Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

12.11.2019

О пожарной безопасности

Өрт қауіпсіздігі туралы

Тұрғын үй секторында өрттерді және көміртек тотығымен улануды болдырмау мақсатында, Алматы қаласының ТЖМ қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша, тұрғындар арасында күн сайын рейдтер жүргізеді. 

Қала тұрғындарына от жағатын пештерді дұрыс пайдалану, жанған көмірдің қалдықтарын дұрыс орналастырып сөндіру, жанғыш материалдардың қашықтықты, от көздерін кептіруді, сондай-ақ, жанар-жағармай материалдары мен тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтаудағы негізгі талаптар түсіндіріледі. 

Алматы қаласының ТЖД-і тұрғындар арасында көміртегі тотығынан улануды болдырмау үшін, төмендегідей қарапайым ережелерді сақтау қажеттігін еске салады: 

- жылыту пештерінің түтін шығатын мұржаларындағы күйелерді от жағу маусымының алдында, сондай-ақ, жылыту маусымы кезінде де тазалап отыру керек;

- түтін шығатын мұржаларды тексеріңіз және түнде жауып қоймаңыз; 

- пештерге, түтін шығатын мұржаларға және басқа да жылыту құралдарына ағаш, киімдер және басқа жанғыш заттарды кептіруге жол бермеңіз; 

- газ жүйелері мен жылыту жүйелеріне тұрақты түрде сапалы қызмет көрсетіп тұрыңыз; -автономды жылыту мен газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтаңыз; 

- егер сіз өрт шыққанын көрсеңіз немесе түтіннің иісін сезсеңіз, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз. 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

12.11.2019