Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Қазақстан халық банкі» АҚ-мен бірлесіп, еліміздегі ең ірі қаржы институттарының бірі – Халық банкінің (Halyk Bank) 95 жылдығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгенің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өткізеді
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

21.02.2018

Центральный государственный музей Республики Казахстан совместно с АО «Народный Банк Казахстана» (Halyk Bank) проводят мероприятие, посвященное 95-ти летию одного из старейших финансовых институтов Республики Казахстан и 25-ти летию национальной валюты

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Қазақстан халық банкі» АҚ-мен бірлесіп, еліміздегі ең ірі қаржы институттарының бірі – Халық банкінің (Halyk Bank) 95 жылдығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгенің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өткізеді

Кез-келген мемлекет тарихында тек бір рет енгізіліп, Тәуелсіз Егеменді мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі болып табылатын төл валютасы ерекше орын алады. 

Теңге тарихы ел президентінің 1993 жылдың 12 қарашасындағы «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шыққан кезден бастау алады. Өзіндік ақша бірлігін айналымға енгізу, Ұлттық банк пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өз бетінше елдің ішкі және сыртқы саясатында табыстарға жетуге бағытталған экономикалық және ақша-несиелік саясат жүргізуге мүмкіндік берді. 

Теңгенің ширек ғасыр өмір сүруі – оның Қазақстан тарихында алатын орынының маңыздылығын көрсетеді. Елімізде екі деңгейлі банк жүйесі жұмыс істейді. 

Бірінші деңгейде мемлекеттік ақша-несиелік саясатын қамтамасыз етіп, қаржы нарығын реттеу мен бақылау қызметін атқаратын Ұлттық банк тұр. 

Екінші деңгей мемлекеттік және/немесе шетелдік капиталға қатыса алатын және тікелей клиенттерге қызмет көрсететін коммерциялық банктерден тұрады. Еліміздегі көне де ең ірі банктердің бірі – Қазақстан Халық банкі. Оның тарихы 1923 жылдың тамыз айында Халық комиссариаты кеңесінің бұйрығына сай, Ақтөбе қаласында ашылған Қазақстандағы тұңғыш жинақ кассасынан бастау алады. Тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемендігіміз екшелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Жинақ банкі дербес заңдық құрылым – «Қазақстан Халық Банкі» болып қайта ұйымдастырылды. 

Бүгін 95 жылдық тарихы бар әмбебап коммерциялық банк өзінің еншілес компанияларымен бірігіп еліміздегі ең ірі – Halyk Group қаржы тобын құрды. Қаржылық топ халыққа, оның ішінде жалпы тұрғындарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне, корпоративтік клиенттерге алуан түрлі қаржылық қызмет: банктік, зейнетақылық жинақ, сақтандыру, лизинг (жалға беру), брокерлік-дилерлік, активтерді басқару қызметтерін ұсынады. Сондай-ақ Халық Банкі өзінің алыс-жақын шетелдердегі (Ресей, Грузия, Қырғызстан) еншілес құрылымдары арқылы да банктік операцияларды жүзеге асырады. 

Аталмыш іс-шара жұртшылықты ҚР МОМ нумизматикалық қор коллекцияларынан алынған Қазақстандағы ақша айналымының тарихымен таныстырады. Іс-шара бағдарламасында: 

- 24 ақпан сағ. 12. 00-де – «Теңге – тиыннан, тұлпар – құлыннан (Тәуелсіздіктің бірегей тұғыры) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қорынан» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. 

Тақырыптық-хронологиялық принцип бойынша құрылып отырған бұл көрмеде ерте кезеңдерден бастап қазіргі Қазақстан аумағында және онымен көршілес аймақтарда пайда болған мемлекеттердің (Кушан-Сасан, Түрік-Түргеш, Қарахан, Шағатай, Жошы, Темір әулеттері және т.б.) сауда-экономикалық айналымында, тауар-ақша қарым-қатынастарында болған күмістен, мыстан жасалған көне монеталар қазақ және орыс тілдеріндегі ғылыми сипаттамаларымен үлкейтілген түрінде жұртшылық назарына ұсынылады. 

Сондай-ақ Ресей патшалығы, Кеңес Одағы кезеңінде қолданыста болған қағаз ақшалардың (бонистика) алуан түрлері мен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің алғашқы және кейінгі үлгілері, тәуелсіздік жылдарындағы түрлі нумизматикалық топтамалар, яғни мерейтойлық монеталарды да осы көрме төрінен табуға болады. 

Сонымен қатар көрмеге келушілер назарына ҚР МОМ қорынан алынған мұрағаттық құжаттар, облигациялар, лотерея билеттерімен қатар түрлі иллюстрациялар, кестелер және осы тақырыпты аша түсетін қосымша экспонаттар қойылады. 

Көрме аясында оқушылар мен студенттер назарына «Нумизматика әлемінде» атты музейлік-педагогикалық бағдарлама ұсынылады.

- 24-25 ақпан сағ. 9.30-дан 17.30-ға дейін – ҚР Мемлекеттік орталық музейі мен «Қазақстан Халық банкі» бірлесіп, «95 Ізгі іс» фестивалі аясында «Ашық есік күндері» акциясын өткізеді. 

Акция кезінде келушілер музейдің 4 экспозициялық залдарын: «Палеонталогия және археология», «Қазақ этнографиясы», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан және диаспоралар мәдениеті», «Тәуелсіз Қазақстан» және «Теңге – тиыннан, тұлпар – құлыннан (Тәуелсіздіктің бірегей тұғыры) көрмесін тегін тамашалай алады. Бұл күндері музей экскурсоводтары қазақ және орыс тілдерінде тегін экскурсиялар жүргізеді.  

Көрме 2018 жылдың 20 наурызына дейін жалғасады. 

Анықтама телефондары: 264-55-77, 264-36-33, 264-46-50.

21.02.2018