Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматы қаласы Мәслихатының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 62 «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы»
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

13.12.2016

В соответствии с Решением маслихата города Алматы от 24 ноября 2016 года № 62 «Об оказании единовременной социальной помощи к 25-летию независимости Республики Казахстан отдельным категориям нуждающихся граждан»

Алматы қаласы Мәслихатының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 62 «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы»

ХАБАРЛАМА 

Алматы қаласы Мәслихатының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 62 «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне сәйкес Алматы қаласында тіркелген және тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 50 мың теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған. 

• Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері; 

• Мәртебесі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 6, 8 баптарында анықталған Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар; 

• Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен марапатталмаған, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) адамдар; 

• Чернобыль АЭС-iндегi апат зардаптарын жою салдарынан және Чернобыль АЭС-індегі апат салдарынан қаза тапқан адамдардың отбасылары; 

• Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi; 

• Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар; 

• Он сегіз жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылар; 

• Тұрғын үй көмегін алатын отбасылар; 

• Жарты жылда бір рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленетін әлеуметтік көмек алушылары; 

• Аталған санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын бірінші және екінші топ мүгедектері; 

• Амбулаториялық емдеу кезеңіндегі IV санаттағы туберкулезбен науқас азаматтар; 

• «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; 

• Аталған санат бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алатын мүгедек баланы тәрбиелейтін отбасылар. 

• Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшідік және тәртіптік жауапқа тартылған, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған тұлғалар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 20 мың теңге алады, қосымша Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 210 «Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігін белгілеу туралы» шешіміне сәйкес 30 мың теңге төленеді. 

Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамдарға көмек тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді. 

Қосымша түсініктеме алу үшін тіркелген тұрғылықты мекенжай бойынша Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқарманың аудандық бөлімдеріне хабарласуға болады. 

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мекенжайы: 

• Алатау ауданы: Шаңырак-2 ықшам ауданы, Жанқожа батыр көшесі 26,тел: 395-36-05, 395-36-40; 

• Алмалы ауданы: Шевченко көшесі, 89 үй, тел: 272-86-84, 261-02-81; 

• Әуезов ауданы: 3-ші ықшам аудан, 41В үйі, тел: 276-36-50, 277-48-83; 

• Бостандық ауданы: Жандосов көшесі, 2 үй, тел: 392-22-95, 392-21-32; 

• Жетісу ауданы: Мақатаев көшесі, 142 үй, тел: 279-35-87, 279-37-72; 

• Медеу ауданы: Төле би көшесі, 12 үй, тел: 291-06-65, 291-93-16; 

• Наурызбай ауданы: Қалқаман ықшам ауданы, 24 үй, тел: 309-81-87, 309- 82-18; 

• Түрксіб ауданы: Рихард Зорге көшесі, 18 үй, тел: 232-78-25, 232-78-63.

13.12.2016