Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
  • Негізгі бет
  • Экология
  • Алматы қаласында өндiрiс қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану, залалсыздандыру және тұтыну ережесі
Экология ЭКОЛОГИЯ



Алматы қаласында өндiрiс қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану, залалсыздандыру және тұтыну ережесі


Алматы қаласында өндiрiс қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану, залалсыздандыру және тұтыну ережелерiн бекiту туралы
IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХIV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 163 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментiнде 2009 жылғы 6 ақпанда N 810 тiркелдi

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнiң 19 бабына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Тұрақты даму тұжырымдамасына, 2001 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына, сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
1. Ұсынылып отырған Алматы қаласында өндiрiс қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану, залалсыздандыру және тұтыну Ережелерi бекiтiлсiн. 

2. Осы шешiм оны алғашқы жариялаған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi. 

3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының экология, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясының төрағасына (Т.Ә.Iзмұхамбетов) және Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары А.С. Сманқұловқа жүктелсiн.
IV сайланған Алматы қаласы 
мәслихаты ХIV сессиясының 
төрағасы К. Қазанбаев
IV сайланған Алматы қаласы 
мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев  
IV сайланған Алматы қаласы 
мәслихатының ХIV сессиясының 
2008 жылғы 22 желтоқсандағы 
N 163 шешiмiмен бекiтiлген
Алматы қаласында өндiрiс және тұтыну 
қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану 
және залалсыздандырудың 
ЕРЕЖЕЛЕРI
Осы Алматы қаласында өндiрiс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, қайта пайдалану және залалсыздандырудың Ережелерi (бұдан әрi – Ережелер) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне , Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық кодексiне , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi. 
Ережелер Алматы қаласы аумағындағы өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу саласындағы заңды және жеке тұлғалардың қызметiн ұйымдастырудың ретiн анықтайды. 
Ережелердiң әрекетi қызметтерiнiң нәтижесiнде өндiрiс және тұтыну қалдықтары түзiлетiн, заңды және жеке тұлғаларға тарайды.
1. Жалпы ережелер
1. Ережелерде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 
1) өндiрiс және тұтыну қалдықтары (бұдан әрi – қалдықтар) – шикiзат, материалдар және басқа да бұйымдар мен өнiмдердiң өндiрiс немесе тұтыну процесiнде пайда болған қалдықтары, сондай-ақ өзiнiң тұтынушылық қасиеттерiн жоғалтқан тауарлар (өнiмдер); 
2) қауiптi емес қалдықтар – қауiптi және бос (инертный) қалдықтарға жатпайтын қалдықтар; 
3) қауiптi қалдықтар – құрамында қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылғыш, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiретiн қалдықтар ; 
4) қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасы және олармен жұмыс iстеу туралы ақпараттарды жинау және ұсыну жүйесi; 
5) қалдықтарды қайта пайдалану (кәдеге жарату) – қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану. 
