Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

19.10.2016

Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!

2016 жылдың 3 қазанынан бастап Әуезов ауданы әкімінің аппаратында (1 қабат, 107 каб.) «Халықаралық құқыққорғау орталығының» Медиация және құқық орталығы ашылды. Әуезов ауданының тұрғындары Орталықтың құқықтық кеңесі мен медиатор қызметін тегін ала алады. 

Медиация – бұл даулар мен келіспеушіліктерді медиатордың (бітімші) қатысуы арқылы бейбіт жолмен шешуде соттарға балама тәсіл. 

Медиация еріктілік, медиация тараптарының тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация үдерісіне араласуға жол бермеу, құпиялылық қағидаларының негізінде жүргізіледі. 

Медиатор – ол медиация жүргізу үшін тараптармен тартылған тәуелсіз жеке тұлға. 

Медиация азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа құқықтық қатынастардан туындайтын дау-жанжалдарда, сондай-ақ жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыстарға қатысты іс бойынша жүріп жатқан қылмыстық сот өндірісі барысында және орындау өндірісі сатысында қолданылады. Медиация жүргізілуі мүмкін: - сотқа дейін; - сот процесі барысында; - соттан тыс; - сондай-ақ, тергеу мен анықтау жұмыстары барысында. 

Сот процесі шеңберінде медиациялық келісім жасалған жағдайда төленген мемлекеттік баж салық қызметі органдарымен толық көлемдеқайтаруға жатады. Халықаралық құқыққорғау орталығының медиаторлары 5 жыл ішінде 2000-нан аса дауды бейбіт жолмен шешуге көмектесті. Медиаторлар реестрінде Қазақстан бойынша 500-ден астам кәсібилер тіркеуде тұр. 

Орталықтың жұмыс уақыты: сағат10.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00 мен 14.00 аралығы). 

Телефондары: 3027660, 87772157463, 87473777450. 

Электронды мекенжай: jandilda@mail.ru, веб-сайт: mpc-info.kz.