Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Даулар мен бітімгершілік рәсімдерді соттан тыс реттеу мүмкіндігі туралы мәселелер туралы
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

31.10.2017

О вопросах возможности регулирования спорных ситуаций во вне судебном порядке

Даулар мен бітімгершілік рәсімдерді соттан тыс реттеу мүмкіндігі туралы мәселелер туралы

Қазақстан Республикасында 2011 жылдың 28 қаңтарында Медиация туралы Заңы қабылданды. Осы Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды. 

Медиацияның қолданылу саласына келетін болсақ егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады. 

Осы Медиация туралы Заңыңда көрсетілген қатынастардан туындайтын дауларға (жанжалдарға), егер мұндай даулар (жанжалдар) медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаса немесе қозғауы мүмкін болса, медиация рәсімі қолданылмайды. 

Тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға (дау-шарларға) медиация рәсімі қолданылмайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды. 

Медиацияның мақсаттары мыналар болып табылады: 

1) дауды (дау-шарды) шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу; 

2) тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету. Кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға медиатор болып табылады. 

Тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады.

31.10.2017