6) қалдықтарды залалсыздандыру – механикалық және физика-химиялық өңдеу жолымен қалдықтардың зиянды қасиеттерiн азайту немесе жою; 
7) қалдықтарды өңдеу – қалдықтардың көлемiн немесе зиянды қасиеттерiн азайту үшiн олардың сипатын өзгертетiн, олармен жұмыс iстеудi жеңiлдететiн немесе кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қоса алғанда, физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық процестер; 
8) қалдықтарды көму – қалдықтарды шектеусiз мерзiм iшiнде қауiпсiз жағдайда сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарға жинап қою; 
9) қалдықтармен жұмыс iстеу – қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, өңдеудi, қайтара пайдалануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi; 
10) қалдықтарды пайдалану (өңдеу, қайта пайдалану, кәдеге жарату) – қалдықтарды тiкелей қайта өңдеу немесе қалпына келтiру арқылы әртүрлi өнiм түрлерiн алу мақсатында оларды шаруашылық айналымға тарту; 
11) қауiптi өндiрiс қалдықтарының төлқұжаты - қалдықтардың пайда болған орны, олардың сандық және сапалық көрсеткiштерi бойынша пайда болу процесi, олармен жұмыс iстеу ережесi, оларды бақылау әдiстерi, бұл қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) олардың мүлкiне зиянды әсерiнiң түрлерi, қалдықтарды шығарушылар және меншiгiнде мұндай қалдықтары бар, басқа да тұлғалар жөнiнде мәлiметтер стандартты түрде жазылып көрсетiлген құжат; 
12) арнайы мамандандырылған кәсiпорындар - автокөлiк құралдарының қалдықтарын жинау, сақтау, орналастыру, көму, орнын ауыстыру, үйiп қою, өңдеу және қайтара пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдар; 
13) қалдықтарды тасымалдау - автокөлiк құралдарының қалдықтарын жиналып қалған жерiнен қалдықтарды жою, сақтау, өңдеу, залалсыздандыру, көму және iрiктеуден өтетiн нысанға дейiн апару; 
14) қалдықтарын сақтау (үйiп қою) – қалдықтарды арнайы жабдықталған жинақтағыштарға, тексеру жүргiзiлетiн және қалдықтарды iрiктеу алаңдарында, сонымен қатар кейiннен оларды қауiпсiз түрде жою мақсатында, ластағыш заттардың қоршаған ортаға таралуын болдырмайтын, арнайы күзетiлетiн орындарға оқшаулау; 
15) қалдық иелерi – қызметi нәтижесiнде өндiрiс және тұтыну қалдықтары пайда болатын жеке және заңды тұлғалар; 
16) полигон – қалдықтарды кәдеге жарату, өңдеу немесе бiржолата көму мақсатында әртүрлi қалдық түрiне белгiленген мерзiмге, қалдықтарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған орындар (алаңдар, қоймалар, сақтағыштар). 
17) тасымалдаушы - меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдарына иелiк етушi, жолаушыларды, багажды, жүктердi немесе поштаны тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететiн және соған белгiленген тәртiпте берiлген лицензиясы немесе тиiстi рұқсаты бар заңды немесе жеке тұлға. 

2. Ережелердiң 1 тармағында көрсетiлмеген ұғымдар Қазақстан Республикасының терминологиялық заңнамасында анықталған Ережелердегi мағыналарда немесе Ережелердiң тиiстi тармақтарында пайдаланылады.
2. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарының түрлерi
3. Өндiрiс және тұтыну қалдықтары, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органымен бекiтiлген қалдықтардың жiктелуiне сәйкес жiктеледi. 

4. Өңдеуге (қайта пайдалануға) жататын өндiрiс және тұтыну қалдықтары: 
1) металлоломға жататын шикiзат пен материалдар; 
2) резiңке-техникалық бұйымдар; 
3) пайдаланудан қалған жанар-жағармай материалдары; 
4) пайдаланудан қалған техникалық сұйықтықтар (электролиттер, салқындатқыш, тежегiш және басқалар); 
5) пайдаланудан қалған аккумуляторлар; 
6) пластмассадан жасалған бұйымдар; 
7) құрамында сынабы бар құралдар; 
8) басқа да қалдықтар (текстиль, былғары, батареялар және т.б). 

5. Өндiрiс және тұтыну қалдықтары зияндылық деңгейiне қарай қауiптi , қауiптi емес және бос (инертный) қалдықтар болып бөлiнедi. 

6. Қалдықтардың барлық түрi және олардың орналасу нысандары Қазақстан Республикасы заңнамаларында көрсетiлген тәртiпте қалдықтардың Мемлекеттiк кадастрында есепте болуы шарт.
3. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу 
жөнiндегi ережелердiң мақсаттары мен негiзгi принциптерi
 7. Алматы қаласы аумағында өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу саласында қарым-қатынастарды реттеудiң негiзгi мақсаттары төмендегiдей: 
1) Алматы қаласы тұрғындарының экологиялық қауiпсiзiдiгiн қамтамасыз ету, өндiрiс және тұтыну қалдықтарының зиянды әсерiнен табиғи қоршаған ортаны қорғау; 
2) қалдықтардың үйiлiп қалуына және Алматы қаласы аумағының ластануына жол бермеу; 
3) қалдықтарды пайдалану (қайта өңдеу, кәдеге асыру) кезiнде дайын өнiм алу немесе пайдаға жарату; 
4) қайталама материалдық ресурстар нарығын дамыту және оларды қайталама шикiзат ретiнде шаруашылық айналымға тарту.
