Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

14.03.2018

Помощь пострадавшим при наводнении

Су тасқынынан зардап шегушілерге көмек көрсетілуде

Шығыс Қазақстан облысындағы тосыннан болған табиғат апаты салдарынан үйсіз-күйсіз қалған қарапайым жандардың ауыр тағдыры барша алматылықтарды қатты алаңдатып отыр. Осыған байланысты, "Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалы мен "Жас Отан" Жастар қанатының белсенділері су тасқынынан зардап шегушілерге қолдау көрсету мақсатында 8 ауданда гуманитарлық көмек қабылдау пунктерін ұйымдастыруда. 

Партияның қалалық филиалы мен «Coms Trade AG» ЖШС ұжымы өздерінің бір күндік жалақыларын арнайы есепшотқа аударса, Алматы қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері, басқа да қоғамдық ұйымдардың белсенділері мен жекелеген кәсіпкерлердің қатысуымен гуманитарлық көмек қоры жинақталуда. Мысалы, Қазіргі уақытта «Алматы-ІІ» теміржол бекетіндегі бастауыш партия ұйымы арқылы осы жинақталған алғашқы гуманитарлық сәлемдемелерді Шығыс Қазақстандық ағайындарға жөнелту жолдары қарастырылуда. 

Өздерінің нақты көмегі мен қолдауын көрсетуді ниет еткен азаматтар "Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалы (Абылайхан даңғылы, 79, 304 бөлмеге немесе 8727 2254901 телефоны) арқылы хабарласуына мүмкіндіктері бар. 

Сондай-ақ, аудандар бойынша көмек жинау бөлімшелері мына мекен-жайларда орналасқан:

Алатау ауданы – Көкқайнар ы/а, Абай к-сі, 1/33, тел. 8-701-841-95-96 

Алмалы ауданы – Грановский к-сі, 96, тел. 8727248-12-98 

Әуезов ауданы – Төле би к-сі, 277, тел. 87273748603 

Бостандық ауданы – Жароков к-сі, 124, тел. 8727396-04-95 

Жетісу ауданы – Құлагер ы/а, 59/1, тел. 8727222-22-90 

Медеу ауданы – Радлов к-сі, 65, тел. 87272630741 

Наурызбай ауданы – Қарағайлы ы/а, Қ. Нәдіров к-сі, 113, тел. 8701 893 1670 

Түрксіб ауданы – Рихарде Зорге к-сі, 11, тел. 8727247-22-04


14.03.2018