Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.03.2018
Жаңа мүшелерді қабылдауға арналған салттанатты шара

2018 жылдың 1 наурызы күні «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдауға арналған салттанатты шара өткізді. 


Партия қатарына елімізде кеңінен танымал азаматтар, саясат, қоғам қайраткерлері мен мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ қарапайым қазақстандықтар да кірді. Партия қатарына өткен мүшелердің барлығына жаңа үлгідегі партия билеттері тапсырылды. «Нұр Отан» партиясының жаңа үлгідегі билеттері ортақ электронды базаға енгізіледі. Бұл шара партия мүшелері туралы ақпаратты электронды түрде қадағалап, олар тұрғылықты мекен-жайларын ауыстырған кезде партия билеттерін қайта ауыстыру үрдісін тоқтатуға жағдай жасайды. Партия мүшелері саны мен олар туралы ақпараттарды жеңіл әрі шапшаң жүргізуге мүмкіндік береді. 

Мұрат Омаров партияның жаңа мүшелерін партия қатарына өткендіктерімен құттықтап, олардың партияға сенім артқандықтарына алғысын білдірді. Сондай-ақ, оларды бар партияның алға қойған мақсаттарының орындалуына барлық күш-жігерлерімен ат салысуын сұрады.

01.03.2018