Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
  • Негізгі бет
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға іс-шаралар жоспарының, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру туралы жол картасының және қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Кешенді жоспарының орындалуы туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға іс-шаралар жоспарының, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру туралы жол картасының және қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Кешенді жоспарының орындалуы туралы


Аудан әкімінің Интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» баннер орнатылып, онда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңы, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары», «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының Іс-шаралар жоспары» және оларды орындау туралы ақпарат орнатылған. 

Әуезов ауданы әкімінің 2016 жылғы жемқорлыққа іс-қимыл бойынша орындалған жұмысы туралы мақала, 18.04.2017 ж. «Вечерний Алматы» газетінде – «Коррупция вне закона» тақырыбында және 25.04.2017 ж. «Алматы Ақшамы» газетінде – «Сыбайлас жемқорлыққа салғырт қараймыз» тақырыбында жарияланды 

Әуезов ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік сатып алулар «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бүйрығына сәйкес жүргізіледі. «Мемлекеттік сатып алулар www.goszakup.gov.kz Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу Веб-порталында электрондық нұсқада жүзеге асырылады. Жүйе мемлекеттік сатып алулар саласындағы электрондық қызметке берілген бірыңғай рұқсаттама желісін құрып, Интернет жүйесіне қосылған кез келген компьютерден тапсырысшы, ұйымдастырушы және өнім беруші ретінде мемлекеттік сатып алуларға қатысуға мүмкіндік береді. 

Әуезов ауданы әкімінің аппараты, аудандық қызметтері, "Нұр Отан" партиясының Әуезов аудандық филиалымен, «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңесімен (СЖҚІҚК) бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша белгілі іс-шаралар жүргізіледі. 

10.04.2017 ж. мемлекеттік органдарда жемқорлыққа қарсы және құқықтық сананы қалыптастыру, мемлекетті шоғырландыру, қоғамды жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру бойынша, Әуезов ауданы әкімінің аппараты мен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, Әуезов ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Басқармасында семинар-кеңес өткізді.

25.04.2017 ж. Әуезов ауданы әкім аппаратының басшысы, Алматы мемлекеттік сервистік қызмет көрсету колледжінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті Агенттігінің басшысы М. Анапин, «Общественный проект» мекемесінің басшысы А. Братенков, мемлекеттік мекемелердің, жоғары және арнайы орта оқу орындарының басшылары қатысты. 

19.05.2017 ж. Әуезов ауданының әкім аппараты мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, № 64 бала-бақшасында орналасқан «Электрон» бастауыш партия ұйымында, партияның «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел!» жобасы аясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған бағдарламалардың іске асырылуына және жемқорлықты біржолата жою мақсатында, «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің аулақ болу қажеттілігі айтылды. 

15.03.2017 ж. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері аттестаттауды өткізу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлқық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар турал» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын зерттеу бойынша Әуезов ауданы әкімінің төрағалығымен құқықтық жалпы оқыту өткізілді. Одан басқа, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының кейбір нормалары қарастырылды. 

19.04.2017 ж. аудан әкімінің орынбасары төрағалығымен Алматы қаласы ІІД-нің және аудан прокурорының қатысуымен, аудандық ІІБ-ның жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы кеңейтілген кеңес өткізілді. Аудандық ІІБ жергілікті полицияның жеке құрамының арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауына, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеуге ерекше назар аударылды. 

13.06.2017 ж. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын зерттеу, және де қызметкерлердің медициналық сақтандыру сұрақтары бойынша жалпы құқықтық оқыту ұйымдастырылды. Қосымша «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының кейбір баптарының нормалары қарастырылды.әлеуметтік медиадағы аккунттарды қолдану бойынша мемлекеттік қызметкерлер қабылдаған шектеулерді қолдануға ерекше көңіл бөлінді. Осы іс-шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және аудандық қызмет пен бөлімшелердің басшылары қатысты. 

06.07.2017 ж. «Нұр Отан» партиясының АРФ өкілдерімен және Алматы қаласы Мәслихат депутаттарымен, ОСПК және КПК мүшелерімен партия мүшесі этика Кодексін және 2015-2025 жылдарға «Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы бағдарламысын түсіндіру бойынша аудан тұрғындарымен кездесу өткізілді. Барлық қойылған сұрақтарға жауап берілді. 

27.07.2017 жылы Әуезов ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – біздің ортақ парызымыз» тақырыбында профилактикалық семинар өткізілді. Семинар барысында «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ мемлекетік қызметкерлермен жыл сайынғы декларация тапсыру тәртібі түсіндірілді.

