Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Бос жұмыс орыны БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ



Сұрақтар құзыреті


«ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА БАҒДАРЛАНУ» құзыреті

  •  

Қандай жағдайларда Сіздің мекемеңіз озық сападағы қызметтерді көрсетеді? Айтылғандардың қайсысы іске асты?

  •  

Қызмет атқару барысында Сіз көрсетілетін қызметтердің сапасын айтарлықтай көтере алдыңыз ба? Қай бағыт бойынша? Ол үшін Сіз не істедіңіз?

  •  

Сіз қызмет көрсетудің негізгі және мейлінше тиімді құралдарын атап бере аласыз ба? Сіз қандай өлшемдерді қолданасыз?

  •  

Ағымдағы жылы Сіздің құрылымдық бөлімшеңізде мемлекеттік қызмет көрсетудің қандай құралдары қолданыла бастады?

  •  

Сіздің тәжірибеңізде азамат өзіне қажетті қызметті ала алмаған жағдайлар болды ма? Мысал келтіріңіз.

  •  

Көрсетілетін қызметтердің «қолжетімділігі» дегеніміз не? Сіз оны қалай қамтамасыз етесіз?

  •  

Сіз тұтынушылардың қанағаттанушылығын мониторингілеуді қаншалықты жиі және қандай әдістермен жүргізесіз?

  •  

Сіз қызмет көрсетуді жетілдіру шараларын қалай әзірлейсіз, мысал келтіріңіз?

  •  

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының қандай өлшемдері айрықша принципті болып табылады? Сапаны нысаналы деңгейінде үнемі ұстап тұру мүмкін бола ма?

  •  

Қызмет көрсету кезінде Сіздің деңгейіңізде қандай мәселелер жиі туындайды? Сіз жұмысты қалай ұйымдастырасыз және Сіздің ондағы рөліңіз қандай?

  •  

Қанағаттанушылық деңгейін анықтау бойынша қандай жүйелі жұмыс жүргізілуде? Сіздің ондағы рөліңіз қандай?

  •  

Сіз кері байланысты қалай қамтамасыз етесіз?

  •  

Сіз қызметтер сапасын мониторингілеуді қаншалықты жиі және қандай әдістермен жүргізесіз?

  •  

Қызметтер сапасын сақтап отыру үшін қаншалықты күш салуыңызға тура келеді?

  •  

Қызметті тұтынушыға кішіпейілділікпен қарау үшін қаншалықты күш салуыңызға тура келеді?

 «ӨЗДІГІНЕН ДАМУ» құзыреті

  •  

Қызметшілердің мәдениетін қалыптастыру, тұрақты оқуы, дамуы үшін не қажет? Бұл қызметтегі Сіздің рөліңіз қандай?

  •  

Мекеме қызметшілерін оқыту және дамыту үшін жағдайлар жасау бойынша қандай жұмыс жүргізілуде? Сіздің рөліңіз қандай?

  •  

Қызметкерлердің әлеуетін көтеру бойынша жұмыс қалай жүргізілуде? Дамытуды талап ететін құзыреттер қалай анықталады?

  •  

Неге бір адамдарға үнемі жаңа бір дүниені меңгеріп алу ұнаса, ал екіншілері технологиялар бойынша тексерілген жұмысты қалайды? Сіздің ұстанымыңыз қандай?

  •  

Ілгері кәсіби өсудің үш артықшылығы мен үш кемшілігін атап беріңіз.

  •  

Соңғы тоқсанда Сіз нені үйрендіңіз? Сіз дамыту құралдарының қай түрлеріне бардыңыз? Атап беріңіз (тренингтер, вебинар, семинар, нұсқау беру, кәсіби әдебиетті оқу және т.б.).

  •  

Сіздің құрылымдық бөлімшеңізде келешегі бар қызметкерлерді алға ілгерілету қалай жүргізіледі? Бұл қызметтегі Сіздің рөліңіз қандай?

  •  

Сіз қызметшілерді қалай дамытасыз? Сіздің құрылымдық бөлімшеңізде қызметкерлердің дамуына кім жауапты?

