Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Заңнама базасы ЗАҢНАМА БАЗАСЫ



Қазақстан Республикасының Конституциясы


Қазақстан Республикасының Конституциясы Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз. I бөлім ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап 1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. 2. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Ескерту. 1-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2001.12.21. N 18/2 қаулысымен. 2-бап 1. Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. 2. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi. 3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады. 4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәнi барабар. Ескерту. 2-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003.04.23. N 4 қаулысымен, өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.21. N 254 Заңымен. 3-бап 1. Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық. 2. Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi. 3. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар. Республика Үкiметi мен өзге де мемлекеттiк органдар мемлекет атынан оларға берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ғана билiк жүргiзедi. 4. Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады. Ескерту. 3-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2001.04.12. N 1/2 қаулысымен. 4-бап 1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады. 2. Конституцияның ең жоғары заңды күшi бар және Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады. 3. Республика бекiткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады. 4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау оларды қолданудың мiндеттi шарты болып табылады. Ескерту. 4-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000.10.11. N 18/2 қаулысымен. 5-бап 1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. Мемлекеттiк органдарда партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. 2. Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғамдық бiрлестiктер iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейдi. 3. Мақсаты немесе iс-әрекетi Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бiрлестiктер құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрiлген құрамалар құруға тыйым салынады. 4. Республикада басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының қызметіне, дiни негiздегi партияларға, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарды шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi. 5. Шетелдiк дiни бiрлестiктердiң Республика аумағындағы қызметi, сондай-ақ шетелдiк дiни орталықтардың Республикадағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиiстi мемлекеттiк органдарымен келiсу арқылы жүзеге асырылады. Ескерту. 5-баптың 4-тармағына түсініктеме берілді - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000.06.07. N 4/2 қаулысымен, өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.21. N 254 Заңымен. 6-бап 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. 2. Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгіне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi. 3. Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн. Ескерту. 6-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1999.11.03. N 19/2, 6-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000.04.13. N 2/2, 2003.04.23. N 4, 6-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2001.04.12. N 1/2 қаулыларымен. 7-бап 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi. 2. Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. 3. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. 8-бап Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптерi мен нормаларын құрметтейдi, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршiлiк қарым-қатынас жасау, олардың теңдiгi мен бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау, халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу саясатын жүргiзедi, қарулы күштi бiрiншi болып қолданудан бас тартады. Ескерту. 8-бапқа түсініктеме берілді - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2001.04.12. N 1/2 қаулысымен. 9-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi. Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.21. N 254 Заңымен. II бөлім АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ 10-бап 1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады. 2. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. 3. Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды. Ескерту. 10-бапқа түсініктеме берілді - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003.12.01. N 12 қаулысымен. 11-бап 1. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды. 2. Республика өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi. 12-бап 1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. 2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. 3. Республиканың азаматы өзiнiң азаматтығына орай құқықтарға ие болып, мiндеттер атқарады. 4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады. 5. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiрмеуге тиiс. Ескерту. 12-бапқа түсініктеме берілді - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003.12.01. N 12, 2007.04.18. N 4 Қаулыларымен.
1 2 3 4 5 6 7 8