Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • 2017 жылы Әуезов ауданы бойынша бөлімшелердің өрттерге және хабарламаларға шығу жайында ақпарат
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

10.01.2018

Информация по выездам подразделения на пожары и прочие сообщения по Ауэзовскому району за 2017 год

2017 жылы Әуезов ауданы бойынша бөлімшелердің өрттерге және хабарламаларға шығу жайында ақпарат

Есептік мерзімде Әуезов ауданының аумағында АТК СДТБТ-ға – 540 хабарламалар (2016 ж. – 529 хабарлама), оның ішінде 2016 жылмен салыстырғанда 1 өрт жағдайына, яғни 1,5%-ға (2016 жылы – 65 өрт) төмен болатын 64 өрт жағдайы, 476 – есепке өрт түрінде алынбайтын оқиғалар тіркелді. 2017 жылы өрттен 3 адам қаза тауып, құжаттары Әуезов ауданы ІІБ-на іс-жүргізуге жөнелтілді. Өрт кезінде 10 ересек адам зардап шекті, оның ішінде жану өнімдерінен 5 адам уланды; 5 адам түрлі сатыдағы күйік дәрежесін алды. 

2017 жылы өрттен зардап шеккен балалар және қатты отынмен жанатын пештен шығатын тұншықтырғыш газдан улану жағдайлары тіркелген жоқ. 2016 жылы түрлі дәрежедегі жарақатты 8 адам алды, соның ішінде күйікпен – 1 адам, өрт кезінде жану өнімдерінен уланған – 5 адам, басқа да жарақаттармен – 2 адам тіркелді. 

2016 жылы қаза болғандар мен зардап шеккен балалар жоқ. Қатты отынмен жанатын пештен шығатын тұншықтырғыш газдан уланған – 6 адам (3 бала) тіркелді. Ең көп өрт жағдайы азаматтық қорғау органдарының бақылауына кірмейтін нысандарда, яғни тұрғын секторы мен көлік құралдарында орын алды. 2017 жылы болған 64 өрттің ішінде жалпы өрт санының 43% құрайтын 29 өрт тұрғын секторында, 32% құрайтын 20 өрт көлікте орын алған (2016 жылы – тұрғын секторында – 30 өрт, көлікте – 13 өрт тіркелген). 

Шаруашылық нысанында өрттің ұлғаюын байқауға болады, нақты айтқанда монша-кір тазалау кешендерінде – 2 өрт (2016 жылы 1 өрт) тіркелді. Өрттің көлікті техникалық қызмет көрсету станциясында – 2 өрт жайғдайы (2016 жылы – 4 өрт), сауда мен тамақтану орындарында – 2 өрт (2016 жылы - 9 өрт), тұрғын секторында – 29 өрт (2016 жылы – 30 өрт), бос жерлерде – 2 өрт (2016 жылы – 3 өрт) азайғаның байқауға болады. Есептік-тіркеу қызметін басқару мақсатында бөлім бастығы инспекторларға 24 сағаттың ішінде қажетті тексеріс құжаттарды жинауға күнделікті бақылау жүргізіледі. 

Әр ай сайын іс жүргізуге жіберілген (себебін анықтау, материалдық шығынның көлемін анықтау және қабылданған шешімдер) құжаттар бойынша ІІБ мен ПБ, сонымен қатар өрттен зардап шекеендер мен тұншықтырғыш газдан уланған, түрлі дәрежедегі күйік алған зардап шегушілер бойынша медициналық мекемелермен салыстыру жасалады. 

Әуезов ауданы ІІБ-да есептік-тіркеу тәртібіне бақылау жасау үшін комиссия құрылған, ол комиссия мүшесіне Әуезов ауданы ІІБ бастығы, Әуезов ауданы ТЖБ бастығы кіреді. 

ҚР ІІМ ТЖК Алматы қ.

ТЖД Әуезов ауданы ТЖБ бастығы,

азаматтық қорғау подполковнигі                                                                         А. Байгелов

10.01.2018