  •  

Қызметкерлерді дамыту бойынша қабылданатын шаралар қаншалықты жүйелі? Нені жақсартуға болады?

  •  

Сіз өзіңіздің құрылымдық бөлімшеңіздің мақтануға тұрарлық негізгі құзыреттерін атап бере аласыз ба? Оларды кім жүзеге асырады?

  •  

Қашан Сізге әріптестеріңізбен бірге тәжірибеңізбен бөлісуге тура келді? Бұл қаншалықты жиі/жүйелі түрде болады?

  •  

Ілгері кәсіби өсудің үш артықшылығы мен үш кемшілігін атап беріңіз.

  •  

Сіз өз қарамағыңыздағы қызметкерлермен бірге олардың құзыреттерін қашан талқыладыңыз? Сізге қарамағыңыздағы қызметкерлердің қандай құзыреттерін дамыту қажет?

  •  

Соңғы уақытта Сіздің кәсіби салаңызда қандай жаңа технологиялар пайда болды? Мұндай технологияларды кім бірінші болып енгізеді? Сіз олар туралы қалай білесіз?

  •  

Соңғы тоқсанда Сіз өзіңіз үшін жаңа қандай әдістер мен дағдыларды қолдандыңыз? (бұрын ешқашан жасамаған)

«ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ» құзыреті

  •  

Сіздің қанша тікелей бағынышты қызметкеріңіз бар? Олардың арасында міндеттер қалай бөлінеді?

  •  

Сіз әдетте қандай да бір ерекше міндеттердің орындаушысын таңдау кезінде нені басшылыққа аласыз? Мысал келтіріңіз.

  •  

Қашан және міндеттерді орындаудың қай кезеңінде тәуекелдің/тәуекелдердің іске асырылып жатқанын не іске асырылып жатпағанын қадағалауға болатынын сипаттап беріңіз? Сіз осы жағдай туралы кімге және қалай хабар бересіз?

  •  

Сіздің ойыңызша, қандай да бір қауіптің болу мүмкіндігі/шынайылығы жөнінде дабыл қағудың мәні бар ма немесе жағдайдың қалыпқа түсуін күтуге әрқашан уақыт бола ма?

  •  

Сіздің ойыңызша, дәлелді шешім қабылдау үшін шешімнің қанша нұсқасы жеткілікті?

  •  

Шешім нұсқалары түрлі болған кезде Сіз олардың біреуін негізгі деп есептейтін жағдайға мысал келтіріңіз? Шешім қабылдаудың қай өлшемдері шүбәсіз, ал қай өлшемдерімен ымыраға келу керек?

  •  

Сіздің деңгейіңізде қабылданатын шешімдердің тиімділігі қалай/қандай өлшемдер бойынша бағаланады? Мысал келтіріңіз.

  •  

Дәйекті, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті болу үшін басшы – мемлекеттік қызметші қандай қасиеттерге ие болуы қажет? Атап беріңіз.

  •  

Шешім қабылдау кезінде Сізге өзіңіздің тәжірибеңіз бен ерік-жігеріңіз жеткілікті болған және Сіз осы үшін маңызға ие мәліметтерді қосымша жинаған жағдайды еске түсіріңіз?

  •  

Өз еркімен шешімдер қабылдаудың немесе ұжымдық көзқарастың қайсысы басшының – мемлекеттік қызметшінің беделіне көп ықпал етеді?

  •  

Сіздің ойыңызша, шешімдер қабылдау үшін қажетті өзекті ақпаратты жинақтау жұмысы қалай ұйымдастырылуы қажет? Бұл қызмет Сіздің мекемеде қаншалықты жұмыс істейді?

  •  

Шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты жинақтауға кім жауап беретінін сипаттап беріңіз?

  •  

Сіз шешімдер қабылдау кезінде тәсілдерді ұжыммен бірге қаншалықты жиі талқылайсыз? Мысал келтіріңіз. Сіздің рөліңіз қандай?

