Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Экономика ЭКОНОМИКА



Салық төлеуші, егер сіз жалға тұрғын үй (пәтер) беремін десеңіз...


Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары! 

Әуезов ауданы бойынша салық басқармасы тұрғын ғимарттарын (үйлер, пәтерлер) жеке тұлғаларға жалға беру үшін жеке кәсіпкер ретінде салық органдарында міндетті түрде тіркеуге тұру қажеттігін хабарлайды.

Тұрғын ғимарттарын жалға беру қызметін тіркеу үшін мыналар қажет:

1.     2 айлық есептік көрсеткішін (2 х 1 512 = 3 024 теңге) тіркеу үшін төлеп жеке кәсіпкер куәлігін алу;
2.     Тіркелгеннен кейін 10 күн ішінде патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін  арыз беру.

Патент құны табыстың 2 % құрайды және жеке табыс салығы (ары қарай ЖТС) ретінде қазынаға төленеді, ½ мөлшерінде патент пен әлеуметтік салық (ары қарай ӘС) және ½ мөлшерінде әлеуметтік салықтары ретінде әлеуметтік аударымсыз патент құны (әлеуметтік аударым ставкасы төменгі айлық көрсеткішінің 5 % құрайды).

Мысалы: 1 бөлмелі пәтердің жалға берудегі айлық табысы 50 000 теңге.

Патент құны  айына 1 000 теңге болады (ЖТС 500 теңге, ӘС 0 теңге) айлық табыстан зейнеткерлік салым аударымы (ЗСА) 10 %-ды құрайды, яғни 1600 теңге (10 % х 15 999 теңге), әлеуметтік аударым (ӘА) 800 теңге (5 % х 15 999 теңге).

Сонымен, бір айдың патент құны 2 900 теңгені құрайды ( ЖТС 500 теңге + ЗСА 1 600 теңге + ӘА 800 теңге).

Қосымша салық басқармасы жеке тұлғалардың назарына келесіні хабарлайды. Жеке кәсіпкерлікті тіркеусіз жүргізу әкімшілік жауапкершілікке алып келеді. Құжаттар әкімшілік сотта қаралып («Әкімшілік жауапкершілік туралы» ҚР Кодексінің № 357-1 бабы), 20 АЕК-ке дейін немесе 30 240 теңгеге дейін әкімшілік айппұл салынады.
 
Қосымша ақпаратты 298-29-36, 298-29-34 телефондары арқылы ала алысыздар.