Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

06.04.2017

«В соответствии с 15 шагом «Плана нации-100 конкретных шагов»

«Ұлт жоспары -100 нақты қадам» жоспарының 15-ші қадамына сәйкес»

Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жоспарының 15-ші қадамына сәйкес, үстіміздегі жылдың 1-ақпанынан басталған, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызмтешілерінің аттестатталуы өткізілуде. 

Бұл аттестаттаудың негізгі мақсаты – жаңа үлгідегі мемлекеттік басқарушыны қалыптастыру. Егер алдындағы аттесациялау тек қана заңдарды білу деңгейі мен процедуралық сұрақтарды анықтаумен ғана шектелсе, қазіргі аттестациалауда құзіреттілікті тәсіл қолданылған, яғни лауазымына сәйкес, жұмысты тиімді орындауында маңызды роль атқаратын жеке тұлғаның мінездемесін бағалауға бағытталған. Аттестациялауға жататын мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қажетті білімді игеру деңгейі, ептілігі және дағдалануы төрт кезеңде анықталады. 

Бүгінгі таңда, мемлекеттік қызметшілерді тестілеу кешенді аттестаттаудың бірінші және екінші кезеңінен Әуезов ауданының тұтынушылардың құқықтарын қорғау Басқармасының мамандары ойдағыдай өтті. 

1-кезеңде аттестаттауға жататын мемлекеттік қызметшілер бағалау парағы арқылы бағаланса, 2-кезеңде мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген кестеге сәйкес жеке тұлғаның біліктілігін бағалайтын тест тапсырды. Бағалау автаматтандырылған, 11 құзіреттілікті қамтитін 4 блокқа бөлінген арнайы бағдарлама арқылы жүзеге асырылды. Барлық құзіреттер төрт деңгейлі күрделіліктен тұрады, «төменнен-жоғарыға» деген қағидамен құрастырылған, яғни мемлекеттік қызметші лауазымының жоғарылауына сәйкесінше құзіреттік сұрақтардың күрделілік деңгейі де арта түседі. 

3-кезеңде аттестаттау барысында аттетаттау комиссиясымен сұхбаттасу өткізіледі. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мемлекеттік органының қызметшілері үшін сұхбаттасу үстіміздегі жылдың сәуір айына белгіленген. Аяқтаушы кезең ретінде, алдындағы барлық кезеңдердің нәтижелерін ескере отырып әрбір аттестатталынушы бойынша аттестаттау комиссиясының шығараған шешімді ұйғарымы болып табылады. 

Бұл аттестаттау кәсіби мемлекеттік аппаратты құрауға бағытталған мемлекеттік қызмет реформасының логикалық жалғасы, Мемлекет Басшысының белгілеген міндеттерін орындауға мүмкіндік береді.

06.04.2017