  •  

Сіздің кәсіби салаңызда маңызды шешім қабылдау кезінде қандай қауіптерді міндетті түрде ескеру қажет?

  •  

Сіздің ойыңызша, дәйекті шешім қабылдау үшін шешім қабылдаудың қанша балама нұсқалары жеткілікті? Айтып беріңіз.

 « АДАЛДЫҚ » құзыреті

1.

Сіз қызметшілердің әдеп нормалары мен стандарттарын сақтауын қалай қамтамасыз етесіз? Сіз аталған шаралар мен рәсімдердің жүйелілігі мен тиімділігін қалай бағалар едіңіз?

2.

Сіздің қызметшілеріңіздің әдеп нормалары мен стандарттарын бұзған жағдайлар болды ма? Сіз қандай шаралар қабылдадыңыз?

3.

Сіздің ойыңызша, мемлекеттік қызметшілердің беделі мінсіз ба? Неліктен?

4.

Сіздің қызметшілеріңіз /мекеменің атауы/ бір бөлігі болып табылатынын мақтан тұтады ма?

5.

Сіздің құрылымдық бөлімшеде жұмыс істейтін Өзіңіз мақтан тұтатын қызметкерді атаңыз. Сіз оның қандай жетістіктерін бәрінен жоғары бағалайсыз?

6.

Әдепке жатпайтын мінез-құлыққа жол берген немесе қызметінің талаптарына сәйкес келмейтін қызметшілерді жария түрде кінәлау қажет деп ойлайсыз ба?

7.

Егер Сіз Өз қызметкерлеріңіздің біреуі ұйымға қатысты адалдық танытпағанын білген болсаңыз не істер едіңіз?

8.

Сіз әдеп нормаларын бұзушылықтарды қандай әдістермен анықтайсыз және оларға қатысты қандай шара қолданасыз? Осындай жағдайлардан бір мысал келтіріңіз (есімдерін атамай және құпиялылықты сақтап)

9.

Әрдайым 100% шетке тартпаушылықты сақтап, әділ, риясыз бола аласыз ба? Қарамағыңыздағы қызметкерлер Сіз жайлы не айтар еді?

10.

Сіздің бөлімшедегі қызметкерлер жан тәнімен беріліп жұмыс жасауға талпынады ма? Сіз мұны немен түсіндірер едіңіз?

11.

Сіз өз бөлімшеңіздің жұмысындағы ашықтық, объективтілік және әділдікке бағытталған жұмыс тәжірибесіне әдеп нормалары мен құндылықтарын қандай құралдармен және әдістермен енгізесіз?

12.

Сіздің қарамағыңыздағы қызметшілер әрдайым ашықтық, объективтілік және әділдік қағидаттарының сақталуын 100% қамтамасыз ете алады ма?

13.

Сіздің жұмысыңызда қабылданған стандарттар мен нормаларды сақтаудан бұлтарған, тыйым немесе шектеуді бұзған қызметкерлер болды ма? Түсінік беріп өтсеңіз.

14.

Сіз қабылданған стандарттар мен нормалардың, тыйымдар мен шектеулердің сақталуын қандай әдістермен бақылайсыз? Осындай жағдайлардан бір мысал келтіріңіз (есімдерін атамай және құпиялылықты сақтап)

15.

Сізде ұжымның мүдделерін өз мүдделеріңізден жоғары қоятын жағдайлар жиі болады ма? Жақында болған жағдайдан мысал келтіріңіз.

 «ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫНЫ ХАБАРЛАНДЫРУ» құзыреті

1.

Сіз ұжымға көрсетілетін қызметтер туралы тұтынушыларды хабарландыру қажеттілігі туралы қаншалықты жиі түсіндіресіз?

2.

Қармағыңыздағы қызметкерлер қызметтерді алушыларға өзекті ақпаратты үнемі хабарлап отыруы үшін қызметкерлермен арнайы жұмыс жасайтын кездер болады ма?

3.

