Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Үшеуі біреуінде: e.gov.kz порталы арқылы заңды тұлғаны тіркеу, банктік шот ашу және сақтандыру келісімшартын жасасу мүмкіндігі пайда болды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

23.01.2018

Три в одном: зарегистрировать юридическое лицо, открыть банковский счет и заключить договор страхования одним разом стало возможно на eGov.kz

Үшеуі біреуінде: e.gov.kz порталы арқылы заңды тұлғаны тіркеу, банктік шот ашу және сақтандыру келісімшартын жасасу мүмкіндігі пайда болды

2018 жылдан бастап www.e.gov.kz «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, банктік шот ашу және өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында жазатайым оқиғалардан жұмысшыны міндетті сақтандыру» жаңа композиттік қызметі іске қосылды. 

Егер бұрын азамат бірінші заңды тұлғаны тіркеуден өткізіп, содан кейін, банкке шот ашу үшін тіркеу туралы анықтаманы ұсынып, сонымен қатар, міндетті сақтандыру келісімшартын жасасу мақсатында сақтандыру компаниясына жүгіну қажеттілігі туындаған болса, қазір, жаңа композиттік қызметтің арқасында азаматтар екі жұмыс күні ішінде (өтініш тапсыру күнін есепке алмағанда) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтамамен қатар, банктік шоттың нөмірі мен жұмысшыны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы қол қойылған келісімшартты қоса алу мүмкіндігі туды. 

Қызмет қалай жұмыс істейді?

www.e.gov.kz «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы заңды тұлғаны тіркеу барысында жүйені пайдаланушы заңды тұлға туралы келесі мәліметтерді толтырады – заңды тұлғаның атауы, қызметкерлер саны, басшы және құрылтайшылар туралы мәліметтер және т.б. Сонымен қатар, барлық құрылтайшылардың аталған порталда тіркелуі міндетті, өйткені, пайдаланушының жеке кабинетіне заңды тұлғаны тіркеуге өтінімді мақұлдау туралы өтініш келеді. 

Бұдан әрі, осы жаңа қызметтің шеңберінде пайдаланушыға банктік шот ашуға және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы келісімшарт жасасу ұсынылады. Ол үшін пайдаланушы берілген тізімнен банк пен сақтандырушы компанияны таңдап, бенефициарлар мен қол қоюға құқылы тұлғаларды көрсетіп, сауалнаманы толтырып және eGov порталында көрсетілген құжаттарды тіркеу қажет. 

Бүгінгі таңда аталған композиттік қызметке екі банк – «ForteBank» АҚ-ы және «Цеснабанк» АҚ-ы, сонымен қатар, сақтандыру қызметін жүзеге асыратын «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-дары қосылған. 

Алдағы уақытта жоғарыда көрсетілген қызмет түріне қосылатын банктер мен сақтандыру компанияларының саны артып, азаматтардың жайлылығы мен еліміздегі бизнес-климатты жақсартуда биылғы жылы бірнеше жаңа қызмет түрлері жүзеге асырылатын болады. Аталған шаралар Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның позициясын жақсартуда өз септігін тигізеді.

23.01.2018