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасау жөнінде халықтың уақытылы хабарлау мақсатында, және де шұғыл түрде шара қолдану үшін, аудан әкімінің интернет-ресурсында көрсетілген «сенім телефоны - 3034274» қызметі ұйымдастырылған. 

Қосымша, аудан әкімі аппараты ғимаратының кіре берісіне жемқорлық фактілеріне, лауазымын асыра пайдалану көріністеріне қатысты өтініштерді қабылдау үшін жәшік қойылған. Жәшіктегі хаттарды алу әкім аппараты қызметкерлеріне қатысты өтініштің түсуіне қарай алынады. 2017 жылдың есептік мерзімінде аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы заңының бұзылуы туралы іс-әрекетіне байланысты өтініштер келіп түспеді. Аудан әкімі және әкім орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысымен азаматтарды қабылдау үшін арнайы күн мен сағат белгіленген, қабылдау кестесі жалпыға қол жетімді жерге орналастырылған және аудан әкімінің интернет-ресурсында орналастырылған. 

Сонымен қатар, аудан қызметтері туралы, оның ішінде құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының телефондары мен мекенжайы туралы ақпарат орналастырылған. Ғимараттың кіре берісінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Біздің міндет – халыққа қызмет» бірыңғай байланыс орталығының 1494 (қоңырау тегін) телефоны көрсетілген. Баршаға қол жетімді орында жүргізіліп отырған мемлекеттік сатып алулар, тауарлар, қызметтер, жұмыстар туралы ақпараттар қабырғаға ілінген. Сонымен бірге, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жарияланған конкурстар туралы ақпарат қабырғаға ілінген. Азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» 12.01.2007 жылғы Заңына сәйкес жүргізіледі. 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібін реттейтін, жоғарыда аталған Заңының, орындау тәртібін сақтау мәселелері аудан әкімінің аппаратында жүйелі түрде аппараттық мәжілістерде қарастырылады. Аталған бағыт бойынша жұмыстың жай-күйіне талдау жүргізіледі, өтініштердің уақытылы және сапалы орындалуы үшін, өтініштердің заңмен белгіленген мерзімді бұзбай орындалуына шара қолданылады. 

36 тармақ. 

Әуезов ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу туралы Интернет-конференциялар мен брифингтер өткізілген жоқ.