Қызметті тұтынушылардың хабардар болу үдерісін ұйымдастыру жұмысы қашан және неден басталады? Негізгі кезеңдері мен нәтижелерін атаңыз. Бұл жұмысты ұйымдастырудағы сіздің рөліңіз қандай?

4.

Сіз көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты берудің қандай мерзімін қолайлы деп санайсыз? Бұл тұтынушылардың күткендеріне қаншалықты сәйкес келеді?

5.

Тұтынушыларды хабарландырудың тиімді жүйесінің құрамдас бөліктерін атаңыз. Сіз қандай аталған критерийлер бойынша оң баға берер едіңіз, ал қандай өлшемдер бойынша тағы жұмыс жасау қажет?

6.

Сіз көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты алудың және берудің қандай құралдарын пайдаланасыз? Бұл құралдар қаншалықты жүйелендірілген?

7.

Сіз қызметті алушыларды хабарландырудың қандай тәсілдерін барынша тиімді деп санайсыз? Сіздің қарамағыңыздағы қызметкерлер аталған тәсілдердің қайсысын және қаншалықты жиі пайдаланатынын пайызбен бөліп көрсетіңіз.

8.

Қарамағыңыздағы қызметкерлер қызметті алушыларға ақпаратты түсінікті етіп жеткізуі үшін арнайы жұмыс жасайтын кездер болады ма?

9.

Неліктен кейбір адамдар ақпаратты жылдам қабылдап, ал кейбір адамдар бірден қабылдамайды?

10.

Қызметті тұтынушыларға қатысты кішіпейілділікті сақтау үшін қаншалықты жиі күш салуға тура келеді?

11.

Сіз тұтынушыларға қызметтерді көрсетудің сапасы мен жылдамдығына қаншалықты көңіліңіз толады? Ал бұл сұраққа тұтынушының өзі қалай жауап береді деп ойлайсыз?

12.

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне көңілі толатын тұтынушылар мен көңілі толмайтын тұтынушылардың арасындағы ара-қатынас қандай? Көңілі толмайтын тұтынушылар қандай дәлелдер келтіреді? Сіздің пікіріңіз қандай?

13.

Қызметті алушылар ақпаратты қалай алады? Бұл үдерістегі Сіздің рөліңіз қандай?

14.

Қызметті тұтынушылардың түрлі санаттарын хабарландыру кезіндегі тәсілдердің айырмашылығы қандай болу керектігіне мысалдар келтіріңіз .

15.

Өз жұмысыңызда жоғары талап қоятын қызметті тұтынушылар кездескен жағдайға мысал келтіріңіз .

«БАСТАМАШЫЛДЫҚ» құзыреті

1.

Алдыңғы тоқсанда Сіз қанша жаңашыл ұсыныстарды қарадыңыз немесе әзірледіңіз? Олардың біреуінің құндылықты бөлігін сипаттап беріңіз .

2.

Біз Сізге жаңа бағытты дамытуды немесе бұрыннан бар бағытты алып жүруді бірдей шарттармен ұсындық дерлік. Сіз қайсысын таңдар едіңіз?

3.

Қандай жағдайларда / құрылымдық бөлімшенің негізгі функциясы / технологиясын әрі қарай дамытудың және жетілдірудің қажеттігі жоқ деп айтуға болады?

4.

Сіздің қарамағыңызда өзінің лауазымынан біршама «өскен» қызметкер жұмыс жасайды. Алайда түрлі объективтік себептерге байланысты қызмет бабымен жоғарылауына мүмкіндік жоқ. Осындай қызметкерді қосымша ынталандырудың жолдарын табыңыз.

5.

Сіз жаңа лауазымға ауыстыңыз. Онда жұмыс жүйесі қалыптасқан, бірақ Сіз біршама күш-жігерді талап ететініне және бәлкім, барлығына ұнамауына қарамастан бұл жұмыс жүйесін жақсартуға болатынын көрдіңіз. Сіз қандай әрекеттер жасар едіңіз?

6.

Бастама көтерудің үш артықшылығы мен үш кемшілігін атаңыз .

7.

