2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Экономика ЭКОНОМИКА



Тұрғын үйді жалға беретін жеке тұлғаларды тіркеу есебіне қою реті туралы


Тұрғын үйді жалға беретін жеке тұлғаларды тіркеу есебіне
қою реті туралы

Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша Салық басқармасы жеке тұлғаларға тұрғын үйді жалға беру жөнінде салық органдарында тіркеу есебіне қою реті туралы ақпарат береді.
Тұрғын үйді жалға берумен айналысатын жеке тұлғалар, орналасқан жері бойынша дара кәсіпкер болып (әрі қарай – ДК) тіркелуі қажет.
ДК мемлекеттік тіркеуі туралы Куәлікті алу және жеке кәсіпкер ретінде тіркеу бойынша қажет құжаттардың тізімі:
1) ДК мемлекеттік тіркеу туралы Куәлікті алу үшін берілетін салықтық өтініші;
2)  Жеке куәлігінің көшірмесі;
3)  СТН көшірмесі;
4) ДК орналасқан жерін растайтын құжат (үй кітапшасы);
5) 1 сүрет (3х4);
6) 105401 бюджеттік сыныптамасының кодына 3236 теңге сомасында (2 АЕК * 1 168 теңге) ДК мемлекеттік тіркеуі үшін төленген алымның түбіртегі.
Салық органдары жеке тұлғаны ДК ретінде тіркеу есебіне қоюды салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей  жүргізеді.
Күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей салықтөлеуші ДК ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық өтінішті табыс етуі қажет. Патент құнын есептеу көрсетілген табыстқа  2%  мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Салық салу табын анықтауда шығын есептелмейді.
Патент құны:
1.  Патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде жеке табыс салығы (әрі қарай – ЖТС).
2.   «Міндетті әлеуметтік сахтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес есептелген, әлеуметтік аударымдары алып тасталғаннан кейінгі патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.
Мысалы:  ДК  С.Иванов пәтерін 1 ай мерзіміне жалға береді, оның айлық жалға беру сомасы 90 000 теңгені құрайды (салықтөлеуші зейнеткер жасына толмаған). Сонымен қатар патент құны 1 800 теңгені құрайды (90 000 теңге* 2%), ол бюджетке келесі ретте төленеді:
1.     патент құнының ½ бөлігі жеке табыс салығына (БСК 101202), яғни ½*1 800 теңге=900 теңге.
2.     әлеуметтік аударымды алып тастағаннан кейінгі патент құнының ½ бөлігі (1 айға әлеуметтік аударым 871 теңгені құрайды) әлеуметтік салыққа төленеді (БСК 103101). Яғни ½ *1 800 тенге – 871 теңге = 900 теңге – 871 теңге = 29 теңге.
Сонымен қатар бюджетке міндетті түрде зейнетақы салымдары ЖЗҚ-на (БСК 901101) ең төмен  жалақының (2012 жылы – ең төмен жалақы мөлшері 17 439 теңгені құрайды) 10% мөлшерінде төленуі қажет, сонымен бірге әлеуметтік аударым (БСК 902101) ең төмен  жалақының 5%, яғни 871 теңге (17 439 теңге*5%).
         Кәсіпкерлік қызметі басталмай тұрып, патент кемінде бір ай және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі. Патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану барысында бақылау-касса машиналарының болуы  қажет етілмейді.