Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

13.04.2018

Основные направления деятельности органов юстиции и меры по ее совершенствованию

Әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары және оларды жетілдіру шаралары

Қазақстан Республикасы өз Конституциясына сәйкес, ең жоғары құндылық – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде мойындалады. 

Бүгінгі таңда еліміздегі әрбір азаматтың құқықтары мен мүдделерінің көпшілігін жүзеге асыру әділет органдарының қызметіне байланысты болып тұр. «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдайтын, мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ететін атқарушы органдар болып табылады, сондай-ақ атқарушы құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әділет органдарының алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі – адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу, ұлттық даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға, заңнамалық жұмыстарды жүргізуге, заңнаманы талдауды жетілдіруге, жүйелендіруге қатысу жолымен қазақстандық қоғамның және мемлекеттің тұрақты және прогрессивті дамуын қамтамасыз ету. 

Қазақстан Республикасы Министрлігінің мемлекеттік қызметтерді сапалы қамтамасыз ету азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ елдің экономикалық және әлеуметтік даму деңгейінің көрсеткіші ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта Әділет министрлігі мемлекеттік қызметтердің 53 түрін ұсынады, олардың ішінде 2015 жылы оларға 11 миллионнан астам қызмет көрсетілді. 

Қазақстан Республикасының әділет органдары Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық өкілдерімен бірлесіп кәсіпкерлік және халық арасында заңнамалық инновацияларды түсіндіру үшін үнемі жұмыс жүргізіп отырады. Астана қалалық Әділет департаменті мен оның бөлімшелерінде Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіштерін жақсартуға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген, онда бизнес-қауымдастық өкілдерінің, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, кәсіпкерлер палатасы, нотариалды палатаның қатысуымен заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлік объектілерін тіркеу, т.с.с. салалары бойынша Қазақстан Республикасы заңнамалары ережелерін түсіндіру және талқылауды көздейтін қала кәсіпкерлері үшін «Ашық есік күні», кездесулер, дөңгелек үстелдер, брифингтер ұйымдастырылады. 

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында «Нұр Отан» қоғамдық қабылдауында тегін заңгерлік көмек көрсетіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі кәсіпкерлікке әкімшілік кедергілерді азайту бойынша тиімді шаралар қабылдайды. 

Атап айтқанда, бизнесті құру тәртібі жеңілдетілді, яғни лицензиялаудан тіркеу рәсімінен хабарлау рәсіміне көшу қарастырылады. Бүгінгі таңда азаматтар мемлекеттік қызметтердің белгілі бір түрлерін электронды үкімет арқылы үйден шықпай алады. Мысалы: жеке тұлғаның заңды тұлға боп тіркелгені туралы, жеке тұлғаның басқа басқа заңды тұлғаларға қатысуы, заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің барлығы, тіркелген заңды тұлға, филиал және өкілдіктің болуы, заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы 5 түрлі анықтама беру. 

Мемлекет басшысының мемлекеттік органдар алдында, сондай-ақ әділет органдарының алдына қойған барлық тапсырмаларын орындау бүгінгі күні өз дәрежесінде жүзеге асырылуда және тапсырылған істің нәтижелі болуы әділет органдарының үйлестірілген шығармашылық жұмысы, күш-жігерді шоғырландыру және барынша ықыласпен атқаруына байланысты. 

Алматы қаласы Әуезов аудандық әділет 

Басқармасының жетекші маманы                                                   Г. И. ЕСМҰРАТОВА

13.04.2018