Бүгін Сіз біздің кеңсені аралап шықтыңыз. Қайсысы тиімді екенін және өзіңіздің жұмыс орныңызда нені пайдалануға болатынын бағалаңыз. Сіздің ұсыныстарыңыз.

8.

Неліктен кейбір адамдар жаңаны меңгеруді ұнатады, ал басқалары оны қаламайды?

9.

Неліктен кейбір адамдар қайта өңдеуге дайын, ал басқалары оған дайын емес?

10.

Сіздің қызметкеріңіздің ықыласы төмендегені анық. Сіз онымен сөйлескеннен кейін ол өзінің жұмысын тамаша меңгергендіктен және оған қызығушылығы төмендегендіктен зеріге бастағанын түсінесіз. Бұл жағдайдан шығудың барынша көп нұсқаларын беріңіз.

11.

Сіз бүгін біздің кеңсені аралап шықтыңыз. Сізге не ұнамағанын және оны қалай жақсартуға болатынын бағалаңыз. Сіздің ұсыныстарыңыз.

12.

Мемлекеттік қызметте «табысты мансап» дегеніміз не?

13.

Адам неғұрлым жас болса, оған соғұрлым жаңаны меңгерген ұнайды. Сіз осы пайымдаумен келісесіз бе?

14.

Сіз жаңа лауазымға ауыстыңыз. Онда жұмыс жүйесі қалыптасқан, бірақ Сіз біршама күш-жігерді талап ететініне және бәлкім, барлығына ұнамауына қарамастан бұл жұмыс жүйесін жақсартуға болатынын көрдіңіз. Сіз қандай әрекеттер жасар едіңіз?

15.

Неліктен кейбіреулерді хатшы орнында болмаған кезде қоңырауға жауап беру қажеттілігі алаңдатады, ал басқаларын алаңдатпайды?

« ЖАУАПКЕРШІЛІК » құзыреті

1.

Жұмыста Сізді ең көп қанағаттандыратын не ?

2.

Сіздің жұмысыңызда қателіктер, қол жеткізілмеген нәтижелер орын алды ма? Бұл жағдайлар не себептен туындады?

3.

Сіздің құрылымдық бөлімшенің жұмысында қателіктер, қол жеткізілмеген нәтижелер орын алды ма? Кімнің кінәсінен? Бұл жағдайлар не себептен туындады?

4.

Өзіңіздің жауапкершілік аймағыңыздағы елеулі жетістігіңізді сипаттап беріңіз.

5.

Қызметкер біліктілігінің деңгейі бойынша өз бетінше орындай алатын жұмыстың тактикасы туралы басшыдан жүйелі түрде қайта сұрай береді. Жақсы басшының іс-әрекеті қандай болуы керек?

6.

Өзіңіздің соңғы жылдағы елеулі жетістігіңізді сипаттап беріңіз.

7.

Жұмыста Сізді ең көп қанағаттандыратын не ?

8.

Мынандай жағдайды елестетіңіз: Сіздің қарамағыңыздағы ең үздік қызметкерлеріңіздің бірі өз жұмысының нәтижелілігін төмендетеді, көп қателіктер пайда болады. Сіздің іс-әрекетіңіз?

9.

Неге біреу өз жұмысында /осы қызметкердің лауазымы/ табысты, ал басқалары жоқ?

10.

Сізді жұмыста ең көп қанағаттандыратын не? Оған мысал келтіріңіз.

11.

Сіздің жұмысыңызда сәтсіздіктер, қателіктер болды ма? Олар немен байланысты болды?

12.

Басқа бөлімшенің мәртебесі бойынша сізге тең келетін қызметкері Сізді жиі ұятқа қалдырады (мысалы ақпаратты уақтылы бермейді немесе сіз қалағандай ақпаратты бермейді). Сіздің іс-әрекетіңіз?

13.

Маңызды тапсырманы орындау бойынша жауапкершіліктің сәтті жүктелуіне мысал келтіріңіз.

14.

Маңызды тапсырманы орындау бойынша жауапкершіліктің сәтсіз жүктелуіне мысал келтіріңіз.

15.

