Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің дамуына қауіпті Қоғаммен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет көрсету


        Елбасы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын орындау бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – ішкі шақыртулыларға ауқымды жауап және, осымен қатар, жаңа тарихи жағдайларда әлемнің 30 дамыған мемлекеттер қатарына қосылуы бойынша ұлт жоспары.

         «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-ші тармағында сыбайлас жемқорлықпен күресуді нығайту қажеттілігі қарастырылған.

         Сыбайлас жемқорлық үнемі мұқият қарастырылуды, жинақтық және жедел қарсылықты талап ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы болып табылады.

         Кез келген мемлекетте сыбайлас жемқорлықтың жоғарғы деңгейі экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалына жағымсыз ықпалын тигізеді, мемлекеттің атағын және әріптестікке халықаралық қызығушылығын төмендетеді.

         Біздің мемелекетте халықаралық эксперттер бағасы бойынша тыйымды болып табылғансыбайлас жемқорлыққа қарсы заң шығару базасы қалыптасқан.

         Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсылық Қазақстан және президент Н.Ә.Назарбаетың негізгі мемлекеттік саяси стратегиялық басымдылығы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің және қазіргі талаптардың маңыздылығын ескере отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін күшейту үшін, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру мақсатында 2015 жылдың 18 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Заң мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылығын нығайтады, қылмыстық көріністен азаматтардың және қоғамның заңдылық қызығушылығын, бостандықтарын, құқықтарын қорғауды дәрежесін көтереді.

Сонымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте, тек қана мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен сыбайлас жемқорлық дәрежесін түсіру мүмкін болмағандықтан, қоғамды да тартуға үміттіміз.

Бұрын іске асырылған сыбайлас жемқорлықпен күрестегі мемлекеттік бағдарламаның нәтижесі, мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлықтың дамуын бөгейтін шараларының қалыптасуы үшін ары қарай жүйелі жұмыс жүргізілуі қажетті және орынды екендігін көрсетті.

Сыбайлас жемқорлық дәрежесі төмен мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қарастыру, мемлекеттік органдардың жұмысын азаматтық қоғамның қадағалауы, мемлекеттік қызметкерлердің жоғарғы жалақысының болуы мемлекеттік органдарының қызметінің ашықтылығын және қылмыстың жазасыз қалмайтындығының негізгі себебі екендігін көрсетті.

Осыған орай, мемлекеттің дамуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір-бірімен байланысты шаралар жиынтығын қалыптастыруды талап етеді және олар мемлекеттік органдарымен ғана емес, азаматтық қоғаммен де жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлыған немесе басқа тәсілмен сыбайласжемқорлыққа қарсылық білдіретін тұлға мемлекеттің қорғауында болады және ынталандырылады.

Ақшалай ынталандыру келесі көлемде:

1)    сыбайласжемқорлық құқықбұзушылық туралы әкімшілік істер бойынша - 30 айлық есептік көрсеткіш (ары қарай АЕК);

2)    аса ауыр емес сыбайласжемқорлық құқықбұзушылық туралықылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;

3)    орташа ауырлықтағы сыбайласжемқорлық құқықбұзушылық туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;

4)    ауыр санаттағы сыбайласжемқорлық құқықбұзушылық туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;

5)    аса ауыр санаттағысыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 439 бабында сыбайласжемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы жалған ақпарат бергені үшін 200 АЕК көлемінде айыппұл ретінде әкімшілік жауаптылық қарастырылған.