Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

27.07.2018

Об эффективности законодательства в решении спорных вопросов

Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі туралы

Жаһандық қауымдастықтың заманауи дамуы өмірдің түрлі саласындағы, соның ішінде құқықтық қызметтегі ынтымақтастықты қажет етеді. 

Жаһандану дәуірінде экономикалық даму мен мемлекеттердің құқықтық жүйелеріндегі интеграциялық процестер күшейтілуде. Бұл құқықтық қауымдастықтан өзара іс-әрекеттің, әріптeстік пен үйлестірудің жаңа әдістерін табуды қажет етеді. Құқықтық қамтылуы жоқ экономикалық әріптестіктің мәні жоқ. 

Кәсіпкерлік қызметі процесінде туындайтын даулар құқықтық құралдармен шешіледі, оған дауларды сот тәртібімен шешумен қатар төрелікпен шешу енеді. Соңғының тиімділігі мен рольі жан-жақты күшеюде, себебі төрелік дауларды соттан тыс барынша тиімді реттеуді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты дауларды төрелікпен қарау мәселелері сөзсіз қызығушылықты танытады. 

2016 жылдың 8 сәуірі күні Қазақстан Республикасында «Төрелік туралы» Заңы қабылданды, ол дауларды тиімді шешу мен халықаралық стандарттарға сәйкес төрелікті дамытуға өз септігін тигізуі тиіс. 

«Төрелік туралы» Заңының басымдылықтарының бірі деп, ол – халықаралық төрелік пен аралық соттар туралы екі күші жойылған заңдардың нормаларын өзіне біріктіргендігін таныған жөн. Бұл заңдардың бірдей ережелеріндегі қайталауларды алып тастауға мүмкіндік берді, бұл біздің көзқарасымыз бойынша төреліктің өнімді және тиімді жұмысына себептес болады. Сонымен қатар, біздің ойымызша Заңмен, Қазақстан Республикасындағы төреліктің бұдан әрі дамуына оң септігін тигізетін ережелер қарастырылған. 

Алматы қаласы Әділет департаментінің 

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі

27.07.2018