Сіздің ойыңызша тапсырманың орындалмауына кім жауапты болып табылады – қарамағындағы қызметкер немесе оның басшысы?

 « СТРЕССКЕ ОРНЫҚТЫЛЫҚ » құзыреті

1.

Неге кейбір адамдар стресске жылдам бейімделіп, ал басқалары сасқалақтайды?

2.

Сіздің көпшіліктің алдында сөз сөйлеген кезіңіз болды ма? Өз әріптестеріңізден қандай кері байланыс алдыңыз? Оны Сіз қалай қабылдадыңыз?

3.

Командада әрдайым әріптестерінен көмек пен түсіндіріп беруді сұрайтын адам жұмыс жасайды. Бұл жағдайдың жақсы және жаман жақтары қандай?

4.

Сіздің әріптестеріңіздің бірі Сіз талап ететін деңгейге жиі «жете бермейді». Бұл жағдайдағы Сіздің іс-әрекетіңіз.

5.

Мәжілісте қатысушылардың басым бөлігінің Сіз дұрыс емес деп санайтын пікірді қолдайтыны анық. Мәжілістің қатысушылары өкілеттілік деңгейі бойынша Сізбен тең немесе жоғары. Сіздің іс-әрекетіңіз?

6.

Сіз жақсы кәсіби мамансыз ба? Неліктен осылай санайсыз?

7.

Не себептен Сіздің қарамағыңыздағылар мен әріптестеріңіз стресс сезінеді?

8.

Сіздің қарамағыңыздағылардың бірі ортақ табыс пен сіңірген еңбекті өзіне жазуға тырысып жиі «көрпені өзіне тартады». Осы жағдайдағы Сіздің іс-әрекетіңіз.

9.

Сіз жаңадан келген қызметкерлердің бейімделуі ұзақ уақытқа созылғанын түсінесіз, және жаңадан келгендер өздерін жайсыз сезінетіні анық. Сіздің іс-әрекетіңіз?

10.

Сіз өзіңіздің әріптестеріңіз және қарамағыңыздағылар үшін беделді болып табыласыз ба? Неліктен осылай санайсыз?

11.

Не себептен адамдар стресс сезінеді?

12.

Сіздің маңызды кездесуіңіз бар. Кездесудің басталуына 10 минут қалған кезде кездесу өтетін ғимараттың кіреберісі жанында Сізге жаныңыздан өтіп бара жатқан көлік қатты су шашып кетті. Сіздің іс-әрекетіңіз?

 « ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ » құзыреті

1.

Сіз өз қызметкерлеріңізді мемлекеттік органдар және ұйымдармен тиімді өзара іс-қимыл жасасуға қалай бағыттайтыныңызды сипаттап беріңіз?

2.

С іздің ведомство мен басқа да мемлекеттік органдар және мемлекеттік ұйымдар арасындағы байланысты нығайту бойынша қандай жүйелі шаралар қабылданады, оған мысал келтіріңіз? Олардың қайсысы жалпы, қайсысы жеке және ұйымның қызмет ерекшелігіне байланысты?

3.

Неге кейбір қызметкерлер тиімді қарым-қатынас жасап, оны әрі қарай жалғастырады, ал басқалары жасай алмайтынын түсіндіріңіз?

4.

Сіздің мемлекеттік органдағы жұмыс үшін айтарлықтай әлеуетке ие жұмысшыларды сипаттап беріңіз. Сіз оны қалай анықтадыңыз?

5.

Жоспарларды іске асыру және ортақ нәтижелерге қол жеткізу бойынша басқа бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау қалай орнатылған, оған мысал келтіріңіз? Сіздің рөліңіз қандай?

6.

Сіздің құрылымдық бөлімшеде жұмыстың қандай алқалы форматтары ең тиімді екенін айтып беріңіз? Бұл форматтар қаншалықты заманауи?

7.

Сіздің ұжымдағы сенімділік ахуалы қаншалықты маңызды/қажетті екендігін түсіндіріп беріңіз? Бұл немен байланысты?

8.

