Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидаларының бірі – барлық адамның заң мен сот алдында теңдігі, мемлекеттік органдардың қызметін нақты құқықтық реттеу, мұндай қызметтің заңдылығы мен ашықтығын, мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттік аппарат құрылымын жетілдіру, кадрлық жұмыс, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қозғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін қамтамасыз ету болып табылады. 

Сыбайлас жемқорлық деп - жеке немесе делдалдар арқылы заңда көрсетілмеген игіліктер мен артықшылықтар алу және өздеріне теңестірілген тұлғалар тарапынан мүліктік пайда алу үшін қызметтік өкілеттіктерін және онымен қатысты барлық мүмкіндіктерін пайдалану, сондай-ақ аталмыш қызмет иелерін жеке және заңды тұлғалардың игіліктер мен артықшылықтар ұсыну арқылы заңға қайшы сатып алуы деп түсіну керек. 

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар жемқорлық құқық бұзушылық деп аталады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ басқа да заңдарда көзделген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар сыбайлас жемқорлықты тудырады немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызады, заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін, Заңға сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар және оларға теңестірілген тұлғалар жауапты. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға мыналар жатады: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметті атқаруға жататындар: барлық лауазымды тұлғалар, Парламент және мәслихат депутаттары, судьялар, барлық мемлекеттік қызметшілер. 

Заң бағыттарының бірі – мемлекет басқару ісінде демократиялық қағидаттарды, жариялылықты және бақылауды кеңейту, мемлекеттің және оның құрылымдарының қоғамдық сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметке кіруге құзыретті мамандарды ынталандыруға, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың сатылмауына жағдай жасау. Заң барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тiркелген заңды тұлғаларға қолданылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік қызмет өте маңызды сала болып табылады. Осыған байланысты әділет органдары заңды тұлғаларды тіркеу кезінде кедергілерді жою шараларын қабылдады. 

 Алматы қаласы Әуезов аудандық әділет басқармасы