Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.02.2018
«Денсаулық-2018» атты спартакиада өтті

2018 жылдың 1 ақпаны күні, партияның «Жастар – Отанға!» атты жобасы аясында, Әуезов ауданында орналасқан НарХоз Университетінің Экономикалық колледжінде, университеттің 55 жылдығына орай, «Денсаулық-2018» атты спартакиада өтті. 

Жарыс футбол, волейбол, баскетбол, шахмат, «арқан тарту», үстел теннисі, жүзу, дартс, гир көтеру сияқты спорт түрлерінен, студенттер арасында екі апта бойы өткізілді. «Денсаулық-2018» спартакиадасына университеттің 6 командасынан, 400-ге жуық адам қатысты. 

Аталған спорт түрлерінен сынға түскен Университеттің командалары ойын кезінде жеңіске деген ұмтылыс пен жігерлік таныту арқылы жоғарғы дәрежеде тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде, «Денсаулық-2018» спартакиадасында жалпы командалық есеп қорытындысы бойынша НарХоз университетінің Экономикалық колледжі оқушыларынан құралған құрама команда жарыстың жүлделі орынын ие болып, университет атынан кубок пен мақтау қағаздарын алды.

01.02.2018