Сіздің айналаңызда қандай адамдар бар екенін суреттеп беріңіз? Оларды сипаттап беруіңізді өтінемін.

9.

Соңғы жылдың ішінде Сіз бөлімшенің және қоғаммен тиімді жұмысты ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгіздіңіз бе, түсіндіріңіз? Оның мәні неде және Сіздің рөліңіз қандай екенін айтып беріңіз?

10.

Сіздің бөлімше мен қоғам арасындағы байланысты күшейту бойынша қандай жүйелі шаралар қабылданатынына мысал келтіріңіз? Олардың қайсысы ортақ, ал қайсысы жеке?

11.

Әріптестермен тәжірибе және білім алмасуға деген қажеттілік және қызметтік қажеттілік бар ма, түсіндіріңіз? Сіз өз әріптестеріңізбен біліміңіз және тәжірибеңізбен бөлісесіз бе?

12.

Сіздің әріптестеріңізбен білім және тәжірибе алмасуыңыз қалай жүретініне мысал келтіріңіз?

13.

Неге кейбір қызметкерлер тиімді қарым-қатынас жасап, оны әрі қарай жалғастырады, ал басқалары жасай алмайтынын түсіндіріңіз?

14.

Сіз нәтижелерге қол жеткізуде әркімнің қосқан үлесін қалай анықтайсыз? Сіздің қолданатын тәсіліңіз қаншалықты жүйелі және қызметкерлерді үлкен нәтижелерге ынталандырады ма?

15.

Сіз ұжымның жұмысына қосқан өзіңіздің үлесіңізді қалай бағалар едіңіз? Сіз алқалы жұмысқа қаншалықты ашықсыз? Басқа адамдарға уақыт пен энергияны бөлуге дайынсыз ба?

« ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ » құзыреті

 

1.

Сіз бәсекелестік міндеттерінде және тапсырмаларында с тратеги ялық мақсаттарды қалай қалыптастыратыныңызға мысал келтіріңіз.

2.

Сіздің қызметкерлеріңіздің нақты міндеттерінің және Сіздің құрылымдық бөлімшеңіздің с тратеги ялық мақсаттарының қалай байланысты болатынын сипаттап, мысал келтіріңіз.

3.

Қойылған міндеттердің сапалы және уақтылы орындалуына қажетті жағдайларды атаңыз. Сізге оларды құрудың қаншалықты сәті түседі?

4.

Сіз қызметкерлеріңіздің олардың алдына қойылған міндеттердің сапалы және уақтылы орындалуы үшін қандай құралдарды пайдаланатыныңызға мысал келтіріңіз.

5.

Сіз бөлімшеңіздің жұмысын ұйымдыстыратын кезде басымдықтарды қалай санамалап, ретімен қоясыз? Осыған мысал келтіріңіз. Сіз осы орайда нені басшылыққа аласыз?

6.

С тратеги яға , уақытша шеңберге және бюджет ке сәйкес нәтижеге қол жеткізуде табысты болудың үш құрамдас бөлігін атаңыз.

7.

Бөлімшеңіздің жұмысын жоспарлауға және қызметін қамтамасыз етуге қажетті ақпаратты жинақтау және оған талдау жасау жұмысы қалай ұйымдастырылғанына мысал келтіріңіз. Осы жұмыс қаншалықты жүйелі?

8.

Басшылықты бөлімшеңіздің жұмысын жоспарлауға және қызметін қамтамасыз етуге қажетті ақпаратпен қандай түрде және жиі қамтамасыз етесіз бе? Осыған мысал келтіріңіз.

9.

Өзіңізге сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын Сіз қалай жоспарлайсыз және ұйымдастырасыз? Осыны сипаттап беріңізші. Сіздің тәсіліңіз қаншалықты тиімді?

10.

Жетістікке жетуге қызметкер ретінде Сіздің жеке өзіңіз қандай тәсілмен жәрдемдесесіз немесе ұжымыңыз қандай тәсілмен жәрдемдеседі ? Осыған мысал келтіріңіз.

11.

