Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Заңнама базасы ЗАҢНАМА БАЗАСЫ



Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы


Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №590 заңы Осы заң қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы азаматтарының өз еркімен қатысуына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 1-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының заңдары. 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 3. Осы заңның күші жедел-іздестіру қызметіне байланысты туындайтын, Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттелетін құқықтық қатынастарға қолданылмайды. 2-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы. 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың ішкі істер органдарына ерікті түрде жәрдемдесуі арқылы жүзеге асырылады. 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар өз қызметін заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мен сақтау принциптері негізінде жүзеге асырады. 3-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы оргадардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу мәселері жөніндегі құзіреті. 1. Жергілікті өкілді органдар: 1. тиісті әкімдіктер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде ішкі істер органдарына жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеуге қаражат бөлуге қатысты әзірлеген бюджеттік бағдарламаларды қарайды және бекітеді; 2. тиісті әкімдіктердің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияларының қызметін бақылайды. 2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары: 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тіркейді және олардың дербес есебін жүргізеді; 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қалалардағы қалалық) комиссияларды құрады; 3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындайды. 3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары: 1) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың өңірлік есебін жүргізеді; 2) Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияларын құрады. 3) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындайды. 4-бап. Ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың қатысу мәселелері жөніндегі құзіреті. Ішкі істер органдары: 1) бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібін, нысандары мен түрлерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындайды; 2) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар куәлігінің үлгісін және эмлемасының нышанын әзірлейді және бекітеді; 3) жергілікті атқарушы органдармен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар қызметінің мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды; 4) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді; 5) полицияның учаскелік пункттері базасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды құқықтық даярлауды ұйымдастырады; 5-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тіркеу тәртібі. 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуға ниет білдірген азамат ішкі істер органына өтініш береді, оған Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің не паспортының көшірмесін қоса береді. Азамат көрсетілген құжаттарға өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлігінің көшірмесін қоса беруге құқылы. Ішкі істер органы өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде азаматты наркологиялық, психоневрологиялық және өзге де есепке алу бойынша тексереді, одан кейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті қолдаухат беріп, оған ұсынылған құжаттардың көшірмелерін қоса тіркейді, не қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша түрде бас тартады. 2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы келіп түскен қолдаухатты жеті жұмыс күн ішінде қарайды, азаматты тіркеуді жүргізеді және оны қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың есебіне қояды, бұл туралы ішкі істер органын жазбаша түрде хабардар етеді. 1. Кәмелетке толмаған азаматтардың және өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған, сондай-ақ наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын не соттың шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуына жол берілмейді. 2. Өтінішті қабылдамай тастау бас тартуға негіз болған себептер жойылған жағдайда өтініш берушінің қайта өтініш жасауына кедергі болмайды. 3. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтың қатысуын тоқтатуға негіз болатын жағдайлар мыналар: Азаматтың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге одан әрі қатысуға ниетінің жоқтығы туралы өтініші; Қылмыстық жауапқа тартылуы; Бірнеше рет (бір жыл ішінде екі және одан да көп рет) қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасауы; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуі; Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге одан әрі қатысуын болдырмайтын мән-жайлардың туындауы (психикасының бұзылуы, маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыру не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес айналасындағы адамдар үшін қауіп төндіретін ауру, не өлім) 7. Осы баптың 6-тармағында аталған мән-жайлар туындаған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы тиісті ішкі істер органының ұсынымы бойынша бұл азаматты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар есебінен шығарады. 6-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамсыз етуге қатысатын азаматтардың қызметін шектеу. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға: 1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың айрықша құзіретіне жатқызылған іс жүргізу қызметі мен өзге де қызметті жүзеге асыруға; 2) Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өкілеттігін иеленіп алуға; 3) Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі жасауға; 4) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысу кезінде куәгер болуға; 5) Адам мен азаматтық ар-ожданы мен қадір-қасиетін қорлайтын не азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектейтін іс-әрекеттер жасауға; 6) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысу кезінде осы Заңның 7-бабының 3 тармақшасында аталған құралдарды қоспағанда, құқық қорғау органдары қаруланатын арнаулы құралдарды пайдалануға тиым салынады. 7-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамсыз етуге қатысатын азаматтардың құқықтары мен міндеттері 1 Қоғамдық тәртіпті қамтамсыз етуге қатысатын азаматтардың: 1) бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларда ішкі істер органдарына жәрдемдесуге; 2) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын-алуға және жолын кесуге; 3) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында; егер аталған мақсаттарға өзге тәсілдермен қол жеткізу мүмкін болмаса, дене күшін және басқа құралдарды қолдануға құқығы бар. Бұл орайда ол үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмеуге тиіс. Әйелдерге, мүгедектік белгілері айқын адамдарға, жасы белгілі немесе анық көрініп тұрған кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қаруланып не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, дене күшін және басқа құралдарды қолдануға тиым салынады; 4) заңдарда көзделген жағдайларда қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстауға және құқық қорғау немесе өзге мемлекеттік билік органдарына алып келуге құқығы бар. Қажет болған жағдайда, ұсталған адамды қару немесе өзге де қауіпті заттар не қылмыстық іс үшін мәнді нәрселер бар деп ұйғаруға негіздер болған кезде, ұсталған адамның киімін тексеруге және аталған органдарға тапсыру үшін оларды алып қоюға; 1) Құқыққа қарсы қол сұғушылықтан, жол-көлік оқиғаларынан, дүлей зілзалалардан және өзге төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға медициналық және өзге де көмек көрсетуге қатысуға; 2) Құқық бұзушылық, маскүнемдік, нашақорлық және уытқұмарлық профилактикасы жөнінде түсіндіру және құқықтық жұмысты жүзеге асыруға; 3) Азаматтардан қоғамдық тәртіпті сақтауды талап етуге құқығы бар; 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар: 1) Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға; 2) Ішкі істер органдарын өздеріне мәлім болған дайындалып жатқан не жасалған қылмыс фактілері туралы дереу хабардар етуге; 3) Заңдарда көзделген жағдайларда азаматтардың талап етуі бойынша өзінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуының заңдылығын растайтын куәлігін көрсетуге; 1) Қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған азаматтарға мәжбүрлеу шараларын оларға қолданудың негіздерін түсіндіруге; 2) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысуы алдында құқықтық дайындықтан өтуге міндетті. 8-бап. Көтермелеу шаралары. 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары мыналар: 1) Алғыс жариялау; 2) Грамотамен марапаттау; 3) Ақшалай сыйлықақы беру; 4) Жергілікті өкілді және атқарушы органдар өз құзіреті шегінде айқындайтын өзге де шаралар. 5) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін тиісті жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылатын комиссия ішкі істер органының ұсынымы бойынша қарайды. 6) Комиссияның құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ азаматты көтермелеуге ұсынған ішкі істер органының өкілдері енгізіледі. Комиссия жергілікті атқарушы органдарда тіркелмеген азаматтарды да; егер олар қылмыстардың алдын-алуға, жолын кесуге немесе оларды ашуға септігін тигізсе, осы заңда белгіленген тәртіппен көтермелеуге құқылы. 9-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасыны заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауапты болады.