Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайыңдағы дамудың жаңа мұмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы туралы
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

21.02.2018

О Послании Президента РК Н. А. Назарбаева народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции»

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайыңдағы дамудың жаңа мұмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы туралы

Экономикасы мен әлеуметтік жағдайы аумалы-төкпелі болып отырған қазіргі тұрақсыз қоғамда еліміздің негізгі бағыттарын айқындау мақсатында елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2018 жылдың 10 қаңтарында халыққа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жариялаған болатын. 

Мемлекет басшысының бұл жолдауы елімізде қабылданған «Қазақстан-2050» даму стратегиясын жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі ретінде ұсынылды. Жолдау негізінде, елбасының бастамасымен жүзеге асырылып отырған 100 нақты қадам – Ұлт жоспары, 

Индустрияландыру және «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламаларының табысты іске асырылып отырылғандығы атап өтіліп, осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстар қорытындыланды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына тоқтала кетер болсақ, алғашқы уақыттары мемлекеттік деңгейде тек мемлекет пен азаматтардың араларын жақындастыру мақсатында әзірленген «Электронды үкімет» веб-порталы қазіргі таңда мемлекет, бизнес және азаматтардың өзара тығыз қарым-қатынаста болуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте, кәсіпкерлік субъектілерін қолдауда «Бәйтерек» холдингімен кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауда бір терезе қағидатын енгізудегі цифрлық платформасын атап өту қажет.

Сонымен қатар, Елбасы аталмыш жолдауда кәсіпкерлікті қолдау бойынша атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқтала отырып, кәсіпкерлік үшін ең қолайлы жағдай туындаған мемлекеттердің рейтингінде, соның бірі әлем елдері мойындаған Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтінгісі бойынша еліміз 53 орыннан 36-шы орынға жылжыса, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін жақсартуда бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Бұл ретте, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай туғызу арқылы елбасымыз халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартуды басты мақсаты етіп көрсетті. 

Ширек ғасыр тәуелсіздік тарихы бар еліміз үшін, бірнеше қиын кезеңді артқа тастаған мемлекетіміз үшін, кезекті әлемдік дағдарыс жағдайында туындап отырған қиындықтарды жеңудің нақты жолдары ұсынылған аталмыш жолдау тиісті қаржы көздерімен бекітілген мақсаты айқын, нақты жоспар болып табылады. Яғни, дағдарысқа қарамастан мемлекеттің азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелері толығымен орындалатындығын ерекше атап өткен жөн. Денсаулық сақтау қызметкерлері, Б корпусының мемлекеттік қызметшілерінің жалақысын арттыру, әлеуметтік қамтамасыз етудің мөлшерінің артуы, 2017 жылдан бастап «барлығына міндетті тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасының қолға алынуы аталған сөзімізге дәлел бола алады. 

Дамыған мемлекеттердің даму тарихтарын әрқашан саралап отыратын елбасының даналығының арқасында расында Қазақстан тұрақты, ынтымақты ел болып қалыптасып келе жатқандығы ешкімге жасырын емес. Осыған орай, Жолдаудағы елбасымен қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін әрбір ұйым, әрбір мемлекеттік орган, ұлттық компаниялар барынша күш біріктіретін уақыт жетті деп есептейміз және аталған іс-шаралар Қазақстан экономикасына әлемдік тұрақсыздыққа тойтарыс беруге және елбасының стратегиялық жоспарларын тиімді жүзеге асыруына мүмкіндік беретініне сенімдіміз. 

Алматы қаласы әділет департаменті 

нормативтік құқықтық актілер тіркеу бөлімі

21.02.2018