Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Қоғамда құқықбұзушылыққа және тәртіпсіздікке «мүлде төзбеу» қалыптастыру мәселесі бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысты өткізу туралы пресс-релиз


«Мүлде төзбеу» термині құқық саласындағы барлық институттар түрлеріне енгізілген, және құқық қорғау  органдарының жұмысына негіз ретінде алынған.

Бұл термин нені білдіреді?

«Мүлде төзбеу» - бұл азаматтардың ең ұсақ құқықбұзушылықтармен келісуді қаламау және оларға деген жағымсыз реакциясы. Айналадағы «бәрі рұқсат» деген сезім және тәртіпсіздік көрінісі аса ауыр қылмыстарды жасауға жағдай туғызады. Сондықтан, қоқыс лақтыру және ұсақ бұзақылық сияқты, қоғамдық тәртіпті бұзатын, ең кіші қоздырғыштар назарсыз қалмауы тиіс.

Ұсақ құқықбұзушылықтарға төзімділік ахуалы қоғамдық қауіпсіздікті, қылмыстықпен күресті күшейтудегі негізгі қадам, ол үшін құқықтық нигилизмнен өту және қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне қосу керек. Осындай істер қоғамдық өмірдің  нормасы болуы керек.

«Мүлде төзбеу» қалыптастырудағы елеулі рөл, әсіресе бастапқы сатыда, қоғамның белсенді ұстанымы болып табылады. Яғни, мемлекеттің әр азаматы кез-келген құқықбұзушылықты байқап, уәкілетті органдарға хабарлауы тиіс. Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа, ішкі істер органы, мемлекеттік органдар тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа «мүлде төзбеудің» жұмыс істеуін қамтамасыздандыруға күш жұмсауда.

Осыған орай, қоғамда ұсақ құқықбұзушылықтарды жасауға «мүлде төзбеуді» қалыптастыру шегінде, әр түрлі санаттағы құқықбұзушылықтардың анықталуының өсуі тіркелді.

Өткен 2016 жылы аралығында Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен тұрмыстық зорлыққа байланысты және ұсақ бұзақылық (қоғамдық орында боғауыз сөйлеу, ортақ пайдалану орындарын ластау, сонымен қатар, коммуналдық қалдықтарды белгісіз орындарда тастау, алкогольді ішімдіктерді ішу)сияқты баптар бойынша 10 163 істер қарастырылды.

Құқықбұзушылықтарды алдын алуға азаматтардың қатысуы, халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастырады.

Құқықбұзушылыққа немқұрайлық танытуға болмайды, себебі оның жазасыз қалуы аса қауіпті бұзушылықтарды туғызады. Уақытында көңіл аудару, ескертпе жасау, полицияны шақыруды білу қажет. Тек ортақ күшпен біз өзіміздің қоғамымызда тәртіпті қамтамасыз ете аламыз.