8. Алматы қаласы аумағында өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеудiң негiзгi принциптерi мынадай: 
1) қалдықтардың пайда болуын азайту және олардың қауiптiлiк деңгейiн төмендету; 
2) қалдықтарды жинау және қайтара өңдеуге дайындау кезiнде бөлу, iрiктеу; 
3) қалдықтарды жою алдында қайтара өңдеуден өткiзу басымдығы; 
4)қалдықтарды көму алдында жою басымдығы; 
5) қалдығы төмен және қалдықсыз технологияларды жүзеге асыру мақсатында жаңа ғылыми – техникалық жетiстiктердi пайдалану; 
6) заңды және жеке тұлғаларға қайталама ресурстарға жататын, қалдықтарды iрiктеп жинауға және оларды арнайы мамандандырылған кәсiпорындардың қайталама шикiзатқа өңдеуге жауапкершiлiктерiн жүктеу; 
7) қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу және одан түскен қаржыларды табиғатты қорғау шараларына бағыттау; 
8) қалдықтардың көлемiн азайту және оларды шаруашылық айналымға тарту мақсатында қалдықтармен жұмыс iстеу саласында қызметтердi экономикалық реттеудiң (экономикалық сүйемелдеудiң) әдiстерiн пайдалану; 
9) қалдықтардың көлемiн азайту мақсатында материалдық-шикiзат ресурстарын кешендi түрде қайта өңдеу; 
10) қалдықтармен жұмыс iстеу саласында қызметтердi экономикалық сүйемелдеу; 
11) қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы ақпаратардың қол жетiмдiгi; 
12) Алматы қаласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында экологиялық және экономикалық мүдделердiң ғылыми негiзделген, бiрiккен әрекетi.
4. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен 
жұмыс iстеудiң әдiстерi
9. Қалдықтармен жұмыс iстеудiң мақсаттары мен негiзгi принциптерiне сәйкес жұмыс iстеудiң әдiс-тәсiлiн таңдау кезiнде қайталама ресурстарды iздеуде қалдықтарды көбiрек пайдалануды ескере отырып, қоршаған ортаға неғұрлым аз экологиялық залал келтiрiлуiн қамтамасыз ететiн әдiс – тәсiлдерге жол берiлетiн болады. 

10. Қалдықтармен жұмыс iстеудiң басымдық берiлетiн әдiстерi төмендегiдей: 
1) қайталама ресурстарды кәдеге жарату бойынша қалдығы төмен және қалдықсыз технологияларды пайдалана отырып қалдықтарды қайта өңдеу; 
2) қалдықтарды қайтадан пайдалану үшiн (технологиялық мен экономикалық мүмкiндiктерi болған жағдайда) түрлендiру; 
3) жылу арқылы, физикалық, химиялық және биологиялық залалсыздандыру; 
4) көму.
5. Өндiрiс және тұтыну қалдықтары меншiк 
құқықтағы нысан ретiнде
11. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалдықтарға меншiк құқығы (басқа да заттай құқық) шикiзат, заттар, қоспалар, материалдар мен жартылай фабрикаттар, басқа да бұйымдар немесе өнiмдер, сонымен қатар тауарды (өнiм) пайдалануы нәтижесiнде қалдықтар түзiлген меншiк иесiне тиесiлi. 

12. Қалдықтарға меншiк құқығын Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртiпте және негiзде басқа тұлғалардың да иеленуi мүмкiн.
13. Нысан иесi арнайы бөлiнген аумағында қалдықтар ретсiз үйiлiп, жиналып қалған жағдайда, қысқа мерзiмде бұл қалдықтар орналастырылатын нысанға көшiру жөнiнде шара қолданады.
