Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Экономика ЭКОНОМИКА



Ауданның инвестициялық мүмкіндіктері


Ауданның инвестициялық мүмкіндіктері Аудандағы өнеркәсіп секторы жалпы қалалық өнеркәсіп өнімдерін шығару деңгейінің 11,3 % қамтып, ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарының санатына 17 кәсіпорын кіреді. 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын кәсіпорындарды қоса алғанда) 82,9 млрд. теңге көлемінде өнім өндірген, яғни 2012 жылғы осы уақытпен салыстырғандағы нақты көлем көрсеткіші 104,5 %-ды, бөлшек тауар айналымы 133,7 млрд. тенгені, яғни 2012 жылғы осы уақытпен салыстырғанда 98,8 %-ды құрайды. Ірі және орта кәсіпорындарда жалданбалы жұмысшылардың саны 44,9 мың адам. Аталған сектордағы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 96 954 тенгені құрайды. 2013 жылдың қаңтар-қараша айларында Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестицияның 48,8 млрд. теңгесі игеріліп, 2012 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 100,7 % құрап отыр. Аудандағы кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі капиталдағы жалпы қала бойынша инвестициялық үлесі – 11,7 %. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес саласының тұрақты дамып отырғаны байқалуда. Аудан бойынша 2013 жылдың басынан бері 13 912 (жұмыс істейтіні - 6 153) заңды тұлға тіркелген, оның ішінде, шағын – 13 557 (жұмыс істейтіні – 5 856), орта – 301 (жұмыс істейтіні - 246), ірі кәсіпорын – 54 (жұмыс істейтіні - 51). Кәсіпкерлер үшін сауықтыру және мемлекеттік қолдаудың басты құралы – Индустрияландыру картасы, «Биснестің жол картасы-2020», «Өндірістілік-2020» бағдарламалары болып табылады. Индустрияландыру Картасы аясында «Сайран Девелопмент» ЖШС 4,2 млрд. теңге көлеміндегі қаржыға «САЙРАН» мәдени-сауықтыру саябағының жобасын 2016 жылы пайдалануға енгізу жоспарланып отыр. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2013 жылдың басынан бері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының 1 және 3 бағытын қаржыландыру аясында аудан бойынша Алматы қаласының өңірлік үйлестіру кеңесінің тарапынан 1 280 337 425 теңге заем сомасына 13 жоба мақұлданды. «Өндірістілік-2020» бағдарламасы бойынша «Цин-Каз» ЖШС томат өнімдерін шығару бойынша қолданыстағы технологиялар қатарына автоматизациялау және өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмыстың аяқталуы 2016 жылға жоспарланып отыр және жобаның бағасы - 618 млн. теңгені құрайды.