Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Кешегі – Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы, бүгінгі – Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

18.04.2017

Вчера – Управление защиты прав потребителей, сегодня – Управление охраны общественного здоровья

Кешегі – Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы, бүгінгі – Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақста Республикасы Үкіметінің 2017жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлтық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті одан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитетін бөліп шығару жолымен және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің құзіреті мен функцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне берілуі жолымен қайта ұйымдастырылды. 

Кезіндегі Әуезов аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы ендігі таңда Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Әуезов ауданы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы болып ауыстырылды.  

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының миссиясына: халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жолымен қоғамдық денсаулықты сақтау, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, техникалық регламенттері мен нормативтік құжаттардың талаптарының орындалуын бақылау және қадағалау, медициналық қызметтердің сапалы көрсетілуін, сондай-ақ тамақ өнімдерін өндіру және сату салаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, салааралық координация, стратегиялық, регулетивтік, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсаттық функциялары кіреді. 

Сондай-ақ, жергілікті Ведомстволардың функцияларына өз құзіреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе жекелеген түрлерін тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдау; денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу жөнінде лицензиялау қағидаларының сақталуын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлама тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; өз құзіреті шегінде жобалардың мемлекеттік сараптамасына қатысу және тағы басқа функциялар кіреді. 

Біздің стратегиялық мақсатымыз - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және қоғамдық денсаулықты сақтау!

18.04.2017