Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

12.01.2018

Наша миссия – санитарно-эпидемиологическое благополучие населения!

Мақсатымыз - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын сақтау

2017 жылы Алматы қ. Әуезов ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын сақтау мақсатында, тағам қауіпсіздігінің мониторингі аясында, ҚР ДС ҚДСК Алматы қ. бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РММ филиалының базасында сараптама жүргізу үшін, Әуезов ауданы аумағындағы сауда нысандарынан азық-түліктің (277 тағамдық сынама алынды) сатып алуын жүргізді. 

277 азық-түліктен алынған 50 сынама халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы техникалық регламенттерді сақтау талаптарына сай келмеді, бұл сәйкессіздік 18 % құрады. 

 277 үлгінің ішінде: 50 сынама ет өнімдерінен алынған – 12 %, балық өнімдерінен – 10 %, май және май өнімдерінен – 10 %, сүт өнімдерінен – 12 %, кондитерлік өнімдерінен – 12 %, алкогольді өнімдерден – 2,0 %, балаларға арналған тауарлардан – 8,0 %, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінен – 2,0 %, ТҚ өнімдерінен – 4,0 %, құс өнімдерінен – 6,0 %, көкөністер мен жемістерден алынғаны 12 % құрады. Өнімдерге жүргізілген зерттеулер қорытындысының нәтижелері бойынша, сауда нысандарына жоспарсыз тексерулер жүргізілді. Жоспарсыз тексерулер қорытындылары бойынша, әкімшілік іс қозғалып, ҚР ӘҚК (КоАП РК) 425 бабының 1 бөлімі бойынша, әкімшілік қудалау жөніндегі қаулы шығарылып, 363040 тенге сомасы көлемінде айыппұл салынды. 

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заң бұзушылықтарды қалпына келтіру жөніндегі ұйғарымды орындауды бақылау бойынша зерттеу жүргізу барысында, ҚР ӘҚК (КоАП РК) 462 бабының 3 бөлімі бойынша хаттама толтырылып, Алматы қ. ауданаралық әкімшілік сотында қарау үшін құжаттар жіберілді. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне байланысты сот мәжілісінің қорытындысы бойынша, қызметі тоқтатылып, жалпы сомасы 1 361 400 тенге айыппұл салу жөнінде қаулы шығарылды. 

Тағам қауіпсіздігінің мониторингі аясында, қоғамдық денсаулық сақтау мақсатында, 2018 жылы осы бағыттағы жұмыс жалғастырылады.

12.01.2018