Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

28.08.2017

Проведена акция «Выбирай безопасный продукт»

«Қауіпсіз азық-түлікті сатып ал!» акциясы өтті

Әуезов ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері мен «Ұлттық сараптама орталығының» ШЖҚРММ филиалының қызметкерлері бірігіп, Тепличный ы.а., 11В/ үйде орналасқан, «Магнум&Gash Carry» ЖШС супермаркетінде «Қауіпсіз азық-түлікті сатып ал!» атты акциясын өткізіді. 

Аталған акция тұрғындардың сатып алатын азық-түлігінің сапасы жөніндегі ақпараттандыруды жоғарылатуға бағытталған. Әрбір тұтынушыға, зертханалық экспресс-зерттеудің көмегімен көкөніс пен бақша өнімдеріндегі нитрат және пестицидтердің анықталған құрамы дайын өнімдердің термикалық өңдеу көрсеткіштері, тағамдық өнімдердің бактериологиялық ластану, сүт және сүт тағамдарының қышқылы деңгейі ұсынылды. 

Акция барысында «Магнум & Gash Carry» ЖШС супермаркетінің тұтынушыларына парақшалар таратылып, «Тұтынушыларға арналған ақпараттар» кітапшалары таратылып, сауалнамалар жүргізілді. Сауалнама алынған адамдардың орташа жасы 40-тан 60 жас аралығындағылар – 60 пайызды құрады. Сауалнама бойынша анықталғаны: тұтынушылардың 35 %-ы азық-түлікті базарлардан алса, 63 % - дүкендерден, 2 % заңсыз орын алған сауда нүктелерінен сатып алады. Тұтынушылардың 75 % отандық өнімдерді алса, 25 % импортталған өнімдерді қалайды. Тағам өнімдерін сатып алған кезде тұтынушылардың 80 % тұтыну мерзіміне көңіл бөлсе, 90 % өнімнің құрамына, 75 % өнімнің сыртқы түріне, 60 % тағамдық және биологиялық құндылығына, 45% сатудың және сақталудың шарттарына қарайды екен. Тұтынушылардың құқығы бұзылған жағдайда сауда объектісінің әкімшілігіне 43 %, бақылау органына 47 % шағымданады, еш жаққа шағымданбайтындары 10 % құрайды. 

Басқарма қызметкерлері тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі, астан улану жөнінде тұтынушыларға түсіндірме әңгімелерін жүргізіп, ақпараттық материалдар, буклеттер үлестіріліді, сонымен бірге радиожеліден мемлекеттік және ресми тілде лекция оқылды. Зертханалық экспресс-зерттеулер үшін, көкөніс пен бақша өнімдеріндегі нитрат және пестицидтерді анықтау үшін 12 сынама, дайын өнімдердің термикалық өңдеу көрсеткіштеріүшін 6 сынама, тағамдық өнімдердің бактериологиялық ластануына 7 сынама, сүт және сүт тағамдарының қышқылына 1 сынама алынды.

28.08.2017