Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

25.06.2018

Альтернативное разрешение споров

Дауларды шешудегі заңнаманың тиімділігі

Дауларды шешу үшін құқықтарды қорғаудың сотқа дейінгі нысандары және дауды шешу шешімі қолданылады. «Медиация туралы» ҚР заңының 1-бабы, 1-тармағына сәйкес азаматтар өзара келісімге келу арқылы істі сотқа жеткізбей шеше алады, бұл олардың уақыты мен шығынын азайтады. 

Медиацияның қолданылу саласы егер Қазақстан Республикасының заңдарында және атқарушылық орындау кезінде басқаша көзделмесе: жеке тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де қатынастардан туындайтын даулар (жанжалдар) және (немесе) заңды тұлғалар болып табылатын, сондай-ақ қылмыстық, шағын және орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында қаралады. 

Медиацияны жүргізу кезінде қол жеткізілген дауды реттеу туралы келісім жазбаша түрде жасалып, тараптар қол қояды. Медиацияның ерекшелігі – екі жақтың ерікті келісуімен жүргізіледі, яғни егер тараптардың біреуі ғана келіссөзге келіскен болса, онда медиацияны іске асыру мүмкін емес. Тараптар дауды реттеу туралы келісімді осы келісімде көзделген тәртіппен және уақытында орындауға міндетті. Статистикаға сәйкес, барлық даулардың 30-40 пайызы медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 пайызы оң нәтижелерге қол жеткізді. 

Бұдан басқа, тараптар арасында туындайтын даулы мәселені шешу мақсатында 2016 жылдың 8 сәуірінде «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заң жеке және заңды тұлғаларға қатысты азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларға қолданылады. 

Төрелік жеке мүліктік емес қатынастардан туындайтын дауларды қарауға құқылы емес. Төрелік шешім мерзімін белгілемеген жағдайда, ол дереу орындалуға жатады. Шешім ерікті түрде орындалмаған жағдайда ол мәжбүрлі түрде орындалуға жатады. Жалпы, қабылданған заң шығару бастамалары азаматтар мен заңды тұлғалар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. 

Алматы қаласы, Әуезов аудандық 

Әділет басқармасының басшысы 

Ғ. Қ. БАЙМАХАНОВ

25.06.2018