Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.04.2017
Аудан әкімінің кубогына шахмат турнирі өтті

2017 жылдың 1 сәуірі күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, ауданның құрылғанына 45 жыл толуына орай, Д. Қонаев атындағы колледжінде, аудан әкімінің кубогына, арнайы орта оқу орындарының оқушылары арасында, шахмет турнирі өтті. 


Жарыстың басты мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Үшінші жаңғырту: Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықтарын дамыту және жетілдіру болып табылды. 

Жарысқа қатысушыларды Әуезов ауданы әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Шыңғыс Абзал қарсы алып, ізгі ниетін білдіріп, алдағы ойында сәттілік пен жеңіс тіледі. 

Қатысушылар дене шынықтырудан дайындықтары жоғары екенін көрсете білді. Жарыс қортындысы бойынша бірінші орын Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің қыздары жеңіп алса, екінші орынды Алматы қаласы мемлекеттік политехникалық колледжінің командасы, ал үшінші орынға № 2 Алматы қаласы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің тобы ие болды. Жеңімпаздарға Әуезов ауданы әкімінің кубоктары, мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтары табысталды.

01.04.2017