14. Қалдықтардың иелерi, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе қалдықтармен жұмыс iстеудiң жағдайлары анықталған, басқа да заңды және жеке тұлғалармен жасалған келiсiм-шарттарда басқаша көрсетiлмесе, қалдықтар жиналып қалған уақыттан бастап олардың қауiпсiздiгiне жауапкершiлiк артады.
6. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен 
жұмыс iстеуге қойылатын жалпы талаптар
15. Олардың шаруашылық қызметi барысында қалдықтар түзiлген, жеке және заңды тұлғалар қалдықтармен жұмыс iстеуде қауiпсiздiк шараларын қарастыруы қажет, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтайды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалдықтармен жұмыс iстеу жөнiндегi белгiленген iс-шараларды орындайды.
16. Қалдықтарды орналастыру және жою мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары және басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша, жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен анықталған жерлерде жүзеге асырылады.
17. Қалдықтарды орналастыру орындары- оларды қалпына келтiргенге дейiн, өңдеуге немесе оларды көмуге дейiн бiр жыл уақытқа немесе қауiпсiз жағдайда 3 жылдан артық емес мерзiмге сақтау үшiн арналған.
18. Қалдықтардың иелерi өндiрiстiк айналымның барлық кезеңiнде қалдықтардың пайда болу көлемiн бiртiндеп қысқартуды, оның iшiнде өндiрiстiк процесстердi жетiлдiру арқылы, қалдықтарды қайтара пайдалану (рециклинг), сонымен қатар, заңда белгiленген тәртiпте қалдықтарды пайдалануға мүдделi жеке және заңды тұлғаларға қалдықтардың өткiзiлуiн қамтамасыз етедi.
19. Қалдықтармен жұмыс iстеумен байланысы бар шаруашылық қызметпен шұғылданатын заңды және жеке тұлғалар мыналарды жасауға тиiс: 
1) қолданыстағы заңнамада белгiленген талаптарды сақтауға; 
2) жиналып қалған автокөлiк құралдары қалдықтарын алып тастау жөнiнде қажеттi ұйымдастырушылық-техникалық және технологиялық шараларды қабылдауға; 
3) қоршаған ортаны қорғау саласында уәкiлеттi орган бекiткен, қалдықтарды орналастырудың нормативтi жобасының болуы; 
4) заңнамада белгiленген тәртiпте және мерзiмде қоршаған ортаны қорғау саласында уәкiлеттi органда тiркелген зиянды қалдықтардың төлқұжаттары болуы; 
5) қалдықтарға түгендеу жүргiзу; 
6) қызмет барысында жиналып қалған, өңделген және орны ауыстырылған қалдықтардың үнемi есебiн (түрi, саны, қасиетi) жүргiзу; 
7) қалдықтарды жiберу нысандары аумағында қоршаған ортаның жағдайына мониторинг жүргiзу; 
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты ақпараттарды ұсыну; 
9) қалдықтармен жұмыс iстеумен байланысты апаттардың алдын алу жөнiндегi талаптарды сақтауға және апаттарды жою бойынша жедел шаралар қолдану; 
10) қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты қоршаған ортаға, денсаулыққа немесе жеке және заңды тұлғалардың мүлкiне залал келтiрiлуi мүмкiн апаттар туындаған немесе туындайтын жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органды және тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы мемлекеттiк органды және Алматы қаласының тиiстi әкiмшiлiк ауданы әкiмiнiң аппаратын жедел ақпараттандыру қажет.
20. Қалдықтардың иелерi қалдықтарды арнайы мамандандырылған кәсiпорындарға өткiзгенге дейiн, арнайы бөлiнген алаңдар мен контейнерлерде немесе жинақтағыштарда қалдықтарды бөлiп-iрiктеу әдiсiмен жинауды жүзеге асырады. 
Өз аумағында қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және тасымалдау бойынша шығындарды меншiк иелерi өздерi көтередi.
21. Егер қалдықтардың пайда болу (жиналу) көздерi анықталмаған жағдайда, жалпы пайдалану жерлерiндегi қалдықтарды жинау, оларды шығару, өңдеуге апару және тағы басқа да операциялар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады. Жалға берiлген жалпы пайдалану жерлерiндегi қалдықтарды жинау және шығару жалдаушыға жүктеледi.
