Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

29.05.2019

Нелегальная сдача жилья в аренду

Тұрғын үйді заңсыз жалға беру

Салық төлеушілер арасындағы ең өзекті мәселелердің бірі- мүлікті жалға беру кезінде салық міндеттемелерін орындау.

Жеке кәсіпкер ғана емес, сондай-ақ жеке тұлғалар да жылжымайтын мүлікті жалға тапсыруға құқығы бар.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 35 бабына сәйкес, жеке кәсіпкер ретінде жеке тұлғалар міндетті мемлекеттік тіркелімге сай келетін келесі шарттар жатады:

1) Жалдамалы қызметкердің еңбегін тұрақты негізде пайдалану;

2) Жеке кәсіпкерлердің жылдық табысынан Қазақстан \республикасының салық заңнамасына сәйкес, ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған.

Сонымен қатар, алынған табыстан, мүлікті жалға беруден (мүліктік табыс) жеке тұлға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша салық декларациясын 240.00 нысаны бойынша тапсыруға және 10 күнтізбелік куннен кешіктірмей алынған табыс сомасынан 10 % ставка бойынша жеке табыс салығын төлеуге міндетті.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу “Электронды үкімет” веб-порталы арқылы электрондық нысанда ЖК ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама беруге немесе сырттай қағаз жүзінде жүргізіледі.

Патент негізінде арнаулы салық режимі қызметтің осы түрі үшін неғұрлым қолайлы режим болып табылады, себебі салық ставкасы 1 % құрайды. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін келесі шарттарға сәйкес болуы қажет: жалдамалы еңбек пен шекті табысты күнтізбелік жыл ішінде пайдаланбау ЕТЖ 300 еселігінен аспауы тиіс (2019 жыл – 12 750 000 теңге).

Бүгінгі күнде Ішкі істер басқармасының Департаменті мен КСК бірлесіп тіркеусіз жалға берушілерді шығару бойынша бірлесіп үнемі іс-шаралар өткізіп тұрады.

2018 жылы ЖК ретінде 615 жалға беруші тіркелді, 2019 жылдың 17 қаңтарына ЖК ретінде 17 жалға беруші тіркелді. Алайда, Ішкі істер басқармасының Департаменті мен КСК бірлескен іс шараларға қарамастан, жалға беру нарығының басым бөлігі әлі де көлеңкеде деп саналады.

Осыған байланысты “Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодексіне сәйкес мерзімінде салық есептілігінің мәліметін аудиторияға ұсынбағаны үшін, сондай-ақ тіркеусіз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Егер сіз салық есептілігін белгіленген мерзімде бірінші рет ұсынбасаңыз, онда сізге “ескерту” түріндегі жазалау шарасы қолданылады, қайта құқық бұзушылық кезінде әкімшілік айыппұл 37 875 теңгені құрайды (15 АЕК).

Ал кәсіпкерлік қызметпен тіркелмеген жағдайда мұндай тұлғаларды әкімшілік жауапкершілігі бойынша шешімді сот органдары қабылдайды.

29.05.2019