Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

10.04.2018

Все для народа!

Барлығы бұқара халық мүддесі үшін!

Алматы қаласы Әуезов ауданы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, әуел баста қоғамдық денсаулықты сақтауға бағытталған қызметімен барынша экономиканың және қоғамның жоғары дамуына айтарлықтай үлес қосуда. 

Бүгінгі таңда, жалпы қоғамның, мемлекеттің, тіпті кез келген сектор қызметіне, денсаулықтың нашарлауы себебінен туындайтын қолайсыз салдарын болдырмау мақсатында, 2018 жылғы 1 тоқсанда өнімнің қауіпсіздік мониторингі аясында 6 сату объектілерінде сатып алу жұмыстары ұйымдастырылды. Өкінішке орай, барлық 6 сату обектілерінде де өнімнің қаптамасына қатысты техникалық регламентердің талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ микробиологиялық және физикалық-химиялық көрсеткіштері берілген стандарттардан ауытқыған өнімдер анықталды (55,1 %).

Жалпы көлемде 58 өнім үлгілеры алынған (Сәйкес келмейтіні - 55,1 %), сатып алынған өнімнің талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді: ет өнімдері (3,4 %), құс өнімдері (1,7 %), балық өнімдері (5,1 %), сүт өнімдері (10,3 %), ұн өнімдері (1,7 %), май өнімдері (5,1 %), кондитерлік өнімдер (6,8 %), кулинариялық өнімдер (3,4 %), биологиялық белсенді қоспалар (3,4 %), темекі өнімдері (1,7 %), балаларға арналған өнімдер (10,3 %) және өзгелері (3,4 %). 

Барлық 6 жағдайда да жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты Әкімшілік істер қозғалды, оның ішінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425 бабы 1 бөлімі бойынша - 3 кәсіпкерге қатысты Әкімшілік іс қозғалса, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 462 бабы 3 бөлімі бойынша- қалған 3 кәсіпкерге қатысты Істер, Алматы қалалық мамандырылған аудынаралық Әкімшілік сотына жіберілді.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарын бұзуды болдырмау, алдын алу мақсатында, біздің Басқармамызбен жүйелі түрде кәсіпкерлерге арналған семинарлар, халықтың құқықтық сауаттылығын арртыруға бағытталған акциялар ұйымдастырылып, өткізіледі. 

Әуезов ауданы қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының Есігі бұқара Халыққа әрқашан ашық, себебі азаматтық қоғамның Даусы қоршаған орта жағдайларына, өмір сүру факторларына, адам денсаулығына зиян тигізетін өнімдерге Назар аударту үшін ерекше маңызды. 

Алматы қаласы Әуезов ауданы қоғамдық 

денсаулық сақтау Басқармасы техникалық 

регламенттердің талаптарының орындалуын 

бақылау бөлімінің Басшысы                                          Смагулова Назира Камалбаевна, 

т. 3376458.

10.04.2018