Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

17.04.2018

БОРЬБА С КОРРУПЦИЕЙ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында сыбайлас жемқорлық ұғымының анықтамасы берілген. 

Сыбайлас жемқорлықжауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алуды білдіреді. 

Сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғамның ішіндегі дезинтеграция тудырады. Мемлекеттік қызметшілер немесе басқарушылық функцияларды атқаруға уәкілетті адамдар, жеке басын жақсарту мақсатында өздерінің қызметтік лауазымын пайдаланады. 

Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сенімін бұзады, мемлекеттік биліктің тиімділігін түсіреді, елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына кедергі келтіреді. Сыбайлас жемқорлықпен күресте барлық адам заң және сот алдында тең деген ұстанымды сақтап оны іске асыру маңызды. 

Республика Конституциясы: Қазақстан барлығының заң және сот алдында тең құқылы екендігіне кепіл береді. Мүліктік, лаузымдық және әлеуметтік жағдайына қарамастан жемқорлық үшін жазаның бұлтартпалылығы болуы тиіс. Заңның мүлтіксіз орындалуы биліктің барлық деңгейдегі, жемқорлықты болдырмаудың шарты болып табылады. 

Сөзсіз, жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігі, осы шараларға қоғамның қатысыуна байланысты. Осы шаралардың табысты жүргізілуі тек мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге қоғаммен әрбір жеке азаматтың жауапкершілігінде. Жемқорлықтың түбін жою үшін біздің қоғам, рухани байлықтың материалдықтан басым екендігін анықтап, отбасы мен қоғамның ішінде дәстүрлі халықтық құндылықтарды өсіруі міндетті. 

Алматы қаласы әділет Департаментінің 

 Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі

17.04.2018