Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Экономика ЭКОНОМИКА



Салық төлеушілердің тіркелуі


Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке міндетті түрде төленетін басқа төлемдер туралы ” кодекстің 1-1 тарау, 520-шы бабына сәйкес, былай делінген, салық төлеушілердің мемлекеттік тіркелуі- заңды тұлғаларда, олардың филиалдары мен өкілдіктері өкілетті мемлекеттік органдармен салық төлеушілердің статистика бойынша өкілеттік органдарда ұсынылған аталмыш хабарлауды алған күннен бастап, екі жұмыс күнінің ішінде хабарлау негізінде тіркеу нөмірін иемденуімен  жүзеге асады.

Хабарлау үлгісі мен өкілетті органдармен оны ұсыну тәртібі статистика бойынша өкілетті мемлекеттік органдар мен өкілетті органдардың  келісімімен Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігімен бекітіледі.
 
Салық төлеушінің куәлігін тіркелген заңды тұлғаға беру үшін, филиал мен өкілеттікке салық төлеушінің тіркеу нөмірін иемденген күннен бастап бір күннің ішінде Қазақстан Республикасы әділет Министрінің келісімімен мемлекеттік өкілетті органы болып анықталған әділет органы тәртібінде салық органдарына жіберілуі қажет.

521-ші бабына сәйкес салық төлеуші ретінде Қазақстан Республикасында тіркелуге мыналар жатады:
 
1. резидент-заңды тұлғалар - олардың құрылымдық бөлімшелері-мекен-жайы бойынша; 
2. резиденттер емес заңды тұлғалар - мекен-жайы бойынша тұрақты мекемелерді құрумен Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырушы; 
3. біріккен жеке кәсіпкерлік - Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңымен анықталған, өкілетті тұлғаның тұрғылықты жері бойынша;  
4. резидент-жеке тұлғалар - мекен-жайы бойынша, салық және бюджетке міндетті түрде төленетін басқа төлемдер төлеушісі болып табылады; 
5. резидент емес-жеке тұлғалар - 2-ші тарау 192-ші бапта көрсетілген осы Кодекстегі (тұлғаларды қоспағанда, 5-1 тарауларда көрсетілген) осы тарауларда, сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы тұрып жатқан орны бойынша Қазақстан Респуликасында жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырушы және Кодекске сәйкес арнайы салық тәртібін қолданушылар. 
5.1. резидент емес болып табылатын жеке тұлға мен заңды тұлғалар, құнды қағаздардың жүзеге асуындағы бағаның өсуінен түсім алушылар, Кодекстің 3-ші тарау 178-ші бабында көрсетілген, Кодекстің 183 немесе 190 баптарына сәйкес салық салуға жататындар, іске асырылған акцияларға, үлеске қатысуынан немесе резидент емес заңда тұлғалардың мүлкінің құнынан 50 пайыздан астамын құрайтын резидент-эмитент тіркелу орны бойынша немесе резидент- заңды тұлға; 
6. резидент емес, тұрғылықты орны мен салық төлеушінің тіркелуі бойынша, Қазақстан Республикасындағы нысандар иемденуші салық төлеушілері; 
7. резидент емес, ағымды шот пен резидент банктерде карт-шоттар ашушы,  негізінде мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, 521 кодекстің 1 бап 1,2,3 және 6 тарауында қарастырылған, банк-резиденттің мекен-жайы бойынша. 
 
Салық төлеушінің куәлігінде көрсетілген тіркеу мәліметі өзгертілген жағдайда, салық органдары кодексте бекітілген 521-524 баптағы мерзім тәртібінде, салық төлеушінің бастапқы нөмірін сақтап және салық төлеушіге бастапқыда берілген куәлікті жойған жағдайда салық төлеушіге мәліметі өзгертілген куәлік беріледі.

Жекеменшік кәсіпкерлер мен заңды тұлғалармен өзгертілген жағдайда, қызметтің іске асырылған орны, тұрып жатқан жері, келген жері немесе тұрғылықты жері және салық салу нысандарының тіркелуі 20 жұмыс күнінің ішінде салық төлеуші жаңа орнында қызметін іске асыруы, тұрып жатқан орны, келген жері немесе тұрғылықты жері және салық төлеушінің бастапқы тіркелген нөмірі көрсетілген салық салу нысандарының тіркелуі бойынша  салық органдарына тіркеу есебіне қою жөнінде арыз беруге міндетті.