7. Жиналып қалған өндiрiс және тұтыну қалдықтарын 
жинау және уақытша сақтау
22. Нысандардың иелерi (иеленушiлерi), сонымен бiрге қалдықтардың иелерi: 
1) жеке жинауды және iрiктелудi, сонымен бiрге оларды орналастыру және тасымалдау кезiнде белгiленген тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етедi; 
2) қайталама материалдық ресурстардың (темiр, әйнек, макулатура, бос ыдыс, қорап, полимер материалдар, тозған дөңгелектер, реактивтер, техникалық сұйықтықтар және майлар, май фильтрлер, тұрмыстық жабдықтар мен аспаптар, электр батареялар және қорғасын-қышқылды аккумуляторлар, сынап термометрлер және басқа да қайталама материалдық ресурстардың түрлерi) жойылуына жол бермейтiн әдiстермен өндiрiс және тұтыну қалдықтарының iрiктелiп жиналуын және уақытша сақталуын жүзеге асырады; 
3) сұйық қалдықтарды (аккумуляторларлық электролиттер, пайдаланудан қалған көлiк майлары мен сұйықтықтар (салқындатқыш, тежегiш және басқа) сақтау үшiн герметикалық ыдыстар пайдаланады. Пайдаланылған сұйықтықтарды канализацияға, топыраққа, су айдындарына және басқа жерлерге төгуге жол берiлмейдi; 
4) қалдықтарды жинау және уақытша сақтауды арнайы, топырақтың ластануын болдыртпайтын, көлiк кiретiн есiктерi бар, қоршалған алаңдарда жүзеге асырады; 
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалдықтармен ұқыпсыз немесе немқұрайды жұмыс iстеу кезiнде қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, заңды және жеке тұлғалардың мүлкiне, мемлекетке келтiрiлген залалды өтейдi; 
6) келiсiм-шарт негiзiнде қалдықтарды жинау, қайта пайдалану, орналастыру және шығару жөнiндегi операцияларды орындайтын арнайы мамандандырылған ұйымдардың қызметiн пайдаланады немесе осы Ережелердiң 8 тармағындағы талаптарды орындаған жағдайда, қалдықтарды орналастыру және шығару жөнiндегi операцияларды өз бетiнше жүзеге асырады.
23. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау және жұмыс iстеу барысында мыналарға жол берiлмейдi: 
1) қайта өңдеуге жiберiлетiн қалдықтарды араластыруға, егер қалдықтарды қайта өңдеудiң қолданатын технологияларында араластыруға тыйым салынса; 
2) өндiрiс және басқа да шаруашылық қызметi нысандарының қалдықтар жиналып қалған аумағында қалдықтарды көмуге, жағуға, үйiп қоюға.
8. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын тасымалдау 
орналастыру және шығару
24. Қалдықтарды шығару Бас сызбаға (Ережелерге 1 қосымша ) сәйкес жүргiзiледi. 

25. Қалдықтарды тасымалдау мыналармен: 
1) қалдықтарды сақтау, көму, қайта өңдеу немесе қайта пайдалануды жүзеге асыратын және мұндай жұмыстарды жүргiзуге рұқсаты бар арнайы мамандандырылған кәсiпорындармен; 
2) қалдықтарды сақтау, көму, қайта өңдеу немесе қайта пайдалануды жүзеге асыратын және мұндай жұмыстарды жүргiзуге рұқсаты бар арнайы мамандандырылған кәсiпорындармен келiсiм-шарты бар қалдықтардың иелерiмен; 
3) қалдықтарды сақтау, көму, қайта өңдеу немесе қайта пайдалануды жүзеге асыратын және мұндай жұмыстарды жүргiзуге рұқсаты бар арнайы мамандандырылған кәсiпорындармен келiсiм-шарты бар, арнайы мамандандырылған шығарушы ұйымдармен жүзеге асырылады.
26. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы жеке және заңды тұлғалар арасындағы қарым-қатынасы, олардың арасында жасалған келiсiм-шарттармен реттеледi.