02.08.2017 жылы партияның «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет – көркеюші мемлекет» жобасы аясында, «Нұр Отан» партиясының мүшелерімен және Аматы қаласы мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттігінің қызметкерлерімен, «Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында Әуезов ауданы ішкі істер Басқармасы жанындағы полиция бөлімінде дәріс өткізілді. 

05.08.2017 жылы «Нұр Отан» партиясының СЖҚІҚК мемлекеттік қызмет істері бойынша ҚР Агенттігі Департаментімен, партияның «Есіктен есікке», «Парасыз болашаққа бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларын орындау, сондай-ақ халықта жемқорлық көріністеріне ұнатпаушылық қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жоғарлату мақсатында «Спутник» ойын-сауық орталығында жеке сұрақтары бойынша көшпелі қабылдау өткізілді. Қоғамдық қабылдаудың жұмысына «Нұр Отан» партиясының СЖҚІҚК төрағасы, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ҚР Агенттігі Департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы Басқармасы қызметкерлері – Оразов С. және Паркентұлы Р., Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлемеуметтік бағдарламалар Басқармасы қызметкерлері, Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы Басқармасы, Алматы қаласы жер қатынасы Басқармасы және т.б. Барлық сұрақтарға жауап берілді. 

Атап өтетін жайт, «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдау жұмысына аудан әкімі аппаратының басшылары және тұрғындарды қабылдайтын және тиісті кеңес беретін, аудандағы барлық мемлекеттік органдардың басшылары қатысады. Өтініштердің көбі жеке және мүлік құқықтарын бұзу фактілері бойынша түсті. 

03.08.2017 жылы Әуезов ауданы халыққа қызмет көрсету Орталығында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбына семинар өткізілді. «Нұр Отан» партиясының СЖҚІҚК төрағасы сөз сөйледі, кездесу барысында қатысушыларға партия сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары мен мәселелері түсіндірілді. Сұрақтарға түсіндірулер мен жауаптар берілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді. 

23.08.2017 жылы «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел!» партияның жобасын орындау аясында СЖҚІҚК қатысуымен «АЛЭС» АҚ-да семинар-кеңес өткізілді. 2015-2025 жылдарға «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы түсіндірілді. 

11.09-15.09.2017 ж. аралығында Әуезов ауданы орта оқу орындарында студенттер арасында «Сыбайлас жемқорлықты қалай жеңуге болады?» сайысы өткізілді. Осы іс-шараның мақсаты оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа нашар көзқарас тәрбиесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға жақсы көзқарас қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетке бағытталған, іс-шараларға қатысуға қызықтыру. 

13.09.2017 жылы партияның «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел!» жобасын орындау аясында Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. 

19.09.2017 жылы Алматы құрылыс техникалық коледжінде «Күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне азаматтардың санасында шыдамсыздық қалыптастыру» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізілді. 

09.11.2017 ж. № 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын талдады 

24.11.2017 ж. «Страна без коррупции – процветающая страна!» партия жобасының шеңберінде «Нет – Коррупции!» атты тақырыбында Алматы құрылыс-техникалық колледжінің ғимаратында іс-шара өткізілді. Әуезов ауданыдық білім бөлімімен (АББ), сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағдарламасына сәйкес тиісті іс-шаралар орындалуда. 

Осы жылдың тамыз айында мектептердің фоеларында 1-қабатта мектеп жұмысындағы сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша азаматтардың жолдаулары бойынша жәшіктер орнатылды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер саласындағы заңнамаларын мектеп жұмыскерлеріне түсіндіру бойынша кеңес өткізілді. Мектеп жұмыстарының оқу жылына жоспар құрастырылды, соның аясында оқушылармен түсіндіру жұмыстары, «Парасатты азамат» бұрышын жасау, «Адал Ұрпақ» клубының жұмысы жоспарланған. «Адал ұрпақ» клубтары рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие мән мәтінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында құрастырылды. Клубтар мектепте 2016 жылдың қыркүйек айнан бастап бар. 2016-2017 ж.ж. және 2017-2018 оқу жылына саналған клубтардың жұмыс жоспары құрастырылған. Клубтың мүшелерімен «Парасатты азамат» ақпараттық-тақырыптық бұрыш құралған. Бұрышта «Адал ұрпақ» клубы туралы ақпарат, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында оқушылардың үздік жұмыстары орналастырылады. «Адал Ұрпақ» ерікті клубтары келесі бөлімдерден тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық, мәдени-көпшілік іс-шаралар. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім бөлімі дәрістерді, «Дөңгелек үстелдерді» және басқа іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық үздік бейнеролик, сурет, шығармаға іс-шаралар мен сайыстарды ұйымдастыруға қатысады. 

