Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекiту туралы


АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘУЕЗОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ 

 ӨКІМ 

 2017 жылғы 08 тамыз                                                                                                        № 140-Ө 

Алматы қаласы Әуезов ауданы 

әкімі аппаратының сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы стандартын 

бекiту туралы 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Әуезов ауданының әкімі ӨКІМ ЕТТІ: 

1. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 

2. Мемлекеттік-құықытық бөлімі осы өкімді Әуезов ауданы әкімінің интернет-ресурсында жарияласын. 

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Әуезов ауданы әкімі аппаратының басшысы Ж. Садвақасоваға жүктелсiн. 

Әкім                                                                                                                              А. Рақымбетов 

Енгізді: 

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы                                                                А. Ғазезов 

Келісілді: 

Аппарат басшысы                                                                                                      Ж. Садвақасова 

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы                                                                  С. Омарова 


 

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 

2017 жылғы 8 тамыздағы 

№ 140-ө өкіміне қосымша

 

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты 

1. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзiрленген. 

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеушi Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі болып табылады. 

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесiн орнатуға бағытталған. 

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеу мақсаттары: 

1) аппарат қызметкерлерінде нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлқын қалыптастыру; 

2) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн уақытылы анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу болып табылады. 

5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидалары: 

1) заңдылық; 

2) ашықтық; 

3) әдептiлiк; 

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен қорғау; 

5) мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады. 

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жемқорлыққа қарсы мiнез-құлықты сақтауға және сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнiң алдын алуға бағытталған аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне арналған ұсынымдарды анықтайды. 

7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негiзiне сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнiң алдын алу көзқарасы тұрғысынан: 

1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру; 

2) өз құзыретi шегiнде шешiмдердi дайындау және қабылдау; 

3) Әуезов ауданы әкімінің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобасын дайындау; 

8. Әуезов ауданы әкімі аппаратының қызметкері өзінің қызметтік нұсқауларын орындау кезінде, қажет. 

1) Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де Алматы қаласы әкімі және Әуезов ауданы әкімінің нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алу; 

2) жеке тұлғалармен, заңды тұлғалар өкiлдерiмен және әрiптестермен қарым-қатынас жасауда адал, әдiл, қарапайым болу, көпшiлiк мақұлдаған моральдық-әдептiлiк нормаларын сақтау, сыпайылық және биязылық таныту; 

3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын қабылданған шешiмнiң ашықтығын қамтамасыз ету; 

4) өз әрекетiмен және мiнез-құлқымен қоғам тарапынан сынға ұшырауға, сынның артына түспеуге жол бермеу, өз әрекетiнiң кемшiлiктерiн жою және жақсарту үшiн конструктивтi сынды қолдану; 

5) заң бойынша тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiк көзделген қылықтар мен өзге де заң бұзушылықтар жасауға жол бермеу. 

9. Мемлекеттiк қызметтерiн көрсету кезiнде: 

1) тұрақты негiзде мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау; 

2) қолжетiмдi түрде қызмет алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық және шынайы ақпарат ұсыну; 

3) сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылыққа итермелеу кезiнде басшылыққа жеткiзу. 

10. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алуға байланысты мемлекеттiк сатып алуды iске асыру кезiнде, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алу қажет. 

11. Әуезов ауданы әкімі нормативтiк құқықтық актiлерiнің жобаларын дайындау және олардың мониторингін өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету қажет. 

12. Персоналды басқару қызметінің жұмысын ұйымдастыру кезінде, Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету қажет.