27. Қалдықтарды сақтау және үйiп жинау орындарында қалдықтарды өткiзу тасымалдаушының көлiк құралына тиеу арқылы немесе келiсiм-шартта белгiленген басқа да тәсiлдермен жүзеге асырылады және актi, накладной немесе басқа құжатпен рәсiмделедi. Тасымалдаушы ретiнде осы Ережелердiң 25 тармағында көрсетiлген заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
28. Қалдықтарды тасымалдау және тиеу - түсiру жұмыстарын жүзеге асыратын тасымалдаушы төмендегi шартардың сақталуын қамтамасыз етедi: 
1) қалдықтар иесiнiң қалдықтарды тасымалдауға берген келiсiм-шартының болуы, онда мамандандырылған кәсiпорынмен жасалған келiсiм-шартқа сiлтеме жасалып, тасымалданатын қалдықтарды кәдеге жарататын немесе көметiн соңғы орны көрсетiледi; 
2) тасымалдау мақсаты үшiн қалдықтардың тиiстi орамасы мен таңбасының болуы; 
3) арнайы жабдықталған және арнайы белгiлерi көрсетiлген көлiк құралдарының болуы; 
4) зиянды қалдықтар төлқұжатының болуы және зиянды қалдықтардың саны, тасымалдау мақсаты мен апаратын орны көрсетiлген, зиянды қалдықтарды тасымалдау және тапсыру үшiн құжаттаманың болуы; 
5) зиянды қалдықтарды тасымалдау кезiнде, сонымен қатар тиеу-түсiру жұмыстарының қауiпсiздiк талаптарын сақтау.
29. Зиянды қалдықтарды тасымалдау үшiн оларды орау және таңба жасау тәртiбi Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңнамасымен белгiленген.
30. Қалдықтарды тасымалдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының тәртiптерiне сәйкес жүзеге асырылады.
31. Көлiк құралдарына қалдықтарды тиеген уақыттан қалдықтарды тасымалдаушы өкiлдерi оны қабылдап алу және көлiктен қалдықтарды тиiстi белгiленген жерде оны түсiргенге дейiн, қалдықтармен қауiпсiз жұмыс iстелуiне жауапкершiлiктi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тасымалдаушы артады.
9. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын 
өңдеу және қайта пайдалану
32. Қалдықтарды жинау және оны қайталама шикiзатқа өңдеудi (айналдыруды) жүзеге асыратын заңды тұлғалар, алынған қайталама шикiзатты пайдалануды немесе қайталама шикiзаттарды пайдаланатын ұйымдарға өткiзудi қамтамасыз етедi.
33. Қалдықтарды қайталама шикiзат ресурсы ретiнде пайдалану- заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбайтын тәртiпте, қалдық иесiмен (иеленушiсiмен) жүзеге асырылады.
34. Қайталама шикiзат ретiнде пайдаланылуы мүмкiн өндiрiс және тұтыну қалдықтарын көмуге немесе жоюға жол берiлмейдi.
35. Қалдықтарды қайталама шикiзат ресурсы ретiнде, қайталама шикiзатқа тасымалдауды ұйымдастыру ретi осы Ережелердiң 25 және 26 тармақтарымен анықталған.
36. Қалдықтарды өңдеу және кәдеге жаратуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы және тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органдардың рұқсаты және тиiстi келiсiмдерi болуы керек.
10. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын 
орналастырудың талаптары
37. Заңды және жеке тұлғалар қалдықтарды орналастыру нысанын жобалау, салу және пайдалану орнын анықтау кезiнде қалдықтарды жинау нысанын орналастыруға қойылатын заңнама талаптарын басшылыққа алады.
38. Қауiптi қалдықтарды орналастыру экологиялық рұқсаттармен қарастырылатын жағдайларға сәйкес, арнайы жабдықталған орындарда жүзеге асырылады және рұқсат етiледi. Қауiптi қалдықтарды орналастыру үшiн бөлiнген аумақта қалдықтармен жұмыс iстеумен байланысы жоқ басқа да қызметтердi жүзеге асыруға тыйым салынады. 
