Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

13.12.2017

Изменения пенсионного возраста для женщин

Әйелдер үшін зейнетақы жасының өзгеруі

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес, 2018 ж. 2027 ж. дейін әйелдердің зейнетақы жасының кезеңімен жоғарылауын көздейтін, норма 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. 

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, зейнетақы жүйесінде қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын, базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау әдістемесінің өзгеруі көзделеді. Базалық зейнетақы жалпы белгіленген зейнетақы жасына жеткен азаматтарға ғана тағайындалатын болады: 63 жас ер адамдар үшін, 68 жас және 6 ай әйел адамдар үшін. 

Зейнетақы өтіліне не кіреді: 

Зейнетақы өтіліне: ынтымақты жүйесінде жинақталған, 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек өтілі; міндетті зейнетақы жарналары төленген аралықты қарастыратын жинақтау өтілі; бала үш жасқа толғанға дейінгі, 16 жасқа дейінгі жастайынан мүгедек баланың күтімі; әскери қызметкермен, арнайы мемлекеттік органының қызметкрімен, дипломатиялық жұмыскерлер мен т.б. бірге тұрған уақыты. 

Бұл өзгерістер, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастапбазалық зейнетақы қайта есептеулері жүргізілетін зейнеткерліктегі және жаңадан зейнеткерлікке шығатын зейнеткерлерге таралады. 

Зейнетақы есептеулерінің әдістемесі: 

Егер азамат 10 жыл ғана жұмыс істеп оны БЗЖҚ аударған болса, немесе мүлдем жұмыс істемесе, оған базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 %-ы мөлшерінде тағайындалады. 

10 жылдан жоғары әрбір жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға жоғарылап отырады. Мысалы, 20 жыл қатысу өтілінде базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 %-ын, 30 жылда - 94 % құрайды. Еңбек өтілі 33 және одан да көп жылды құрайтын болса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 %-ын құрайды. 

Зейнетақы жасы кімдерге тимейді: 

Қазақстандағы зейнет жасының көтерілуі зейнеткерлікке қазіргі кезде ерте шығуға жеңілдігі бар әйелдерге қатысы жоқ. Бұл, бес және одан көп бала туған (асырап алған) және олардың сегіз жасына дейін тәрбиелеген әйелдер. Олар 53 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы бар. Сонымен қатар, 1949 жылдың 29 тамызына бастап 1963 жылдың 5 шілдесіне дейінгі мерзімде, төтенше және максималды радиациялық қауіпі бар аймақтарда 5 жылдан кем емес уақыт тұрған әйелдер, 45 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқықтары бар. 

Зейнетақы рәсімдеу үшін жүгінудің мерзімдері бойынша: 

Егер зейнет жасына әйел 2017 жылдың 10 қарашасында толып (58 жас), және уақытында (2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін) жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш білдірмесе және 2018 жылдың 1 қаңтарында келсе, өтініш және құжаттарымен Заңның 11 бабының 1тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындауға тек 58,6 жасқа толғанда өтініш бере алады. 

13.12.2017