Қызметкерлеріңіздің олардың алдына қойылған міндеттерді орындау бойынша қызметін бақылау жұмысының қалай құрылғанына мысал келтіріңіз. Осындай жұмыстың барлық құрамдас бөлігін сипаттаңыз.

12.

Сіздің бақылау жүйеңіз қаншалықты объективті және нақты картин аны қаншалықты бейнелейтінін сипаттаңыз. Сіз жоспардан тыс бақылау жасайсыз ба?

13.

Нәтижеге қол жеткізбеген жағдайға мысал келтіріңіз. Оның себебі (келісілген стратегия, уақытша шеңберлер, бюджет) неде? Осыған түсінік беріңізші.

14.

Уақытша шеңберлер, бюджет арқылы табысқа қол жеткізудің үш құрамдас бөлігін атаңыз.

15.

Сіз міндеттерді орындауда басымдықтарды қалай санамалап, ретімен қоясыз? Осыған мысал келтіріңіз.

« ЖЕДЕЛДІК » құзыреті

  •  

Сіздің жұмыста басымдықтардың қалай жиі өзгеретінін айтыңызшы. Олар Сіздің жұмыста неге байланысты жиі өзгереді? Сіздің ойыңызша, осы өзгерістер қаншалықты қисынды?

  •  

Ұжымды хабардар ету жұмысының қалай құрылғанын сипаттаңыз. Қызметшілер жаңа міндеттер/басымдықтар туралы қалай тез біледі және осы ақпарат қаншалықты уақтылы берілген?

  •  

Ұйымдастыру деңгейінде уақтылы қабылданған қажетті іс-қимылдардың/шаралардың сыртқы ортаны өзгертуге игі ықпал еткеніне мысал келтіріңіз.

  •  

Болып жатқан өзгерістерге талдау жасау және өзгерістерге уақтылы мән беру жұмысы қалай құрылған? Осы жұмыстағы Сіздің рөліңіз қандай?

  •  

Тұрақты өзгерістер жағдайында құрылымдық бөлімшенің басшысы ретінде Сізге нәтижеге қол жеткізудің сәті түсе ме, қандай мәселелер бойынша сәті түспейді?

  •  

Сыртқы өзгерістер жағдайында бөлімшені тиімді басқару үшін басшыға қажет болатын қандай ғажап қасиеттер бар?

  •  

Сіз соңғы тоқсанда жұмысты жақсарту бойынша басшылыққа ұсыныстар енгіздіңіз бе? Айтыңызшы, оның мәні қандай және Сіздің рөліңіз қандай?

  •  

Сіздің ойыңызша, бизнес- үдерістерді жақсартқан дұрыс па әлде қолданыстағы рәсімдер мен жұмыс әдістерін ұстанған дұрыс па?

  •  

Сіз соңғы тоқсанда Өзіңіздің кәсіби салаңызда жаңа тәсілдер мен әдістерді білдіңіз?

  •  

Не себептен кейбір адамдар өзгеріп отырған жағдайларда төзімділік танытады және өздерін өздері бақылап отырады, ал өзге адамдар өзгеріп отырған жағдайларда төзімділік таныта алмайды және өздерін өздері бақылап отыра алмайды?

  •  

Адамдар тапсырманың орындалуының мерзімінде күтпеген өзгерістерге қалай мән береді? Ал Сіз қалай мән бересіз?

  •  

Тез өзгеріп отырған ортада С і з ге өзіңізге өзіңіз бақылау жасаудың қаншалықты сәті түседі?

  •  

Не себептен кейбір адамдар жаңа жағдайларға тез бейімделеді, ал басқалары дәрменсіздік танытады?

  •  

Сіздің жауапкершілік аймағыңыздағы (жұмысыңыздағы) жағдайлар қаншалықты тез өзгереді?

  •  

Сіздің әріптестеріңіздің құжаттарды әзірлеу сапасына қойылатын талаптардың күтпеген өзгерістеріне әдетте қалай мән беретінін сипаттаңыз? Сіз қалай мән бересіз?