Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

26.10.2017

Мониторинг безопасности продукции - альтернативная форма контроля.

Өнімнің қауіпсіздік мониторингі – бақылаудың балама түрі

2017 жылғы 10 айдың ішінде өнімнің қауіпсіздік мониторингі аясында, Әуезов аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының техникалық регламенттердің талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің мамандары ауданның 19 сату нысандарында өнімдерді сатып алу жұмыстарын жүргізді. Сатып алынған 239 өнім үлгілері сараптама жүргізу үшін Алматы қалалық Ұлттық сараптама орталығына жіберілді. Кедендік Одақтың техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келмейтін 36 өнім үлгілері (15,0 %) анықталған, соның ішінде тағам өнімдерін 58,5 % (33 үлгі) және тағам өнімдеріне жатпайтын үлгілері 41,4 % (3 үлгі) құрады. 

Талаптарға сәйкес келмейтін өнімдердің жалпы санын (36 үлгі) әлем елдеріне шаққанда, отандық өндірушілердің тағам өнімдері 33,3 % құрады, Кеден Одағына кіретін елдердің өндірушілерінің өнімдері 27,7 % және өзге елдердің өнімдері 38,8 % құрады. Халықтың санитариялық-эпидеиологиялық салауаттылығы саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, талаптарға сәйкес келмейтін өнімдер бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінде, ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің талаптарына сай жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. 

Жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде әкімшілік материалдары, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462 бабының 3 бөлігіне сәйкес Алматы қалалық мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотынажіберілді (ары қарай ҚР ӘҚБ туралы Кодексі) және ҚР ӘҚБ туралы Кодексінің 425 бабының 1 бөлігіне сәйкес әкімшілік жаза туралы қаулы шығарылды. 

Адамның өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, Әуезов ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің негізгі бағыты – ағымдағы Кеден Одағы заңнамаларының талаптарын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндіріп, өнімнің қауіпсіздік мониторингі аясындағы жұмыстарды жалғастыру.

26.10.2017