Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
ТКШ ТКШ



«109» Бірыңғай кезекті-диспетчерлік қызметі


Алматы қаласы әкімдігінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласының тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына қатысты апаттық және басқа да жағдайлар туралы хабарламаларды орталықтандырылған қабылдау мен өңдеу үшін ШЖҚ «Алматы қаласындағы құтқару қызметі» МКК «109» Бірыңғай кезекті-диспетчерлік қызметі базасында Алматы қаласының энергиямен, жылумен, газбен, сумен жабдықтау және су тарту нысандарынан бастапқы ақпаратты жинау жөніндегі Бірыңғай орталық құрылды.

Алматы қаласының тұрғындары үшін Бірыңғай орталықты құрудың негізгі артықшылығы қала және ұялы телефондардан «109» бірыңғай нөміріне тегін қоңырау шалудың оңайлығы мен қол жетімділігі болып табылады.

Бірыңғай орталықтың негізгі міндеттеріне келесілер жатады:

 тұрғындардан және ұйымдардан Алматы қаласының тіршілікті қамтамасыз ету нысандарындағы апаттық және төтенше жағдайлар,  сондай-ақ технологиялық бұзушылықтар туындау қауіпі немесе дерегі туралы ақпарат беретін кез келген оқиғалар жөніндегі хабарламаларды қабылдау.

Алматы қаласының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіндегі апаттық және жоспарланған жұмыстар туралы ақпаратты сұраныс бойынша ұсыну.

Алматы қаласын жылумен, газбен, электрмен, сумен жабдықтайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың кезекті-дсипетчерлік қызметтерінің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру.

Тіршілікті қамтамасыз етудің кезекті-диспетчерлік қызметтерінің жұмысын үйлестіру.

Бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру.

Қалада бірыңғай кезекті-диспетчерлік қызмет (БКДҚ) құрумен қатар барлық инженерлік жүйелер жұмысында туындаған бұзушылықтарға әрекет ету және оларды жою уақыты қысқарады деп ұйғарылады, ең алдымен мына себептен:

-  қала қызметтерінің бұрынғы көптеген байланыс телефондарының орнына бірыңғай қоңырау шалу нөмірі бар. Енді қала тұрғынына тек қана бір қысқа нөмірге қоңырау шалу жеткілікті, ол жерде өз кезегінде тапсырысты немесе ақпаратты жедел түрде тиесілі қызметке жібереді де, тұтынушының тапсырысын орындауды бақылауға алады.

-   «109» нөміріне ұялы телефондардан тегін хабарласуға болады.

-  тұрғындардан кәсіпорынға тікелей түсетін кәсіпорынның қызметіне қатысы жоқ (ыстық сумен жабдықтау, жылыту, арық жүйелері жұмысындағы бұзушылықтар, т.б.) өтінімдердің саны азаяды.

-  кәсіпорын тарапынан БКДҚ-не сумен жабдықтау және су тарту, электрмен және жылумен жабдықтау, газ және байланыс желілерінде өткізілетін іс-шаралар бойынша ақпарат жедел түрде жіберіледі.

Бұдан былай Бірыңғай орталыққа Алматы қаласының көріктендіру қызметтерін - «Алматы Тазалық» МКК және «Алматы Тәртіп» АҚ, сондай-ақ ПИК (КСК) қосу жоспарланып тұр.

Апаттық және төтенше жағдайлар туындағанда Алматы қаласының тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының барлығымен өзара әрекеттесу және ақпаратпен алмасу тәртібі әзірленіп, келісілді. Бүгінгі күнге дейін «109» БКДҚ жұмысы тест режімінде жүзеге асырылған болатын.

Барлық апаттық және төтенше жағдайлар бойынша жедел әрекет ету және бақылау мақсатында жұмыстар толық аяқталғанша дейін оқиғаға үздіксіз мониторинг жүргізіледі.

«109» БКДҚ өзара әрекеттесумен қатар коммуналдық кәсіпорындардың барлық диспетчерлік қызметтері штатты режімде жұмыстарын жалғастыруда.