
28.08.2017
Проведена акция «Выбирай безопасный продукт»
«Қауіпсіз азық-түлікті сатып ал!» акциясы өттіӘуезов ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері мен «Ұлттық сараптама орталығының» ШЖҚРММ филиалының қызметкерлері бірігіп, Тепличный ы.а., 11В/ үйде орналасқан, «Магнум&Gash Carry» ЖШС супермаркетінде «Қауіпсіз азық-түлікті сатып ал!» атты акциясын өткізіді.
Аталған акция тұрғындардың сатып алатын азық-түлігінің сапасы жөніндегі ақпараттандыруды жоғарылатуға бағытталған. Әрбір тұтынушыға, зертханалық экспресс-зерттеудің көмегімен көкөніс пен бақша өнімдеріндегі нитрат және пестицидтердің анықталған құрамы дайын өнімдердің термикалық өңдеу көрсеткіштері, тағамдық өнімдердің бактериологиялық ластану, сүт және сүт тағамдарының қышқылы деңгейі ұсынылды.
Акция барысында «Магнум & Gash Carry» ЖШС супермаркетінің тұтынушыларына парақшалар таратылып, «Тұтынушыларға арналған ақпараттар» кітапшалары таратылып, сауалнамалар жүргізілді. Сауалнама алынған адамдардың орташа жасы 40-тан 60 жас аралығындағылар – 60 пайызды құрады. Сауалнама бойынша анықталғаны: тұтынушылардың 35 %-ы азық-түлікті базарлардан алса, 63 % - дүкендерден, 2 % заңсыз орын алған сауда нүктелерінен сатып алады. Тұтынушылардың 75 % отандық өнімдерді алса, 25 % импортталған өнімдерді қалайды. Тағам өнімдерін сатып алған кезде тұтынушылардың 80 % тұтыну мерзіміне көңіл бөлсе, 90 % өнімнің құрамына, 75 % өнімнің сыртқы түріне, 60 % тағамдық және биологиялық құндылығына, 45% сатудың және сақталудың шарттарына қарайды екен. Тұтынушылардың құқығы бұзылған жағдайда сауда объектісінің әкімшілігіне 43 %, бақылау органына 47 % шағымданады, еш жаққа шағымданбайтындары 10 % құрайды.
Басқарма қызметкерлері тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі, астан улану жөнінде тұтынушыларға түсіндірме әңгімелерін жүргізіп, ақпараттық материалдар, буклеттер үлестіріліді, сонымен бірге радиожеліден мемлекеттік және ресми тілде лекция оқылды. Зертханалық экспресс-зерттеулер үшін, көкөніс пен бақша өнімдеріндегі нитрат және пестицидтерді анықтау үшін 12 сынама, дайын өнімдердің термикалық өңдеу көрсеткіштеріүшін 6 сынама, тағамдық өнімдердің бактериологиялық ластануына 7 сынама, сүт және сүт тағамдарының қышқылына 1 сынама алынды.