2017 жылдың наурыз айында Әуезов ауданы мектептерінде «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбына эссе сайысы 5-8 сынып оқушылары арасында өткізілді. Мектептерде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» сынып сағаттары өткізіледі. № 127 мектепте «Азаматтық қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсылық» тақырыбына 9 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде азаматтық қоғамдағы жемқорлық мәселелері және оларды жою шешімі қарастырылды. 

16.10.2017 жылы «Менің елімнің болашағы – менің қолымда» тақырыбына, 11-сынып оқушылары арасында, «Нұр Отан» партиясымен, «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел!» партияның жобасын орындау мақсатында эссе мен плакаттардың аудандық сайысы өткізілді. Мақсаты – қоғамда жемқорлыққа шыдамсыздық мәдениетін қалыптастыру. Оқу орындарында жемқорлыққа шыдамсыздықты қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Әуезов ауданы әкімінің аппаратымен, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы Қазақстан Республикасы Департаменті агенттігінің хатын орындау үшін, аудандық мекемелерде, көппәтерлі тұрғын үйлерде және адам көп жиналатын объектілерде (көлік, сауда орталықтары, базарлар және т.б.), жемқорлықтың алдын алу мақсатында плакаттар орналастырылған және парақшалар таратылған. «Назар аудар, есіңде сақта!» 210 мың парақша таратылған, 5000 плакат ілінген. 

Аудан тұрғындары тарапынан сенімді нығайту, аппарат қызметінің ашықтығын көтеру, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану фактілері және лауазымды тұлғамен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» нормаларын бұзу, азаматтардың құқығын бұзу, жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасау жөнінде халықтың уақытылы хабарлау мақсатында, және де шұғыл түрде шара қолдану үшін, аудан әкімінің интернет-ресурсында көрсетілген «сенім телефоны - 3034274» қызметі ұйымдастырылған. 

Қосымша, аудан әкімі аппараты ғимаратының кіре берісіне жемқорлық фактілеріне, лауазымын асыра пайдалану көріністеріне қатысты өтініштерді қабылдау үшін жәшік қойылған. Жәшіктегі хаттарды алу әкім аппараты қызметкерлеріне қатысты өтініштің түсуіне қарай алынады. 2017 жылдың есептік мерзімінде аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы заңының бұзылуы туралы іс-әрекетіне байланысты өтініштер келіп түспеді. 

Аудан әкімі және әкім орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысымен азаматтарды қабылдау үшін арнайы күн мен сағат белгіленген, қабылдау кестесі жалпыға қол жетімді жерге орналастырылған және аудан әкімінің интернет-ресурсында орналастырылған. Сонымен қатар, аудан қызметтері туралы, оның ішінде құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының телефондары мен мекенжайы туралы ақпарат орналастырылған. Ғимараттың кіре берісінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Біздің міндет – халыққа қызмет!» бірыңғай байланыс орталығының 1494 (қоңырау тегін) телефоны көрсетілген. Баршаға қол жетімді орында жүргізіліп отырған мемлекеттік сатып алулар, тауарлар, қызметтер, жұмыстар туралы ақпараттар қабырғаға ілінген. Сонымен бірге, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жарияланған конкурстар туралы ақпарат қабырғаға ілінген. 

Азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» 12.01.2007 жылғы Заңына сәйкес жүргізіледі. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібін реттейтін, жоғарыда аталған Заңының, орындау тәртібін сақтау мәселелері аудан әкімінің аппаратында жүйелі түрде аппараттық мәжілістерде қарастырылады. Аталған бағыт бойынша жұмыстың жай-күйіне талдау жүргізіледі, өтініштердің уақытылы және сапалы орындалуы үшін, өтініштердің заңмен белгіленген мерзімді бұзбай орындалуына шара қолданылады. «Әуезов ауданы әкімінің аппратаының жемқорлыққа қарсы стандарты» 08.08.2017 жылғы әкімнің № 140-ө өкіміміен бекітілген. Аталған құжатпен аппараттың барлық қызметкерлері танысты. «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау туралы» 01.07.2016 ж. №14-ө Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі өкімінің негізінде жарты жылда бір рет сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы жүргізіледі. Талдаумен Әуезов ауданы әкімі аппаратында рұқсат беретін және бақылау функциялар жоғы анықталды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауы жүргізілмеді. 

Осы жылдың есепті кезеңінде аппарат қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары болған жоқ. Әуезов ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу туралы Интернет-конференциялар мен брифингтер өткізілген жоқ. Сыбайлас жемқорыққа қарсы стратегияны орындау бойынша жұмыс жалғасады және ол Әуезов ауданы әкімінің бақылауында.