Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.04.2016
КВН ойындарынан байқау өтті

2016 жылдың 1 сәуірі күні, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалыyың және «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен, партияның «Жастар Отанға» жобасы аясында, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде «Жайдарман» КВН ойындарынан байқау өтті. 

Байқауға қатысушыларды «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының саяси кеңес мүшесі Нұрдәулет Жабықпаев қарсы алып, оларға сәттілік тілеп, жастарды жалынды сөздерімен жігерлендіріп қойды. 

«Жайдарман» ойыны 3 кезеңнен құралып, 5 топ қатысты. Атап айтқанда, аталған колледждің оқушыларынан құралған «Жас Қазақ», «Біз ауылданбыз», «Техник құрамасы», «Амал жоқ» және «Жас бағдарламашы құрамасы» жайдарман топтары бақ сынасты. Үш кезеңнің нәтижесі бойынша ойынның жеңімпазы болып «Біз ауылданбыз» жайдарман тобы танылды, ал сәйкесінше І, ІІ, ІІІ жүлделі орындарды «Жас Қазақ», «Техник құрамасы», «Амал жоқ» «Жас бағдарламашы құрамасы» жайдарман топтары қанжығаларына байлады. Байқауда жасөспірімдер өз таланттарын ортаға салды. 

«Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы атынан жүлделі орындарға ие болған топтарға сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.

01.04.2016