2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Экономика ЭКОНОМИКА



Салық анықтамаларын электронды арна аркылы алу туралы


Салық берешегінің, міндетті зейнетақы, кәсіптік жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы анықтаманы электронды арна арқылы  ұсыну тәртібі

Күнделікті қоғам керектігіне сай салық органдары  салық жүйесі қызметін нығайту және  жетілдіріп отыру басты стратегиялық бағыттардың бірі болып саналады.

Салық қызметінің сапасын  көтеру  салық органдарының негізгі бағыттағы қызметі болып  саналады.Солардың бір түрі салық берешегінің, міндетті зейнетақы,кәсіптік жарналары мен  әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы анықтама  ұсыну болып табылады.

ҚР Салық Кодексінің 598 бабының мөлшерлеріне сәйкес салық төлеуші өзінің тіркелу мекенжайына сәйкес салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы, кәсіптік жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы анықтама  алу  мақсатында  арыз беруге  құқылы.

Мемлекеттік салық қызметін автоматтандыру және алудың айқындығын қамтемесіз ету үшін  салық органдарында салық  берешегінің, міндетті зейнетақы, кәсіптік жарналары мен  әлеуметтік аударымдар  бойынша  берешегінің  жоқ және (немесе) бар екендігі туралы анықтама  алу үшін электронды web-тіркеу «Салықшы кабинеті», Портал «Электронды үкімет», Электронды мемлекеттік  сатып алу  ақпаратты  жүйе қалыптастырылған.

Анықтамаларды электронды арна арқылы жіберу және оны осы арна арқылы алу кезеңінде  анықтамалар уәкілетті органдардың электронды сандық қолтаңбасы койылып, басылып шығарылады.

Қазақстан Республикасы 7-қаңтар 2003 жылғы № 370-11 «Электронды құжат және электронды  қолтаңба туралы »заңының 7 бабына сәйкес электронды құжат қағазды  құжатпен тең саналады  және де салық органдары басшысының колтаңбасы мен мөртабанымен бекітуді  қажет санамайды.

Осыған байланысты ҚР Қаржы Министрлігінің № ДМГЗ3-2/10403-И  нөмірлі 6-маусым 2012 жылғы хаты  бойынша  бюджеттік жоспарлардың әкімшілеріне,облыстық, Астана және Алматы  қалалық  әкімдеріне аталған құжаттарды электронды арна арқылы алудың мүмкіндігін тексеру қарастырылды.

Салық берешегінің, міндетті зейнетақы, кәсіптік жарналары мен әлеуметтік аударымдар  бойынша берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы анықтама салық төлеуші арыз  берген уақытында тіркелген органы немесе құрылымдық бөлімдері бойынша салық  есептілігін, мағлұмдамаларын тапсырмаған жағдайда, салық есептілігін тапсыруды ұзарту туралы өтінішті есептегенде, анықтама  берілмейді.

Электронды арна арқылы мемлекеттік қызметті қолдану салық органдарының салық  төлеушілермен тікелей қатынасты азайту және де жемқорлыққа байланысты салық  қызметкерлерінің  келеңсіз жағдайларды болдырмауына көмегін тигізеді.

Аталған жағдайларды қорытындылай келе Алматы қаласы Әуезов аудандық  салық басқармасы салық қызметін тез  және сапалы алу мақсатында электронды қызмет алу үлгісіне  толығымен көшуді ұсынады.

Аударған: Әуезов аудандық салық басқармасының  
бас маманы А. Алпысбаева