Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

25.10.2016

Для чего нужен индекс глобальной конкурентоспособности?

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі не үшін қажет?

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы есебі болып табылады. Бірінші есеп 1979 жылы шығарылды. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік есебі 2004 жылдан бастап Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің негізінде біршама елдерде жүзеге асуда. 

Бәсекеге қабілеттілік индексі әр елдің өз азаматтарының әл ауқатын жоғары деңгейін қамтамасыз ету қабілетін бағалайды. Ол, ең алдымен, елдің қолда бар ресурстарын қаншалықты тиімді пайдаланатынына байланысты. Оның үстіне ерікті нарық жағдайында сапалы сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін, әдетте, еңбек өнімділігін және өнімдер мен қызметтердің сапасын тұрақты жақсарту аса қажет. 

Бүгін түрлі бағыттағы рейтингтер және рейтингтік агенттіктер жүйесі халықаралық операциялардың міндетті компоненті болып табылады. Рейтингтік жүйе, тәуелсіз сарапшы ретінде. Елдің халықаралық имиджін жасай отырып. Экономикалық ынтымақтастық динамикасына тікелей әсер етеді. Мемлекеттің имиджі, сонымен қатар, инвестициялар мәселелері соның нәтижесіне байланысты. 

Рейтингтер ұзақ мерзімді бақылау, арнайы әзірленген әдістемелер негізінде жасалған сараптамалық баяндамалар нәтижесінде тағайындалады. Еліміздің халықаралық рейтинг мәселесі қазіргі заманғы Қазақстанға сыртқы заманғы Қазақстанға сыртқы капитал мен инвестициялар тарту үшін өзекті болып табылады. Айта кету орынды, елдің рейтингі әлеуметтік-экономикалық реформалардың көрсеткіші болып табылады, сондықтан бұл мәселені зерттеу экономикалық дамудың күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін көмектеседі және алдағы бағытты айқындайды. 

Индекс тұрақты экономикалық прогреске қол жеткізу стратегиясын жасау үшін және экономикалық саясатта проблемалық сәттерді талдау құралы ретінде, экономикалық даму мен бәсекеге қабілеттілікке кедергілерді жоюға ұмтылатын мемлекеттерге қолданылады. Денсаулық сақтау және бастауыш білім беру, сондай-ақ макроэкономикалық орта Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарына жатады. Сонымен қатар, еңбек нарығының тиімділігі мен жоғары білім деңгейінің факторлары да бәсекеге қабілетті деп танылған. Қазақстандағы ең әлсіз бағыттағы факторларға: институттар, инновациялар, бизнесті дамыту және қаржы нарығының дамуы жатады. 

Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі халықаралық бәсекелестік және жаһандану жағдайында азаматтардың әл-ауқатын жақсарту мүмкіндігін сипаттайтын, кез келген ел үшін қағидаттық маңызды мәселе болып табылады. Зерттеу тақырыбының ерекшелігі сол, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін бағалау негізінде Қазақстан экономикасының тиімділіктен инновациялыққа өтпелі мүмкіндігін арттыру-аталған жұмыстың мақсаты болып табылады. 

Алматы қаласы Әуезов аудандық Әділет басқармасы

25.10.2016