Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

17.07.2017

ОСТОРОЖНО, СУХОСТОЙ!

АБАЙЛАҢЫЗ, ҚУРАҒАН ШӨП!

Жаз мезгілінің келуімен температураның жоғарлауына байланысты қураған шөпте өрттің орын алу қауіпі артуда. Құрғақ әрі желді климат дала өрттерінің таралуына және құрғақ шөптердің тұтануына алып келеді. Дала өрттері ұшқынды әр түрлі қашықтыққа тарататын отты құйындарымен де қауіпті. 

Құрғақ шөптің және қатты тұрмыстық қалдықтардың жануы салдарынан материалдық шығынға, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіре отырып, жақын орналасқан тұрғын үйлерге, жанармай құю станциясына, ғимараттар мен үймереттерге шарпу қауіпі орын алады. Құрғақ шөптерді қапқа жинап арнайы орындарға апару арқылы тазарту керек. 

Құрғақ шөптің және қатты тұрмыстық қалдықтардың жануын болдырмау мақсатында Әуезов ауданы ТЖ бөлімі келесідей іс-шараларды орындауда: аудан көлемін бағдарлау кезінде анықталған құрғақ шөптер тез арада жинастырылады, тұрғындармен жадынамалар тарату арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, сонымен қатар Әуезов ауданының коммуналдық қызметтері мен ПИК төрағаларына шөптің уақытылы шабылуы мен тұрмыстық қатты қалдықтардың тиесілі жерлерде болмауына қатты назар аудару тапсырылды. 

Тұрғындарға өрт маусымында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, шөптің бақылаусыз жануын, темекі шегу кезінде мұқият болу, кепкен шөпке тұқылды лақтырмау ұсынылады. 

Қарапайым ережелерді сақтаңыз: 

- сіріңкені және тұқылдарды лақтырмаңыздар; 

- өрт қауіпті маусымда қалдықты жақпаңыздар; 

- демалыс орнынан шыққанда алауды сумен сөндіріңіздер немесе жалын сөнбегенше топырақпен көміңіздер; 

- өрттің басталып жатқаның көрсеңіздер оны сумен немесе топырақпен сөңдіріңіздер; 

- қораларда, шатырдың астында және жанғыш заттар сақталатын т.б. жерлерде ашық жалынды пайдалануға немесе шылым шегпеңіздер; 

- құрылыстардың өртке қарсы ара қашықтықтарында жанғыш заттарды (ыдыс, шөп, шырпылар, т.б.) сақтамаңыздар; 

- керосинді, газды, тұрмыстық электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыздар. 

Отпен жұмыс жасағанда қауіпсіздікті қатаң сақтау қажеттігін естең шығармаңыздар. 

Өрт орын алған жағдайда 101 нөмірі арқылы жедел түрде өрт сөндіру қызметіне хабарласыңыздар. 

Әуезов ауданы төтенше жағдайлар бөлімі

17.07.2017