Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

10.02.2017

Аким района проведет 6 отчетных встреч

Аудан әкімі 6 есептік кездесу өткізбек

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2005 жылдың 6 сәуіріндегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептік кездесулері» Қаулысы бойынша 2017 жылдың 13 ақпанынан бастап, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Алтай Рақымбетовтың 6 есептік кездесуі өтеді. 

Әуезов ауданында үлкен өзгерістер болып, көптеген істер атқарылғаны туралы кездесулерде аудан әкімі халықтың көкейінде шешімін таба ала алмай жатқан өзекті мәселелерге үлкен көңіл бөлмек. 

Аталған кездесулерге Әуезов ауданы бойынша Алматы қалалық Мәслихат депутаттары, Алматы қаласы әкімдігінің, қалалық басқармаларының өкілдері, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат бөлімінің бастықтары, қалалық басқармалардың аудандық бөлімдер бастықтары, ардагерлер қауымдастығы мен жергілікті өзін өзі басқару комитеттерінің төрағалары қатыспақ. 

Алтай Рақымбетовтың 6 есептік кездесулері келесі мекен жайларда өткізіледі: 

1. 2017 жылдың 13 ақпанында, «Жетісу-1» ықшам ауданы, № 32 «А» үйінде орналасқан Қазақ қатынас жолдары университетінде, сағат 10.00-де басталады; 

2. 2017 жылдың 14 ақпанында, «Достық» ықшам ауданының Садуақасов көшесі, № 27 үйінде орналасқан № 153 жалпы білім беретін мектепте, сағат 10.00-де басталады; 

3. 2017 жылдың 15 ақпанында, Алтынсарин даңғ., № 54 ғимаратында орналасқан № 2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасында, сағат 10.00-де басталады; 

4. 2017 жылдың 16 ақпанында, Төле би көш., № 287 «А» үйінде орналасқан Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінде, сағат 10.00-де басталады; 

5. 2017 жылдың 17 ақпанында, «Мамыр» ықшам ауданы, Степная көшесі, № 8 үйінде орналасқан № 158 жалпы білім беретін мектепте, сағат 10.00-де басталады; 

6. 2017 жылдың 18 ақпанында, Жандосов көш., № 65 үйде орналасқан Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде, сағат 10.00-де басталады.

10.02.2017