Қауiптi қалдықтарды орналастыру орны қалдық түрi, оның қауiптiлiк деңгейi мен көму мерзiмi анық көрсетiлген, жақсы көрiнетiн белгiлермен белгiленiп тұруы тиiс.
39. Қалдықтарды төмендегiдей жерлерде көмуге тыйым салынады: 
1) Алматы қаласы аумағында, орман, курортты, емделу-сауықтыру аумақтарында, рекреациялық аймақтарда, сонымен қатар су қорғау аймақтары, ауыз су және шаруашылық – тұрмыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын, жер асты су нысандарындағы су алынатын алаңдарында; 
2) пайдалы қазбалары бар жерлер және тау-кен жұмыстарын жүргiзу орындарында, егер мұндай орындардың ластануы қаупi болғанда.
40. Полигондарда төмендегiдей өндiрiс және тұтыну қалдықтарын көмуге тыйым салынады: 
1) сұйық қалдықтар; 
2) полигон жағдайында атылатын, тоттанатын, өте жоғары деңгейдегi өрт қауiпi бар қалдықтар; 
3) жердi құнарландыру кезiнде тұрақтандырғыш материал ретiнде пайдаланудан басқа жағдайдағы, бүтiн пайдаланылған дөңгелектер; 
4) құрамында тұрақты органикалық ластағыштары бар қалдықтар; 
5) қалдықтарды қабылдау талаптарына жауап бермейтiн қалдықтар.
41. Қалдықтарды қабылдау талаптарын орындау мақсатында қалдықтарды араластыруға тыйым салынады.
42. Зиянды қалдықтарды орналастыру ретi экологиялық заңнамамен анықталады. Зиянды қалдықтарды орналастырумен айналысатын кәсiпорындар төтенше және апатты жағдайларда әрекет етудiң жоспарын әзiрлейдi.
43. Полигонға қалдықтарды тапсыратын меншiк иелерi полигон иесiне қалдықтардың қауiптi немесе белгiлi бiр түрiне жататынын анықтайтын, олардың сапасы мен саны туралы нақты ақпаратты ұсынады.
44. Қалдықтарды тасымалдау және орналастыру тәртiбi осы Ережелердiң 24-27 тармақтарының талаптарына сәйкес болуы керек.
45. Полигон иелерi сол полигонға орналастыруға рұқсат берiлген және оларды орналастыруға құқығы экологиялық рұқсатпен дәлелденген, қалдық түрлерiн қабылдауға құқықтары бар. Полигон иесi қалдықтарды қабылдау кезiнде төмендегiдей амалдарды жүзеге асырады: 
1) қалдықтардың құжаттамаларын, оның iшiнде зиянды қалдықтардың төлқұжатын тексеру; 
2) қалдықтарды орналастыру жерiнде және кiре берiсте тексеруден өткiзу; 
3) қалдықтар иесi ұсынған құжаттамадағы жазулардың әкелiнген заттарға сәйкестiгiн тексеру; 
4) орналастырылған қалдықтардың сипаттамасы мен санының есебiн жүргiзу, шыққан жерi, әкелiнген мерзiмi көрсетiлуi тиiс. Егер, зиянды қалдықтар болса, полигонда олардың нақты орналасу жерiн көрсету. 
5) полигонға радиоактивтi заттардың түспеуiн болдырмау үшiн қалдықтардың әр қайсысына арнайы құралдармен бақылау жүргiзу.
46. Полигон иесi мыналарды үнемi қамтамасыз етедi: 
1) полигонға қабылданған қалдықтардың әр қайсысын қабылдап алуды растайтын жазбаша құжатты;
2) сол құжаттаманың 5 жыл бойы сақталуын; 
3) келiп түскен қалдықтардың салмағын анықтау үшiн қабылдау орындарында өлшеуiш құралдардың орнатылуын.
47. Полигонның қоршаған ортаға әсер етуiн бақылау және мониторинг жүргiзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
11. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, қайта 
пайдалану, залалсыздандыру саласында заң бұзушылыққа 
жауапкершiлiк
48. Жеке және заңды тұлғалар осы Ережелерде көрсетiлген тәртiптi бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк артады.